"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

17.08.2018

Төлемдерді жүзеге асыру тәртібінің өзгеруі оларды алу мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) зейнетақы төлемдері 2018 жылдың алғашқы жартысында 100,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 8,8 млрд теңге болды. Салыстыра кетсек, өткен жылдың сәйкес кезеңінде БЖЗҚ-дан 121,2 млрд теңге төленсе, сақтандыру ұйымдарына 14,7 млрд теңге аударылды. Жалпы төлемдер көлемінің азаюы төлемдерді ай сайын жүзеге асыру тәртібін енгізуге және әйелдердің зейнетке шығу жасын кезең-кезеңмен ұлғайтуға (2018 жылы әйелдер зейнетке 58,5 жасында шыға бастады) байланысты орын алып отыр. Ал төлемдерді ай сайын жүзеге асыру өз кезегінде төлемдерді алу мерзімін ұзартуға және жиынтық зейнетақының мөлшерін арттыруға септігін тигізеді. Сақтандыру ұйымдарына жасалатын аударымдар көлемінің азаюына бірнеше себеп бар. Атап айтсақ, олар: сақтандыру аннуитеті шартын жасасу үшін соған лайықты болатын соманың өсуі, зейнетақы жинақтарының сақталуына қатысты мемлекеттік кепілдіктен айырылу, сақтандыру компанияларының ұсынатын шарттарының өзгеруі және басқа да себептер.

БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын төлемдердің көлемі шектелмеген. Ол зейнетақы жинақтарының жалпы сомасына байланысты. Ал жинақтар зейнетақы жарналарының тұрақты және толық көлемде аударылуына қарай көбейіп отырады. Атап өту керек, жинақтардың сомасы қомақты болған сайын, ай сайынғы төлемдердің мөлшері де жоғары болады және оларды алу мерзімі де ұлғая түседі. Бұл ретте БЖЗҚ-дан ай сайынғы кесте бойынша орташа төлем шамамен 20 353 теңгені құрайды. Алушылардың 20 пайызы БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдерді 20 000 теңгеден 40 000 теңгеге дейін алады. 2018 жылы БЖЗҚ-дан алушыға берілетін ең жоғары ай сайынғы төлем 337 059 теңгенің құрады.


Просмотров 3856

Тізімге оралу