"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

02.03.2023

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

- Жақында мен еңбек сіңірген демалысым – зейнетке шығамын. Зейнетақы алу үшін қайда жүгінсем болады?

Мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақыны, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бар болса) есебінен зейнетақы төлемдерін алу мақсатында сіз зейнет жасына толған кезде тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) бірыңғай өтінішпен, оның ішінде жеке басыңызды куәландыратын құжатпен, банктегі шотыңыз туралы мәліметтермен бірге жүгінуіңіз керек.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері алушы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.

БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен (алушының өтініші мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн не БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқығы туындаған күн) бастап белгіленеді және салымшының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

 

- Жұбайым екеуміз зейнетақы жинағымызды сақтандыру компаниясына аударғымыз келеді. Бірақ оның жинағының мөлшері сақтандыру компаниясына аударуға жеткіліксіз. Екеуміздің зейнетақы жинақтарымызды біріктіруге болады деп естіген едім, ол үшін не істеу керек?

Өте дұрыс, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 12 шілдедегі № 138-VII Қазақстан Республикасының Заңымен зейнетақы заңнамасына 12.09.2022 жылдан бастап күшіне енген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олар бойынша салымшыларға (алушыларға) заңнамада көзделген жағдайларда жұбайларымен немесе жақын туыстарымен бірлесіп зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға мүмкіндік берілді.

Бірлескен аннуитет – бұл "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ерлі-зайыпты немесе жақын туыс болып табылатын екі сақтанушының (сақтандырылушының) бір мезгілде зейнетақы аннуитеті шартына қатысуын білдіретін өнім.

Бірлескен аннуитеттің кәдімгі зейнетақы аннуитетінен айырмашылығы – ол бір отбасы мүшелерінің зейнетақы жинақтарын біріктіруге және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша кірістерді қайта бөлуге мүмкіндік береді.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтарының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің (екі тұлға зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 еселенген мөлшері) 70 пайызынан төмен емес мөлшердегі төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы тиіс екенін атап өткен жөн.

Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға құқығы бар тұлғалардың тізбесі мен бұл үшін қажетті құжаттар топтамасын Қордың сайтындағы осы бөлімнен табуға болады.

 

- Менің буырым Германияға ТТЖ-ға кетейін деп жатыр. Оның зейнетақы жинақтары не болады екен?

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұратын жерге кеткен (бұдан әрі – ҚР шегінен тыс тұрақты тұратын жер) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, ҚР заңнамасында айқындалған, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған адамдар құқылы.

Өз кезегінде, ҚР шегінен тыс тұрақты тұратын жерге кету ішкі істер органдары тиісті құжаттарды ресімдегеннен кейін жүзеге асырылады.

Осы заңнамалық талапты сақтау ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кететін адамның Қазақстан Республикасы мен оның азаматтары алдындағы борыштары, несиелері, алименттері және басқа да міндеттемелері бойынша барлық міндеттерін орындауы үшін қажет.

ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері олардың құжаттары Қорға қабылданған не түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде біржолата жүзеге асырылады.

Оларды БЖЗҚ-ға беру тәсіліне байланысты қажетті құжаттардың тізбесімен (жеке өтінішпен/пошта байланысы құралдары арқылы/үшінші тұлға арқылы), оларды ресімдеуге қойылатын талаптармен, сондай-ақ, төлем валютасының түріне байланысты өтініштердің бланкілерімен және оларды толтыру үлгілерімен, сенімхаттардың үлгілерімен Қор сайтындағы мына бөлімде танысуға болады.

Бұдан басқа, ресімделген құжаттар тізбесін БЖЗҚ сайтындағы "Төлем алуға берілген құжаттарды алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып, БЖЗҚ-ға алдын ала тексеруге жіберуге болады.

Зейнетақы жинақтарының төлемдері тек алушының банктік шотына төленетінін және оны алушы валюталардың кез-келген түрімен, яғни теңге, ресей рублі, еуро, АҚШ доллары немесе фунт стерлингпен сұратуы мүмкін екенін ескеріңіз.

 

- Мен зейнеткермін, жақында мессенджеріме бейтаныс нөмірден зейнетақы жинақтарымның 50% алуыма көмек бере алатыны туралы хабарлама алдым. Мен оларға сене аламын ба?

  Қазақстан Республикасының заңнамасында зейнеткерлердің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) өзінің, жарының (жұбайының) немесе жақын туысының емделуіне ақы төлеу мақсатында пайдалануы егер зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленетін 40 пайыздан төмен емес деңгейдегі алмастыру коэффициентімен қамтамасыз етілуіне байланысты көзделген. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.

Осыған байланысты Қор мұндай "жалған" хабарламаларға сенбеуге және елемеуге кеңес береді. БЖЗҚ жүргізетін барлық операциялар тегін жүзеге асырылатынын да естеріңізге саламыз.

- Менің пластикалық терезелер шығаратын шағын компаниям бар. Кәсіпорында білікті шеберлер еңбек етуде. Оларды ынталандыру мақсатында зейнетақы шоттарына ерікті жарналарды аударып отырғым келеді. Мұны қалай жасауға болады және мен үшін оның жағымды жақтары бар ма?

Ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) жеке тұлға – салымшы өз табысы есебінен өз пайдасына, сондай-ақ, жеке немесе заңды тұлға болып есептелетін салымшы, алушының пайдасына аудара алады. ЕЗЖ кезеңділігін салымшы дербес айқындайды.

Бұл ретте жұмыс беруші өз қызметкерлерінің пайдасына ЕЗЖ аударуды жүзеге асыра отырып, салық салу кезінде артықшылықтарға ие болады. Өйткені, салық агенті қызметкердің пайдасына өз қаражаты есебінен төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Ал жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомалары қызметкердің табысы ретінде қарастырылмайды және жеке тұлғаға салық салу кезінде табыс салығы есепке алынбайды.

Қызметкер үшін бұл ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасының және тиісінше БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері мөлшерінің ұлғаюына оң әсерін тигізеді. Бұдан басқа, қызметкердің жұмыс берушіге өтініш беру мүмкіндігі де бар. Соның негізінде жұмыс беруші өтініш берушінің не үшінші тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға ЕЗЖ-ны тұрақты түрде аударатын болады.

БЖЗҚ-да ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын ашуға БЖЗҚ-ға жеке тұлғадан өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына түскен бастапқы ЕЗЖ/уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ЕЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімі негіздеме бола алады.

Салымшы (алушы) ЕЗЖ сомасы түскен күннен бастап ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.

ЕЗЖ-ны екінші деңгейдегі банктер және "Қазпошта"АҚ бөлімшелері арқылы аударуға болады. Кейбір екінші деңгейдегі банктер жарналарды онлайн (ұялы қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) аударуға мүмкіндік береді.

ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғалардың тізбесімен және бұл үшін қажетті құжаттар топтамасымен БЖЗҚ сайтындағы мына бөлімде таныса аласыздар.


Просмотров 2656

Тізімге оралу