"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

27.12.2017

«БЖЗҚ» АҚ-на жинақтаушы зейнетақы қорларынан өткен проблемалық эмитенттермен жұмысы

1.      Жалпы мәліметтер

2017 жылдың басына БЖЗҚ зейнетақы активтерін біріктіру барысында мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілген 21 проблемалық эмитенттермен жұмыс жасады. Бұл компаниялардың құнды қағаздарының номиналды құны бойынша берешектері 40,5 млрд теңгені құрады.

Жыл барысында  олардың қатарына төлемдерді уақытылы жүргізбеген тағы екі проблемалық эмитент қосылды. Бұлар  «АПК-Инвест» корпорациясы» ЖШС мен «Атамекен-Агро» АҚ. БЖЗҚ олармен де борышты қайтару жұмыстарын қолға алды. 

БЖЗҚ жүргізген талап-шағымдық жұмыстың нәтижесінде «Атамекен-Агро» АҚ ағымдағы берешек сомасын толық жойды (287,8 млн. теңге). Ал «АПК-Инвест» корпорациясы купондық сыйақы мен өсім бойынша 252,5 млн. теңге көлеміндегі қарызын қайтарды. Аталмыш эминенттен негізгі борыш көлемін қайтару сот тәртібіне сәйкес жүргізілуде.

ҚР Ұлттық банкі 2017 жылдың 25 қазанында Samarko Mineracao SA-ның облигацияларын толық  көлемде (387,9 млн. теңге)  сатты. Осыған орай аталмыш эмитент проблемалық эмитенттер қатарынан шықты.

Осылайша, 2017 жылдың 1 желтоқсанына 21 проблемалық эмитент бойынша борыштардың жалпы көлемі (Samarсo Mineracao SA-ның облигацияларының сатылуы мен «Атамекен-Агро» АҚ-ның қарызының өтелуін есептегенде) номиналдық құны бойынша 44,86 млрд. теңгені құрайды.

Қор алдындағы борыштың өтелген жалпы сомасы 2 724 млн.теңгені құрайды. Оның ішінде: 2014-2016 жылдары – 1 475 млн.теңге; 2017 жылы – 1 249 млн.теңге.

Қарыздарды қайтару үшін Қор тарапынан барлық борышкерлерге қатысты сотқа талап-шағымдар түсірілді. Талаптар қанағаттандырылып, Қордың пайдасына борыштарды өтеу туралы сот актілері шығарылды. Қазіргі таңда жеке және мемлекеттік сот орындаушылардың құзырындағы атқару өндірістерінің аясында бұл шешімдерді жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

Зейнетақы активтері бойынша міндеттемелерін орындамаған тұлғаларды тексеру және  қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қор 20 эмитентке қатысты құқық қорғау органдарына шағым түсірді. Қазіргі таңда 5 эмитентке қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды. Олар: «Астана-недвижимость» АҚ; «Имсталькон» АҚ; «РОСА» АҚ; «Комбинат строительных материалов и конструкции-2» ЖШС. Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Астана-Недвижимость» АҚ басшыларының  заңға қайшы әрекеттері туралы  Қордың шағымы «Астана-финанс» АҚ-на байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында қаралуда.

Басқа борышкер эмитенттердің әрекеттеріне де қатысты тексеру жүргізіп, қылмыстық іс қозғау үшін Қор  құқық қорғау органдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде.

ІІ. «Қазақстан қағазы» АҚ-на байланысты мәлімет

2017 жылдың 22 желтоқсанында Лондонның Жоғарғы Соты  «Қазақстан қағазы» АҚ-ның бұрынғы акционерлеріне қарсы шағымын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім жүзеге асса,  компанияның «БЖЗҚ» АҚ-ның салымшыларының алдындағы борышын өтеуіне мүмкіндік туады.  Берешектің номиналды құны 12,5 млрд теңгені құрайды.

Дефолттың тарихын естеріңізге сала кетсек, 2001 жылы құрылған «Қазақстан қағазы» компаниялар тобы  Қазақстан мен Орталық Азия аумағы бойынша қағаз өнімдерін және қосалқы шикізаттан орама бұйымдар шығаратын ең ірі өндірістердің бірі болатын.

2009 жылы эмитент өз қаржылық  міндеттемелері бойынша дефолтқа жол бергеніне байланысты оның қаржылық міндеттемелеріне қатысты  берешектердің құрылымын қайта қарау шаралары жүзеге асырылды.

2009 жылдың қазанында Эмитенттің акционерлері ауысты.

2015 жылдың 2 қазанында «Қазақстан қағазы» АҚ облигациялар бойынша екінші мәрте дефолтқа жол берді.

2016 жылдың 8 маусымында сот «Қазақстан қағазы» АҚ-ына оңалу шараларын қолдану туралы шешім қабылдады.

2016 жылдың маусым және тамыз айларының аралығында Қордың қатысуымен Эмитентті оңалту шараларының жоспары жасалып, ол 2016 жылдың 31 тамызында кредиторлардың жалпы жиналысымен мақұлданды, ал 2016 жылдың 16 қыркүйегінде сотпен бекітілді.

15 млрд теңгені құрайтын борышты өтеуге қажетті соманың негізгі көзі «Қазақстан қағазы» АҚ-ның бұрынғы акционерлері мен басшыларына қатысты түсірген арыз-шағымы бойынша өндірілген  қаражат болатын.

2016 жылдың қыркүйегі мен 2017 жылдың қараша айының аралығындағы оңалту кезеңінде Эмитенттің Қор алдында өтеген борышы 358 млн.теңгені құрады.

2013 жылдың тамыз айында Эмитенттің сол кездегі басшылығы Лондонның Жоғарғы Сотына компанияның бұрынғы акционерлері Мақсат Әріп, Бағлан Жүніс, Шынар Диханбаеваға қатысты қаржыларды жымқырды деп шағым түсіру туралы шешім қабылдаған болатын.  

Қазіргі таңда «Forte bank» АҚ-ның шағымы бойынша Эмитентке қатысты оңалту шараларын тоқтатып, банкроттық шарасын бастау туралы іс қаралып жатыр. Қор қаржыны қайтарудың оңтайлы жолы оңалту шарасын  жалғастыру деп санайды. Сондықтан өз тарапымыздан соттың бұл шешімін бұзу туралы  шағым түсірдік.

«Қазақстан қағазы» АҚ-ның бұрынғы акционерлерге қатысты талап-шағымның жалпы сомасы 260 млн АҚШ долларын құрады. Сот Мақсат Әріптің 95 млн АҚШ доллары көлеміндегі активтеріне және оның 17 млн АҚШ долларына бағаланған тұрғын үй ғимаратына  халықаралық бұғаттауды жүзеге асырды. Екінші бұрынғы акционер Бағлан Жүніспен 3 млн АҚШ долларына бейбіт келісім жасалды.

4 жылдық сот дауының нәтижесінде Лондонның Жоғарғы Соты «Қазақстан қағазы» АҚ мен кредиторлар тобының  шағымдарын негізді деп тапты. «Қазақстан қағазы» АҚ-ның пайдасына шешілген қаржының нақты сомасы ағылшын құқына сәйкес, яғни соттың қосалқы тыңдауларының барысында белгілі болады. Сот 2018 жылға белгіленген. 

Осылайша, аталмыш соттың шешімі «Қазақстан қағазы» АҚ-ның зейнетақы активтері бойынша борышын қайтаруына шынайы мүмкіндік тудырып отыр. 


Просмотров 5204

Тізімге оралу