Филиалды таңдаңыз:
18.06.2019
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы шотынан үзінді көшірме алудың бірнеше тәсілі бар екендігі туралы тағы да салымшылар мен алушылардың есіне салады. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық және оны Қор кеңсесіне келу, дәстүрлі пошта немесе электрондық тәсіл арқылы жүзеге асыруға болады. Электрондық тәсілдің бірнеше нұсқасы бар:
– БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы. Бұл жағдайда салымшы (алушы) зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені электрондық пошта арқылы өзі таңдаған кесте бойынша: ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын немесе жыл сайын алады;
– электрондық цифрлық қолтаңба немесе логин мен құпиясөзді қолдана отырып, Қор сайтының Жеке кабинеті арқылы алу;
– электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен электрондық үкімет порталының Жеке кабинеті арқылы алу. Бұл ретте бір реттік sms-парольді де пайдалануға болады. Ол үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының Жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Сонда оның ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі. egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы мәліметтер алу үшін салымшылар осы сайттың «Азаматтар» санатына кіріп, «Әлеуметтік қамтамасыз ету» айдарын таңдайды. Одан әрі «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімінде қажетті ақпаратты алуға қол жеткізеді.
Зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілін мүлдем таңдамаған салымшыларға үзінді көшірме оған Қор кеңсесіне өздері келіп сұраған жағдайда ғана беріледі. Ақпарат алу тәсілін таңдау үшін салымшы (алушы) Қор кеңсесіне жеке басын куәландыратын куәлігін алып келеді. Бұл жерде хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы қосымша келісімге қол қояды. Кейін Қор мамандары ЖСН мен құпиясөздің көмегімен enpf.kz сайтының Жеке кабинетінде тіркелуге көмектеседі.
Егер электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті болса, Қор кеңсесіне келмей-ақ, оның сайтының Жеке кабинетінде зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсілін таңдауға және өзгертуге болады. Сондай-ақ Қор сайтының Жеке кабинетінде зейнетақы жинақтарыңыз бен есептелген инвестициялық табыстардың көлемін және зейнеткерлік жасқа толуға қанша уақыт қалғанын біле аласыз.
ЭЦҚ және ЖСН мен құпиясөзді қалта телефонындағы ENPF ұялы қосымшасына кіру үшін де қолдануға болады. Қосымшаны Android және IOS базасында жұмыс істейтін кез келген смартфон мен планшетке тегін жүктей аласыз. Ол қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Ұялы қосымшадан шотыңыздың жай-күйін, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерді білуге, Қордың жергілікті кеңселерінің мекенжайларын көруге және Қордың байланыс орталығына хабарласуға болады. Бұл қызмет салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы бақылауға мүмкіндік береді.
Бүгінде Қордың ұялы қосымшасы қазақстандықтар арасында өте танымал болуда. Ал заманауи байланыс құралдарын пайдалана алмайтындардың зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені пошта байланысы арқылы жылына бір рет алып тұруға мүмкіндіктері бар. Мекенжай өзгерген жағдайда бұл туралы Қорға міндетті түрде хабарлау қажет. Егер бұлай жасалсмаса БЖЗҚ алдағы уақытта зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты жібермеуге құқылы. Сонымен қатар БЖЗҚ зейнетақы шоттарында жинақтары жоқ салымшыларға да үзінді көшірме жібермейді.