ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША
БЖЗҚ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – БЖЗҚ) мүдделі тараптармен өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету, тұрғындар тарапынан қойылатын сұрақтарды барынша қамту, азаматтық қоғам өкілдерінің (салымшылар мен алушылар) жинақтаушы зейнетақы жүйесі (ЖЗЖ) бойынша пікірлерін зерделеу, жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай ақпарат кеңістігінде жұмыс істеу қағидаларын жан-жақты түсіндіру және осы жүйенің қызметін одан әрі жетілдіруге серпін беру мақсатында Алматы қаласында БЖЗҚ жанында Қоғамдық Кеңестің құрылғандығын хабарлайды.     

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңес – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қатысушыларын біріктіретін тәуелсіз кеңесші орган.

Қоғамдық кеңес сарапшылардың, қоғамдық ұйымдар мүшелерінің, БЖЗҚ-ның салымшылары мен алушыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің ерікті түрде қатысуы негізінде құрылады.    

Қазіргі таңда БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңестің құрамын қалыптастыру бойынша жұмыстар қолға алынды.     

27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өткізген ашық баспасөз мәслихаты барысында жетекші республикалық басылымдар мен ақпараттық агенттіктер журналистерінің кандидатуралары ұсынылды.

Олар: 


1.    Василина Атоянц (tengrinews.kz)
2.    Ксения Бондал (ҚазТАГ)
3.    Данияр Дауталиев («ҚазАқпарат» ХАА),
4.    Ирина Ледовских (Today.kz)
5.    Александра Алёхова (365info.kz)
6.    Анна Видянова («Капитал.kz», ІЖО kapital.kz)
7.    Алексей Байтеев (экономикалық блог авторы)

Бұдан басқа, сарапшылардың пікірлерін зерделеу және оларды БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңеске қатысуға шақыру бойынша жұмыстар қызу жүргізіліп жатыр.   

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңесті құру бойынша жұмыстар және оның алғашқы отырысы туралы қосымша хабарланатын болады.