"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

30.06.2017

Әрбір салымшы үшін қолжетімді БЖЗҚ

2017 жылғы 30 маусымда, жұма күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалында «Әрбір салымшы үшін қолжетімді БЖЗҚ» тақырыбында Ашық есік күні болып өтті.

Бүгінгі таңда 754,5 мыңдай адам «электрондық мекенжай» бойынша ақпарат алу тәсілін таңдаған болса, 3,3 миллионнан астам адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкіндігіне ие.

БЖЗҚ 2017 жылғы 30 маусымнан бастап www.enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі және Жеке кабинет арқылы мынадай сервистерді жүзеге асырды:
- міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру;
- зейнеткерлік жасқа толуға немесе 1-ші немесе 2-ші топтардағы мүгедектердің мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру. Алғашқы өтініштер жолданды, онлайн рәсімдеу бірнеше минутты ғана алады;
- төлемдерді тағайындау және (немесе) аудару жөніндегі өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау.

Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) қолданыстағы кілтін алу жеткілікті. Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру үшін ЭЦҚ-дан басқа екінші дәрежелі банкте немесе «Қазпочта» АҚ-та (теңге) ашылған, 20 саннан тұратын банк шоты туралы мәліметті және екінші дәрежелі банктің деректемелерін көрсету қажет. Бұл ретте БЖЗҚ алушыға төлемдерді тағайындау/аудару жөніндегі өтініштің орындалуы туралы СМС-хабарлама жіберу арқылы құлағдар етеді.

Зейнетақы жинақтарын төлеу немесе аудару мәртебесі туралы мәліметтерді Жеке кабинеттен білуге болады. Ол үшін салымшылар (алушылар) алдымен сайтқа тіркеледі. Кейін ЭЦҚ немесе ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) мен құпия сөздің (пароль) көмегімен Жеке кабинетке кіре алады.

Жеке зейнетақы шотындағы ақша қозғалысы туралы құпиялықты сақтау мақсатында зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты «интернет арқылы» алу тәсілін таңдаған жағдайда ғана ЖСН мен парольді тіркеуге болады. Бұл үшін жеке басты куәландыратын куәлікпен БЖЗҚ кеңсесіне жүгіну қажет.

Ал бұған дейін жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты немесе қосымша келісімді рәсімдеу барысында ақпаратты «интернет арқылы» алу тәсілін таңдаған адамдар үшін БЖЗҚ кеңсесіне келудің қажеті жоқ.

Естеріңізге сала кетелік, БЖЗҚ зейнетақы шоты туралы ақпарат берудің бірнеше тәсілін ұсынады. Дәлірек салымшы зейнетақы шоты туралы ақпаратты:
- бүкіл республика бойынша 231 дербес қызмет көрсету орталықтарының біріне барып, БЖЗҚ маманынан;
– зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште не болмаса қосымша келісімде көрсетілген пошталық мекенжайына;
- зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште не болмаса қосымша келісімде көрсетілген электрондық мекенжайына;
- электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логині мен құпия сөзін (пароль) (логин ретінде салымшының (алушының) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі) қолдана отырып www.enpf.kz сайтының «ИНТЕРНЕТ ҮЗІНДІ-КӨШІРМЕ АЛУ» бөлімі арқылы ала алады. Интернет арқылы ақпарат алу тәсілін таңдап, www.enpf.kz сайтында тіркелген соң ENPF ұялы қосымшасын да пайдалануға болады. Бұл үйден немесе кеңседен шықпай-ақ (24/7) жеке зейнетақы шотын тексеріп отыруға мүмкіндік береді;
- электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Бұл қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтарға» категориясы – «Әлеуметтік қамтамасыз ету» айдары – «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімінде қолжетімді. Оны пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба алып, электрондық үкімет порталына тіркелу қажет.

Шара барысында салымшылар БЖЗҚ мамандарының көмегімен бірнеше минут ішінде www.enpf.kz сайтына тіркеліп, ұялы қосымшаны жүктеп алуға қол жеткізді.

Келушілердің көпшілігін БЖЗҚ-ның электрондық консультанты қызықтырды. Қазіргі таңда Қор кеңселерінде мульти-тач экраны бар ақпараттық киоскілер орнатылған. Келушілер сол арқылы анықтамалық ақпараттар алып, зейнетақы калькуляторы бойынша өздерінің болашақ зейнетақыларының мөлшерін болжалды түрде есептей алады. Сонымен қатар, ақпараттық киоск арқылы жеке зейнетақы шоты бойынша үзінді-көшірмені электронды мекенжайға жіберуге болады. Қазір республика бойынша 10 ақпараттық киоск жұмыс істейді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Алматы қалалық филиалында «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева салымшылар мен алушыларды жылы шыраймен қарсы алып, бүгінгі шараға келгендері үшін оларға ризашылығын білдірді. «Ақпарат алудың заманауи тәсілдері отандық зейнетақы жүйесін әрбір азаматқа жан-жақты әрі оңай түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл жерде зейнетақы жүйесін түсіну кәдімгі жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы мәлімет алудан басталады. БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтары туралы онлайн тәртібінде ақпарат ала отырып, өздерінің жұмыс берушілерін және инвестициялық табыстардың есептелуін қадғалай алады әрі зейнетақының мөлшері бойынша болжам да жасай алады. Осылайша, зейнетақы жарналары тұрақты аударылып тұратын болса, зейнетақы жинақтарының көлемі де артатындығына көз жеткізеді. Бұл болашақ зейнеткердің берекелі тіршілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді өзінің алғы сөзінде Сәуле Асқарқызы. Шара қонақтары жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты кез-келген сұрақты енді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваға тікелей қоюға болатындығын естіп білді. 2017 жылдың сәуір айынан бері 170-тен астам қазақстандықтар мен басқа да елдердің азаматтары осы мүмкіндікті пайдаланғанын айта кеткен жөн. Бұдан басқа, Қордың сайты арқылы Қоғамдық қабылдауға жазыла отырып, нақты сұрақтар бойынша жекелей немесе топ құрамына ене отырып жауап алуға да болады.

Тек Алматы қаласының өзінде аталмыш шараға 500-ге жуық адам қатысты. Ашық есік күніне осымен екінші рет келген салымшылардың бірі шараның өте қызықты өткендігін жеткізді: «Мен көптеген жаңа мәліметтер алдым, - деді қонақ, - БЖЗҚ-ның әр кез тың тақырыптарды қозғайтындығы және салымшылардың барлық сұрақтары мен тілектерін ескеретіндігі қуантады».


Просмотров 7398

Тізімге оралу