ЖАҢАЛЫҚТАР

«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы өзгеріс


«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалғыз акционері болып табылады.

«БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) қабылдаған.

Ағымдағы жылдың мамыр айында «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлік басқаруға беру туралы Шарттың негізінде Комитеттен ҚР Ұлттық Банкіне ҚР Үкіметінің өкілдері ретінде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына:

  • ҚР Қаржы вице-министрі Бекетаев Руслан Бақытжанұлын,
  • Келімбетов Қайрат Нематұлын енгізу,
  • сондай-ақ «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Э. К. Утеповтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы тапсырма келіп түсті. 

Осыған байланысты, БЖЗҚ-ның жалғыз акционерінің өкілдері ретінде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына:
  • Бекетаев Руслан Бақытжанұлы – ҚР Қаржы вице-министрі,
  • Келімбетов Қайрат Нематұлы енгізілді, 
  • сондай-ақ Эдуард Карлович Утеповтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

Сонымен қатар ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша тәуелсіз директорлар ретінде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесі құрамына:
  • Тәжиақов Бейсенғали Шамғалиұлы,
  • Дәмитов Қадыржан Қабдошұлы енгізілді,
  • ал тәуелсіз директор Энтони Эспинаның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.


Тізімге оралу