"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

30.05.2018

2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ маңызды көрсеткіштеріне қысқаша шолу

2018 жылдың 4 айы ішінде салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 169,3 млрд теңге болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 83 пайыздан жоғары. Жылдық тұрғыдан алып қарағанда Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың 1 мамыры мен 2018 жылдың 1 мамыры аралығында 8,8 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,5 пайыз болды. 

2018 жылдың 1 мамырына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,13 триллион теңгені құрап, бір жыл ішінде (2017 ж. сәуірі – 2018 ж. сәуірі) 1,21 трлн теңгеге артты. Өсім 17,5 пайызды құрады. 

Ағымдағы жылдың 1 мамырына қарай шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10 миллионнан асты. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған шоттар 9,6 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 452 мыңнан астам бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша шамамен 38 мың бірлікті құрады.  

Ағымдағы жылдың төрт айы ішінде зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 266 млрд теңгеден асты. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде түсімдер 240 млрд теңгені құраған болатын. Сәйкесінше өсім 11 пайызға жетіп отыр. 2018 жылдың 1 мамырында қарай БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы жыл басынан бері 83,03 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 5,7 млрд теңге болды.  

2018 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жыл басынан бері Қорда 8,6 миллионнан астам операция, оның ішінде Қор бөлімшелерінде 1,9 млн операция (яғни күн сайын шамамен 23 мың операция) орындалды. Бұл ретте электрондық форматта 6,7 млн операция, олардың ішінде басым бөлігін жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу бойынша орындалған операциялар құрайды. Еске саламыз, 2017 жылы бірқатар жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Соған сәйкес енді Қор кеңсесіне келмей-ақ, оның enpf.kz сайты арқылы: міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу және жасына байланысты, сондай-ақ, 1-ші, 2-ші топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуі бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беруге, жеке деректемелерге түзетулер енгізуге, ақпарат алу тәсілін өзгертуге және шоттардың бар болуы туралы анықтама алуға болады. Бұдан басқа салымшылар мен алушылар зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару мүмкіндігіне ие. Бұл ретте салымшылар мен алушылар өтініштің орындалу барысын онлайн тәртібінде қадағалай алады. Биыл Қор сайты арқылы зейнетақы шартының көшірме нұсқасын алу қызметі іске қосылды. Жалпы электрондық сервистер іске қосылғаннан бері оларды күні бүгінге дейін 25 мыңнан астам адам пайдаланып үлгерді.

«Дербес зейнетақы жоспарлары мәдениетін қалыптастыру» міндетін орындау аясында 2018 жылдың сәуір айында Қор салымшылар мен алушыларға жеке кеңес беру қызметін іске қосты. «БЖЗҚ» АҚ филиалдары бір ай ішінде  зейнетақыны жоспарлау мәселелері бойынша 27 260 жеке ақыл-кеңес (консультация) берді. Бұл ретте кеңес беру шараларының басым бөлігі Алматы қалалық филиалы (5 282, бұл жалпы санның 20 пайызын құрайды) мен Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында (4 056 немесе 15%) өткізілді.

«Мобильдік кеңсе» жобасын іске қосудағы мақсат – облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан және Қор бөлімшелері жоқ аудандарда Қор қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың сәуір айында «Мобильдік кеңсе» жобасы іске қосылған болатын. Жоба іске қосылғаннан бері шамамен екі ай ішінде, яғни 2018 жылдың 11 мамырындағы жағдай бойынша Алматы облысында 3 рет, Атырау облысында 12 рет және Қостанай облысында 5 рет көшпелі шара өткізілді. Осылайша Мобильдік кеңсе барлығы 20 рет сапарға шықты. Бұл ретте 1,5 мыңнан астам адамға зейнетақы қызметтері көрсетілді. Сонымен қатар Қор қызметкерлері зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша 803 адамға ақыл-кеңес берді. Барлығы 1700-ден астам операция жүзеге асырылды. 

Қор тарапынан халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, оның ішінде әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөлінеді. 2018 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жыл басынан бері «Мобильдік агент» жобасы аясында 56 мыңнан астам операция орындалды. Олардың ішінде операциялардың басым бөлігі Ақтөбе (8615), Жамбыл (7 199) және Шығыс Қазақстан облыстарында (6 054) жүзеге асырылды. 


2018 жылдың наурыз айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық және Шаралар жоспары туралы Меморандумға қол қойылды. Осы Меморандум аясында зейнетақы қызметтерін БЖЗҚ бөлімшелері жоқ шалғай аудандарда «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы көрсету жоспарлануда. Бұл жобаны жүзеге асыру жоспары әзірленген. Техникалық мәселелер шешіліп, «Қазпошта» АҚ қызметкерлер құрамы оқытылған соң, трансфер-агенттік қызметтер кезең-кезең бойынша ең алдымен экономикалық жағынан белсенді тұрғындарының саны 5 мыңнан асатын 24 елдімекенде, кейін жыл соңына дейін тұрғындар саны 2 мыңнан 5 мың адамға дейін баратын 70 елдімекенде көрсетілетін болады Осылайша ағымдағы жылдың соңына дейін ел өңірлерін БЖЗҚ қызметтерімен қамту деңгейі республика бойынша 43 пайызға артады.


Просмотров 4568

Тізімге оралу