ЖАҢАЛЫҚТАР

БЖЗҚ-ның Қоғамдық қабылдауы қызметіңізге әзір


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында азаматтарға арналған жұмысы басталды. Сол арқылы кез-келген адам жеке өзі немесе топ болып Қор басшылығына тікелей сұрақ қоя алады.

Ресми сайттың бұл қызметі қосымша кеңес беру алаңы болып табылады. Ол Қор өкілдері мен тұрғындардың өзара тиімді әрекеттестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сұрақ қою үшін «Қоғамдық қабылдауға жазылу» немесе «Жеке қабылдауға жазылу» қызметін таңдап, қысқаша сауалнаманы толтыру қажет. Осы қарапайым әрекеттерді жасаған соң, сауал тиісті бөлімшеге өңдеуге жіберіледі және оған заңнамада көрсетілген мерзім аясында жауап қайтарылады.

Азаматтарды топтық қабылдау бойынша өтінімдер әр айдың 20 жұлдызына дейін жиналады. Өтініштердің тақырыбы бойынша тиісті топтар құрылады және өтініш бергендерге қабылдауды өткізу уақыты мен орны туралы мәліметтер айдың 25 жұлдызына дейін ұсынылады. Азаматтарды жеке қабылдау бойынша жауап өтініштер қабылданған күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде беріледі. Айта кетелік, демалыс және мереке күндері келіп түскен өтініштер келесі күні тіркеледі.

Қоғамдық қабылдауда жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметіне қатысты барлық сұрақтар қарастырылады.

Айта кетелік, Қоғамдық қабылдау аясында тек сауалдарға жауап беріліп қана қоймайды, сонымен қатар азаматтарға ағымдағы зейнетақы заңнамасы түсіндіріледі және орын алған сұрақтар мен мәселелр бойынша консультациялық көмектер көрсетіледі.

БЖЗҚ азаматтардың сұрақтарды өздеріне ыңғайлы әдіспен қоюларына болатындығын еске салады. Бұл ретте азаматтар өз сұрақтарын:
- дербес қызмет көрсету орталығына келу
- байланыс орталығына қоңырау шалу;
- enpf@enpf.kz электрондық поштасына хат жазу;
- Төрайымның Блогы бойынша;
- БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы жолдап, жауап ала алады.

Тізімге оралу