"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

15.03.2023

Бірлескен зейнетақы аннуитеті зейнетақы жинақтарын басқару тәсілі ретінде

2023 жылғы 14 наурызда БЖЗҚ филиалдарында кезекті Ашық есік күні мәресіне жетті. Дәстүрге айналған іс-шара үнемі жаңаша сипатта өтеді. БЖЗҚ мамандары ең өзекті тақырыптарды және ақпарат берудің қолжетімді нысанын таңдайды.

 Бұл жолы республика бойынша өткізілген іс-шараның онлайн-трансляциясына жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тағы бір өнімі – зейнетақы аннуитеті және оның жаңа нысаны – бірлескен (немесе отбасылық) аннуитет туралы көбірек білгісі келетіндердің барлығы қосылды.   

Өзінің мазмұны бойынша зейнетақы аннуитеті – бұл БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерімен қатар еңбек қызметі аяқталғаннан кейін Қордан жасына байланысты зейнетақы төлемі және Мемлекеттік зейнетақы төлемі сияқты кіріс көздерімен қатар, басқа да кіріс көздері болмауы мүмкін жағдайларда болашақтағы қажеттіліктерді өтеуге арналған зейнетақымен қамсыздандыру құралы.

Салымшы (алушы) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезде оның зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-дан таңдалған сақтандыру ұйымына зейнетақы заңнамасында көзделген тәртіппен аударылады.

ҚР "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 12 шілдедегі № 138-VII Заңымен зейнетақы заңнамасына 12.09.2022 жылдан бастап күшіне енген, салымшыларға (алушыларға) жұбайларымен немесе жақын туыстарымен бірге зейнетақы аннуитеті шартын жасауға мүмкіндік беретін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бірлескен аннуитет – бұл "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ерлі-зайыпты немесе жақын туыс болып табылатын екі сақтанушының (сақтандырылушының) бір мезгілде зейнетақы аннуитеті шартына қатысуын білдіретін өнім.

Бірлескен аннуитеттің кәдімгі зейнетақы аннуитетінен айырмашылығы – ол бір отбасы мүшелерінің зейнетақы жинақтарын біріктіруге және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша кірістерді қайта бөлуге мүмкіндік береді.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес жеке және бірлескен зейнетақы аннуитеттері өмірлік төлемдер арқылы зейнетақыны жоспарлаудың қаржылық құралы болып табылады.

Осылайша, қазір елімізде де зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға құқығы бар салымшылар (алушылар) өз мақсаттары мен қажеттіліктеріне қарай аннуитеттің екі түрінің бірін таңдай алады.

Бірлескен аннуитеттің мақсаты – зейнетақы аннуитетінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, оның ішінде сақтандыру ұйымдарынан өмір бойы сақтандыру төлемдерін қамтамасыз ету арқылы әйелдердің төмен мөлшердегі зейнетақыларының гендерлік мәселесін ішінара шешу.

Іс-шараға қатысушылар бірлескен зейнетақы аннуитетін сатып алу шарттары, оның құқықтары, зейнетақы төлемдерін алу ерекшеліктері туралы сұрақтарға жауаптар мен әртүрлі сценарийлерде осы өнім бойынша жеке есептеулерге қатысты кеңестер алды.  

Ашық есік күнін өткізу кезінде зейнетақы жинақтары салымшының (алушының) меншігі екені және азаматтарға заңнамалық түрде олардың мақсаттары мен қажеттіліктеріне қарай зейнетақы төлемдерін алу нұсқасын таңдау мүмкіндігі берілетіні бірнеше рет атап өтілді. Және бұл мүмкіндіктер үнемі жаңартылып, кеңейтіліп келеді. Мысалы, өткен жылдан бастап зейнетақы аннуитеті шарты бар қазақстандықтар шартқа отырған күннен бастап екі жыл уақыт өткен соң сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шартының талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару бойынша өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. БЖЗҚ филиалдарының мамандары мұндай аударым алгоритмі туралы да жан-жақты түсіндіріп өтті.

Бұдан басқа, БЖЗҚ филиалдарының жауапты қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, салымшылар (алушылар) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша БЖЗҚ филиалдарында да, enpf.kz сайтында да онлайн режимінде, мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде немесе 1418 телефоны бойынша әрдайым кеңес ала алады.


Просмотров 2569

Тізімге оралу