ЖАҢАЛЫҚТАР

БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні


2017 жылғы 30 маусымда, жұма күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалдарында «Әрбір салымшы үшін қолжетімді БЖЗҚ» тақырыбында Ашық есік күні өткізіледі. 

Сіздің жеке зейнетақы шотының жай-күйін ұялы қосымша арқылы қалай қадағалау, ақпараттық киоскідегі виртуалды консультант, сондай-ақ үйден шықпай-ақ зейнетақы төлемдерін қалай рәсімдеу туралы толығырақ білуге мүмкіндігіңіз болады. Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақыл-кеңес ала аласыз.   


Тізімге оралу