"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

03.10.2017

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының Солтүстік Қазақстан облысындағы кездесулері

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева 3 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловпен, сонымен қатар жергілікті мәслихаттардың депутаттары, аудандық әкімдіктер, аумақтық және облыстық атқарушы органдар, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, «Қазпошта» АҚ және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдерімен, сондай-ақ қаржылық ұйымдар, ірі өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жай-күйі мен қызметі және оның облыс тұрғындарын қамту деңгейі талқыланды.

Бұдан басқа мынадай статистикалық мәліметтер жарияланды. Ресми деректер бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы халқының саны шамамен 570 мың адамды құрайды. Бұл жерде 318,9 мың адам – экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындар. Ал олардың ішінде 211,5 мың адам – жалдамалы жұмыскерлер болса, 91,6 мыңнан астам адам – өзін-өзі жұмыспен қамтушылар. Бұл ретте 2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша облыста міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша 332 мыңдай шот ашылған. Ал олардағы жинақтардың сомасы 2017 жылдың 1 қыркүйегінде шамамен 190,4 млрд теңгені құрады. Облыс бойынша зейнетақы жинақтарының 57 пайызы ерлердің, ал 43 пайызы әйелдердің шоттарында жинақталған.

Солтүстік Қазақстан облысында 1 зейнетақы шотындағы орташа зейнетақы жинақтарының сомасы 578 мың теңгені құрайды. Бұл орташареспубликалық көрсеткіштен 26 пайызға төмен (ҚР бойынша 776 мың теңге).

Кездесу қорытындысы бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы келісімге сәйкес алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, зейнетақы жинақтарының негізі және салымшының құрметті демалысқа шыққан кездегі тіршілігін қамтамасыз ету көзі ретінде зейнетақы жарналарының тиімділігін дәріптеу бойынша бірлескен игі шараларды жүзеге асыру көзделеді. Сонымен қатар БЖЗҚ Меморандумға сәйкес, әкімдіктің қолдауымен жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдарда облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялайтын болады.

Қор қызметіне қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Солтүстік Қазақстан облысында БЖЗҚ-ның 14 бөлімшесі жұмыс істейді. Олар: облыстық филиал мен дербес қызмет көрсету орталықтары. Нұрбүбі Наурызбаева өз кезегінде ағымдағы жылдың тамыз айында қолданыстағы сервистерге қосымша тағы бір жаңа сервис – сайт арқылы салымшының деректемелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қызметі туралы әңгімеледі. БЖЗҚ өз қызметтерін салымшылар үшін барынша ыңғайлы және қолжетімді ету үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр. Мысалы, 2016 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға барып қызмет көрсету бойынша арнайы жоба іске қосылған еді. Сол 2016 жылы Қор филиалдарының қызметкерлері зейнетақы төлемдерін алатын, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген I және II топтардағы мүгедектігі бар 15 673 адаммен байланыс орнатты. Оларға қатысты 47 048 қызмет көрсету операциясы жасалды. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында мүмкіндігі шектеулі 547 адам үшін 1410 қызмет көрсетілді.

Бұдан басқа, Солтүстік Қазақстан облысы филиалының ұжымы және бөлімше басшыларымен болған кеңес барысында БЖЗҚ-ның ағымдағы қызметі мен даму келешегіне қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, 2017 жылғы 3 қазанда БЖЗҚ бірінші басшысы Қызылжар ауданының Бескөл ауылында орналасқан дербес қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті. Ауданда шамамен 45 мың адам өмір сүреді. Қазақстанның ең солтүстігінде орналасқан аудан экономикасының негізін ет, сүт және жұмыртқа өндірісі бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындары құрайды. Дербес қызмет көрсету орталығы ұжымымен кездесу барысында Қор бөлімшелерінің жай-күйі, оларды материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Басқарма төрайымы салымшылар мен алушыларға көрсетілетін қызмет сапасы әлемдік стандарттарға са й болуы керектігін баса айтты.


Просмотров 4960

Тізімге оралу