"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

28.07.2022

2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

Enpf.kz cайтында «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде 2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы ай сайынғы есеп жарияланған: инвестициялық портфельдердің құрылымы туралы егжей-тегжейлі ақпарат, сондай-ақ, инвестициялық қызметке шолулар берілген.

Көрсетілген есептерге сәйкес, 2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,4 трлн теңге болды. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 371,23 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 8,8 млрд теңгеге жетті.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2022 жылдың 1 шілдесінде ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚРҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялауының негізгі бағыттары былайша берілген:

- БЖЗҚ ЗА портфеліндегі негізгі үлесті ағымдағы құны 5 654,84 млрд.теңгені құрайтын ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ алады. Олардың ағымдағы құны бір айда 325,47 млрд. теңгеге өсіп, нәтижесінде портфельдегі үлесі 42,29% болды. Бұл кезеңде орташа алынған кірістілігі жылдық 13,78% болатын 320,00 млрд. теңге көлемінде ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды. Нәтижесінде теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 11,2%, АҚШ долларында –жылдық 3,4% құрады.

- ҚР квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының ағымдағы құны 1 697,6 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 12,7%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,9%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.

- ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 927,17 млрд теңге (6,93%). ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,7%.

- шетелдердің мемлекеттік бағалы қағаздары 308,79 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 2,31%. Бұл құралдар көлемінің күрт азаюына есепті кезеңде 445,16 млрд. теңгеге АҚШ МБҚ өтелуі себеп болды. БЖЗҚ-ның ЗА портфеліндегі есепті күндегі шет мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 1,5%.

- халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары 396,99 млрд теңге. Олардың портфельдегі үлесі 2,97 %. Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 10% болды.

- ҚР Ұлттық Банкіндегі депозиттердің ағымдағы құны есепті күнге 338,94 млрд. теңге. Портфельдегі үлесі 2,53%. Мәмілелердің орташа көлемі орташа алынған кірістілік жылдық 13,16% болғанда 258,56 млрд. теңгені құрады.

- ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарының құны 221,24 млрд. теңге. Портфельдегі үлесі 1,65%. Бұл кезеңде ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарын сатып алу және сату болған жоқ.

- Екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер 200,35 млрд. теңге құрады. Портфельдегі үлесі 1,5%. ҚР ЕДБ салымдарын өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылдық 9,3% болды.

- шетелдік банктердегі депозиттердің ағымдағы құны есепті күнге 505,92 млрд. теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі 3,78%. Қаралып отырған кезеңде валюталық портфельдің кірістілігін қолдау мақсатында шетелдік банкте АҚШ долларында номиналданған, орташа алынған кірістілігі жылдық 1,62% және өтеу мерзімі 11 күннен 2,5 айға дейінгі жалпы сомасы 642,77 млрд. теңгеге салымдар орналастырылды.

Эмитенттерді көрсете отырып, ҚР ҰБ басқаруымен қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:

         - ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,67%, АҚШ долларында – 31,25%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,08%.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2022 жылдың басынан бастап 352,59 млрд. теңгені құрады. Геосаяси ахуалдың шиеленісуі, жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі, инфляцияның күрт өсуі, сондай-ақ, дамыған және дамушы елдердің облигациялары бойынша кірістіліктің өсуі аясында 2022 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2,47% құрады.

Зейнетақы активтерін шоғырландыру аяқталған 2014 жылғы сәуірден бастап 2022 жылғы маусымға дейінгі кезеңде ҚР ҰБ қамтамасыз еткен жинақталған кірістілік 107,68% болды. 2014 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі 8 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі жылдық 9,68% құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік бар. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

 

Инвестициялық портфельді басқарушылар

Басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі шамамен 8,8 млрд теңге.

"Jýsan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,012 млрд теңгені құрады. Оларға: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 31,66%, ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (17,33%) сатып алынды. Инвестициялық шоттарда ақшалай қаражатта қалған активтердің үлесі портфельдің 50,99% құрайды. Инвестициялардың 63,18% теңгемен, 36,82% АҚШ долларында салынған.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде «Jusan Invest» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 0,35% болды.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

«Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 шілдесінде 2,43 млрд теңгені құрады. Портфельдің құрылымында шоттардағы ақшалай қаражат 55,06%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) 15,3%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 10,11%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 5,79%, ҚР екінші деңгейдегі банктердің облигациялары 5,59%, ХҚҰ 4,14%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары 3,97%. Портфельдегі ұлттық валютадағы инвестициялар 78,79%, АҚШ долларында 21,21%. «Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы 2022 жылдың басынан бері (-5,24%) болды.

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

«BCC Invest» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 1,41 млрд теңгені құрады. Олар мемлекеттік облигацияларға 42,17 %, пайларға (ETF индекстерге) 21,76%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына 9,99%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына 8,98%, ҚР ЕДБ облигацияларына 5,26%, ХҚҰ облигацияларына 5,23%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына 4,57%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражатқа 1,94%, өзге де активтерге (дебиторлық берешек, мерзімі өткен берешек, провизиялар) 0,1% бөлінген. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 68,99%, АҚШ долларында 31,01% инвестицияланған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде «BCC Invest» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі ағымдағы жылдың басынан бері (-4,88%) құрады.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 0,92 млрд теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға 54,75%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына 8,65%, РЕПО 17,51%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдарына (ETF пайлары) 1,83%, инвестициялық шоттардағы ақша қаражатына 17,05%, өзге активтерге (дебиторлық берешек, мерзімі өткен берешек, провизиялар) 1,83% инвестицияланған. Қаржы құралдарына портфельдің 84,24% ұлттық валютада, АҚШ долларында – 15,76% инвестицияланған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі 2022 жылдың басынан бері (-2,04%) құрады.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.


Просмотров 4005

Тізімге оралу