"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

07.06.2023

Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне орай жинақтаушы зейнетақы жүйесінде не өзгереді?

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді, онда зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар өзгертулер қарастырылған.

Салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейеді

Міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беру кезінде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі бұдан былай ескерілмейді. Әлеуметтік кодекс күшіне енген кезден бастап салымшы аталған зейнетақы жинақтарының 50% дейін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге құқылы.

Сондай-ақ, ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар аталған зейнетақы жинақтарының 100% дейін ИПБ-ға бере алады.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару мерзімі 1 жылға қысқарады. Қазір бұл мерзім 2 жылға тең.

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй және емделуге пайдалану

Зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан зейнеткерлер міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының 100% дейін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге пайдалана алады. Зейнеткерлердің мұндай санатына әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар жатады. Сондай-ақ, бұл санатқа Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай үзіліссіз еңбек сіңірген жылдары болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу абақтылары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда кіреді. Қалған зейнеткерлер, егер олардың зейнетақы төлемдерінің мөлшері 40%-дан төмен емес деңгейдегі табысты алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, жоғарыда аталған мақсаттарға міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған өздерінің зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін пайдалану құқығын сақтайды.

Жерлеуге арналған төлем ұлғаяды

БЖЗҚ-да, ЕЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда жерлеуге арналған біржолғы төлем сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген АЕК-тің 52,4 еселенген мөлшерінен 94 еселенген АЕК-ке дейін, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерге ұлғаяды. Ол қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне төленеді.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ның міндеттеріне қосымша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) тарту жүктелді.  

ЖМЗЖ тек 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған жұмыскерлер үшін жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады және жұмыскердің ай сайынғы табысынан: 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5% мөлшерінде белгіленіп, 2028 жылы 5%-ға жеткенге дейін жыл сайын 1%-ға ұлғайып отырады. ЖМЗЖ-ны осылай кезең-кезеңмен енгізу жұмыс берушіге түсетін жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Зейнетақы жарналары барлығы үшін міндетті

     Салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен нысанасы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар қазіргі уақытта БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуге құқылы. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап тұлғалардың осы санаты БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуге міндетті болады. Осылайша болашақта лайықты төлемдермен қамтамасыз ету үшін халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту шегі кеңейе түсуде.

БЖЗҚ комиссиялық сыйақысының төмендеуі

    БЖЗҚ комиссиялық сыйақысының шамасы зейнетақы активтерінің 0,01 пайызынан айына 0,008 пайызға дейін азаяды. Бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 0,04 еселенген айлық есептік көрсеткіштің туындысы ретінде айқындалатын шамадан және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында тиісті күнтізбелік айдың 1-күніндегі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары есепке алынатын зейнетақы жинақтары бар салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының санынан аспауы тиіс.



Просмотров 6304

Тізімге оралу