"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

25.05.2017

БЖЗҚ-да Қоғамдық кеңестің төртінші отырысы болды

Сәрсенбі күні, 24 мамырда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің (ҚК) төртінші отырысы болып өтті.

Отырысты Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Алевтина Донских ашты. Ол өз сөзінде соңғы үш ай ішінде Қоғамдық кеңестің қандай шараларды жүзеге асырғаны, қандай сұрақтар көтеріліп, қандай шешімдер қабылданғаны туралы қысқаша баяндама жасады.

Кейін ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова сөз алды. Ол Қоғамдық кеңестің Әзірбайжан Халықаралық Банкіне (ӘХБ) жасалған инвестицияға қатысты жолдаған сауалына тиянақты жауап берді.

Оның айтуынша Ұлттық Банк Әзірбайжан Халықаралық Банкінің қаржылық ахуалына байланысты жағдайды жіті бақылауда ұстаған және 2016 жылдан бастап ӘХБ және Әзірбайжан Қаржы министрлігіне талай рет жүгініп, банк облигацияларын мерзімінен бұрын ішінара немесе толықтай өтеу бойынша келіссөздер жүргізген.

«Алайда бұл өзара тиімді нәтиже бермеді. Оған Ұлттық Банктің облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуді талап етуіне қандай да бір заңды негіздің және Әзірбайжан Халықаралық Банкінде қаражаттың жоқтығы себеп болды. Облигацияларды шығару шарты бойынша мерзімінен бұрын өтеу шарасы тек ӘХБ-тің келісімімен ғана жүзеге асырылады», - деді Ә. Молдабекова.

Сондай-ақ, ол 23 мамырда Әзірбайжан Халықаралық Банкінің Лондонда шетелдік кредиторлармен кездескендігін жеткізді. Онда ӘХБ қайта құрылымдаудың үш нұсқасын ұсынған, оның ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтері үшін:
1. Әзірбайжан Халықаралық Банкінің БЖЗҚ алдындағы 250 млн. АҚШ доллары болатын ағымдағы міндеттемелерін айналым мерзімі 12 жыл (2029 жылға дейін) және сыйақы мөлшерлемесі жылына 5,125 пайызды құрайтын Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздары түріндегі 200 млн. АҚШ доллары болатын қарызға айырбастау.
2. Әзірбайжан Халықаралық Банкінің БЖЗҚ алдындағы 250 млн. АҚШ доллары болатын ағымдағы міндеттемелерін айналым мерзімі 15 жыл (2032 жылға дейін) және сыйақы мөлшерлемесі жылына 3,5 пайызды құрайтын Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздары түріндегі 250 млн. АҚШ доллары болатын қарызға айырбастау.
3. Әзірбайжан Халықаралық Банкінің БЖЗҚ алдындағы 250 млн. АҚШ доллары болатын ағымдағы міндеттемелерін Әзірбайжан Халықаралық Банкінің айналым мерзімі 7 жыл (2024 жылға дейін) және сыйақы мөлшерлемесі жылына 3,5 пайызды құрайтын, құны 250 млн. АҚШ доллары болатын жаңа шығарылымдағы облигацияларына айырбастау ұсынылған.

Отырыс барысында Алевтина Донских Қоғамдық кеңестен оның кейбір мүшелерінің, олардың ішінде төрағаның шыққандығын хабарлады. Сөйтіп, Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасын сайлау мәселесі көтеріліп, төрағалыққа Алевтина Донских пен Евгений Сейпульниктің кандидатурасы ұсынылды.

Көпшілік дауыспен БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы болып заңгер Евгений Сейпульник сайланды. Жаңа төраға қатысушылардың барлығына өзіне сенім артқандары үшін ризашылығын білдіріп, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге уәде берді.

Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының жетекшісі Азамат Жолдасбеков осы топтың жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту бойынша әзірлеген бірқатар ұсыныстарын жария етті. Олардың ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша шешімдер қабылдау жүйесі, зейнетақы жарналары бойынша ынталандыру, БЖЗҚ зейнетақы активтерін зейнетақы активтерін басқарушы компанияларға беру, БЖЗҚ-ның корпоративтік басқаруы және басқа да мәселелер болды. Кеңес барлық ұсыныстарды ескеріп, оларды алдағы уақытта талқылау мерзімдерін бекітті.

БЖЗҚ басшылығы өз кезегінде ҚК мүшелерінің ұсыныстары мен өтініштерін ескере отырып, қазіргі таңда сайт бетінде зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін терең талдауға арналған ыңғайлы механизмді орналастыру мүмкіндігі қарастырылып жатқандығын айтты. Отырысқа қатысушыларға бұл механизмнің жобалық нұсқасы ұсынылды.

Отырыста басқа да ұйымдастырушы сұрақтар талқыланды.
Қоғамдық кеңестің келесі отырысы 2017 жылдың 23 маусымында өткізіледі.


Просмотров 6117

Тізімге оралу