"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

25.05.2020
Болашақ зейнетақы мен аннуитет бойынша төлем мөлшерін қалай білуге болады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысы Қор сайтындағы ең танымал сервистердің бірі – Болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, өзінің болашақ зейнетақы төлемдерін дербес есептей алады. Ол Қазақстанның көп деңгейлі зейнетақы жүйесі аясындағы мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы сияқты барлық құрамдауыштарын қамтиды.

22.05.2020
«БЖЗҚ» АҚ озық электрондық сервисінің арқасында өз салымшыларына 7 миллионнан аса қызмет көрсетті

2020 жылдың 1 мамырына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметтерінің 90% электрондық форматта орындады. Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай мен карантинге қарамастан БЖЗҚ салымшыларына көрсетілген қызметтердің саны азаймақ түгілі 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда анағұрлым көбірек болды. Мұндай жетістікке электрондық форматта қызмет көрсетудің орнықты жүйесі арқылы қол жеткізілді.

20.05.2020
Жалған ақпаратты теріске шығару

БЖЗҚ тағы да жалған ақпараттың таратылуына тап болды. Электрондық пошта және мессенджерлер арқылы БЖЗҚ-ның жеке тұлғаларға ақшалай өтемақы төлеу туралы шешім қабылдағаны туралы телефонограмма жіберілуде. Өтемақы рубльмен тағайындалыпты-мыс.

20.05.2020
2020 жылдың алғашқы төрт айында БЖЗҚ өз салымшыларына 52,6 миллиард теңге төледі

2020 жылдың 1 мамырына Қор жалпы алғанда 199 381 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда 670 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына жалпы сомасы 52,6 миллиард теңге аударылды, оның ішінде:

19.05.2020
БЖЗҚ зейнетақы жинақтары 11,6 триллион теңгені құрады

Қазақстандағы маңызды қаржы институттарының бірі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы жинақтары 01.05.2019 жылдан 01.05.2020 жылға дейін 1,9 триллион теңгеге немесе 19%-ға ұлғайды. Осылайша зейнетақы жинақтары 11,6 триллион теңгеден асты.

15.05.2020
«БЖЗҚ» АҚ филиалдары ТЖ күшін жойғаннан кейін қалай жұмыс істейді?

11 мамырдан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі күшін жойды және енгізілген шектеулерді кезең-кезеңмен алып тастау басталды. Бұл ретте коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына және Қазақстан қалаларында сақталатын карантинге байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «БЖЗҚ» АҚ бірқатар шектеу шараларын қалдырды және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлімшелері кеңседе жұмыс істеу үшін филиал бөлімшесіндегі штат санының 50% - нан аспайтын мамандарын тарта отырып, құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асыратынын хабарлайды.

29.04.2020
2019 жылы Әзірбайжанның бағалы қағаздарына салынған зейнетақы активтерінің инвестициялары 42,43 млн АҚШ доллары көлеміндегі қорытынды инвестициялық табыспен жабылды

Әзірбайжан Халықаралық Банкінің бағалы қағаздарына салынған зейнетақы активтері инвестициясының тарихын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2019 жылы жалпы БЖЗҚ салымшылары үшін оң нәтижемен аяқтады. Соған қарамастан әлеуметтік желілерде осы тақырыптағы талқылау әлі де жалғасып келеді және көбіне БЖЗҚ салымшыларын жаңылыстыратын қате ақпарат беріледі. Осыған байланысты, сөз болып отырған инвестицияға қатысты толық ақпаратты тағы да назарларыңызға ұсынамыз.

28.04.2020
Жеке зейнетақы шотынан берілетін үзінді көшірменің түрлері туралы

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы бірнеше тәсіл арқылы білуге болатынын естеріңізге салады, атап айтсақ: Электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен немесе БЖЗҚ-ның деректер базасында тіркелген ЖСН мен парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) «Жеке кабинетте». Жүйеде авторланып алғаннан кейін Google Play немесе App Store-дағы БЖЗҚ ұялы қосымшасынан алуға болады.

28.04.2020
«БЖЗҚ» АҚ өз қызметінің 85 пайызын сандық форматта көрсетеді

Әлемде коронавирустық індетінің (COVID-19) таралуына орай қалыптасқан қиын жағдайда адамдар үйде отыр, олардың көшеге шығуға мүмкіндіктері жоқ. Алайда бұл БЖЗҚ салымшыларына Қордың электрондық сервистері арқылы қызметтердің барлық спектрін алуға еш кедергі келтірмейді. 2020 жылдың бірінші сәуіріне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры көрсеткен 4,7 миллион қызметтің 84,5% (3,9 млн.) электрондық форматта орындалды. 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда өсім 6,8 % құрады. Көріп отырғанымыздай, біздің салымшылар ақпарат берудің дәл осы тәсілінің тиімді екеніне күн сайын көз жеткізуде.

27.04.2020
«БЖЗҚ» АҚ бөлімшелерінің жұмыс кестесі 2020 жылдың 27 сәуірінен бастап өзгереді

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жекелеген қызмет түрлерін қайта жаңғырту туралы шешімін басшылыққа алып, 2020 жылдың 27 сәуірінен бастап төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы филиалдарда жаңартылған қызмет көрсету режиміне көшу жүзеге асырылды.

