«Құрметті салымшы (алушы)!
«Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» қызметін Сіз:
✓ «БЖЗҚ» АҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы жинақтарыңыз болған жағдайда
немесе ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31
және 32-баптарының 1) тармағы 3) тармақшасына сәйкес мерзімсіз белгіленген
І, ІІ топтағы мүгедектік болған;
✓ электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған;
✓ МЗЖ/МКЗЖ есебінен шот (-тар) бұғатталмаған;
✓ зейнетақы төлеміне алғаш өтініш білдіру;
✓ теңгемен ашылған банк шоты болған;
Сіздің деректеріңіз жоғарыда көрсетілген талаптармен сәйкес келген
жағдайда, Интернет арқылы төлемге өтініш беру үшін Сізге Қазақстан
Республикасының 2-ші деңгейдегі банкінде/ банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған банк шотының деректемелері қажет
болады. Сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжат туралы, сондай-ақ оның
шынайылығын, мүгедектігі бар болса, оның белгіленуі туралы растау
мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын болады.
Онлайн
қызметтерін қалай алуға болады
1. Сайтта «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру»
қызметін таңдап, ЭЦҚ арқылы авторлану керек;
2. Өтінішті толтырып, оған ЭЦҚ арқылы қол қою керек;
3. Табысты түзету немесе салықтық шегерімді қолдану өтінішіне ЭЦҚ қою;
Қызмет көрсету нәтижесі
БЖЗҚ-ның жауапты қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттарды қабылдау
туралы не себептерін көрсете отырып қабылдаудан бас тарту туралы қолхат алу
Қызметтің орындалуын қалай бақылауға болады
БЖЗҚ-да тіркелген төлемге өтініштің орындалу мәртебесін «Электрондық
қызметтер» бөлімінде
«Төлемге және (немесе) СҰ-ға аударуға өтініштің орындалуын бақылау»
қызметі арқылы қадағалауға болады.