"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

08.11.2017

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы орынбасарының Батыс Қазақстан облысындағы кездесулері

«БЖЗҚ» АҚ басшылығының республика өңірлеріне іссапары жалғасуда. 2017 жылғы 8 қарашада «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаевпен кездесті. Кездесу барысында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысы, жай-күйі және облыс тұрғындарын осы жүйемен қамту мәселесі талқыланды. Ресми деректерге сәйкес Батыс Қазақстан облысы халқының саны 636,9 мың адамды құрайды. Олардың ішінде 336 мың адам – экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындар (53%). 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыста міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша 357,3 мың шот тіркелген. Ал зейнетақы жинақтарының көлемі 289 млрд теңге болды. Бұл Қазақстан Республикасы бойынша барлық зейнетақы жинақтарының 4 пайызын құрайды.

Облыс бойынша бір зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 821 мың теңгені құрайды. Бұл орташареспубликалық шамадан жоғары (республика бойынша 816 мың теңге). Облыс мұнай және газ индустриясының дамуына байланысты маңызды өнеркәсіптік мәнге ие. Қазақстан бойынша газ конденсатын (газ қоймалжыңы) өндіру көлемінің 99 пайызы және газ өндіру көлемінің жартысы осы өңірге өндіріледі. Облыста жұмыс істейтін 175 кәсіпорын өздерінің 7,3 мың жұмыскері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады. Бұл шоттардағы зейнетақы жинақтарының көлемі 2,5 млрд теңге болды. Бұл республика бойынша міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары көлемінің 2 пайызын құрайды.

Кездесу қорытындысы бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойылды. Осы келісімге сәйкес алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, зейнетақы жинақтарының негізі және салымшының құрметті демалысқа шыққан кездегі тіршілігін қамтамасыз ету көзі ретінде зейнетақы жарналарының тиімділігін дәріптеу бойынша бірлескен игі шараларды жүзеге асыру көзделеді. Сонымен қатар БЖЗҚ Меморандум аясында әкімдіктің қолдауымен жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдарда облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялайтын болады.

Бұдан басқа, кездесу барысында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі жайында мәлімет берілді. Қазіргі таңда облыста Қордың 15 бөлімшесі – облыстық филиал мен дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Өз кезегінде Сәуле Егеубаева ағымдағы жылдың тамыз айында осы жылы қолданысқа енгізілген электрондық сервистердің қатарына жаңа сервис – БЖЗҚ сайты арқылы салымшының деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қызметі туралы әңгімеледі. «БЖЗҚ» АҚ өзінің көрсететін қызметтерін салымшылар үшін барынша қарапайым және қолжетімді етуге күш салып жатыр.

Түстен кейін Сәуле Егеубаева Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұжымы және өңірлік бөлімшелердің басшыларымен жұмыстық кездесу өткізді және операциялық бөлімнің жұмысымен танысты. Орталық ұжымымен болған жұмыстық кеңес барысында Қор бөлімшелерінің жай-күйі, оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету және ел өңірлерінде жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.


Просмотров 4986

Тізімге оралу