27.04.2020
2020 жылдың бірінші тоқсанында БЖЗҚ өз салымшыларына 45 миллиард теңгеден аса сома төледі

2020 жылдың 1 сәуіріне Қор жалпы алғанда 195 384 алушыға төлем жасады. Жалпы сомасы 45 миллиард теңге болатын 480 мыңнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде: - зейнеткерлік жасқа толуы бойынша төлемдер – 16,7 млрд теңге; - ТТЖ-ға кетумен байланысты төлемдер – 11,6 млрд тенге; - сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 8,4 млрд теңге; - мұрагерлік бойынша төлемдер – 7,1 млрд теңге; - жерлеуге берілген төлемдер – 780 млн теңге;

24.04.2020
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары жыл басынан бері 879 миллиард теңгеге ұлғайды

Қазақстанның ең маңызды қаржы институттарының бірі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың бірінші тоқсанында 879 миллиард теңгеге ұлғайды. Осылайша азаматтарымыздың зейнетақы жинақтары 11,7 триллион теңгеден асып, 2020 жылдың басынан бергі өсім 8% құрады. Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты және соңғы 12 айда 21% - ға ұлғайып, 11,4 трлн теңге болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 272,3 млрд теңгені құрап (өсім 30%), ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден асты (өсім 10%).

22.04.2020
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша

2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері жыл басынан бері 881 млрд. теңгеге артып, 11 679,12 млрд.теңгеге жетті. БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырған 2013 жылдың қыркүйегінен[1] бастап осы күнге дейінгі кезеңде азаматтардың зейнетақы жинақтары құрылымындағы инвестициялық кіріс шамамен 30% немесе 3,9 трлн теңгені құрады.

15.04.2020
Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына 661,7 млрд аса теңге аударылды

БЖЗҚ салымшыларының шоттарында жинақталған зейнетақы активтері 2020 жылдың 1 сәуіріне 11,7 трлн теңгеден асты. Бұл ретте БЖЗҚ активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарып келе жатқан 2013 жылдың қыркүйек айынан[1] бергі уақыт ішінде азаматтардың зейнетақы жинақтары құрылымындағы есептелген инвестициялық кіріс оның 30% - дан астамын (немесе 3,9 трлн теңге) құрады.

15.04.2020
«БЖЗҚ» АҚ бөлімшелерінің жұмыс кестесіндегі өзгеріс

Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, "БЖЗҚ" АҚ енгізілген шектеу шараларына түсіністікпен қарауды өтінеді және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қордың барлық бөлімшелері жаңартылған қызмет көрсету режиміне көшетінін хабарлайды:

09.04.2020
БЖЗҚ-дан берілетін ең төменгі ай сайынғы төлем мен біржолғы төлем мөлшері ұлғайтылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында және ҚР «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ең төменгі зейнетақы (ТЗ) мөлшерін 38 636 теңгеден 40 441 теңгеге дейін, ең төменгі күнкөріс (ТК) шамасын 31 183 теңгеден 32 668 теңгеге дейін ұлғайту көзделген өзгерістер мен толықтырулар негізінде БЖЗҚ-дан берілетін мына төлемдер мөлшері арттырылды:

08.04.2020
42500 теңге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді

Мессенджерлерде таралған 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемдер азаматтарға олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жеке зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылады деген ақпарат шындыққа сәйкеспейді! Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айрылған азаматтарға ең төменгі еңбекақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жүзеге асырылады.

07.04.2020
Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге қалай өзгерістер енгізуге болады?

Тұтынушылар арасында онлайн-қызметтерді алу танымалдығы артып келеді. Бұл өте ыңғайлы және ел үкіметі коронавирусқа қарсы күрес аясында қабылдаған карантиндік шараларға байланысты ерекше өзекті болып отыр. БЖЗҚ-да салымшыларға (алушыларға) электрондық форматта, яғни кеңселерге бару қажеттілігінсіз қызмет көрсетудің енгізілгеніне де бірнеше жыл болып қалды және бұл бастама сәттілікпен жалғасын табуда. Айта кету керек, 2018 жылы «

07.04.2020
Шағын және орта бизнес салықтар мен әлеуметтік төлемдерден 2020 жылғы 1 қазанға дейін босатылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайға байланысты 31 наурызда халыққа арнаған бейнеүндеуі барысында қауіпті вируспен күреске бағытталған шектеу шараларынан болатын салдарларды жұмсартатын бірқатар экономикалық және әлеуметтік іс-шараларды атап өтті. Экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында шағын және орта бизнес (ШОБ) кәсіпорындарын қолдауға бағытталған шаралардың бірі ретінде еңбекақы төлеу қорынан 6 айға (2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейін) салық және басқа да төлемдерді есептеу мен төлеудің күшін жою көзделген.

27.03.2020
БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы 500 мың теңгеден асты

2020 жылдың 1 наурызына жалпы сомасы 32,1 миллиард теңгені құрайтын 308 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде: - зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер - 12,2 млрд теңге; - ТТЖ кетуге байланысты - 8,4 млрд теңге; - сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 5,4 млрд теңге; - мұрагерлік бойынша төлемдер - 5,2 млрд теңге; - жерлеуге төлемдер - 595,8 млн теңге; - мүгедектік бойынша төлемдер - 360,2 млн теңге.