"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

22.08.2018

2018 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша негізгі көрсеткіштерге шолу

2018 жылдың 1 тамызына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,22 млн бірлікті құрады. Олардың 95 пайызы – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 4,5 пайызы – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ал 0,5 пайызы – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен ашылған шоттар.

Бұл ретте салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,57 трлн теңгені құрады. Еске саламыз, жинақтар – жеке зейнетақы шотына аударылған жарналар мен инвестициялық табыстан құралған жиынтық ақша. 2018 жылдың 7 айы ішінде зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 478,83 млрд теңге болды. Салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 423,07 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42 пайызға жоғары. 2017 жылы инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болған еді.

Атап өту керек, инвестициялық табыс – тұрақсыз шама. Оның көлемі көптеген жағдайларға байланысты қалыптасады. Мысалы, бұл жерде бағалы қағаздардың құны мен валюта бағамын айтуға болады. Сондықтан Ұлттық Банк ұзақ мерзімді келешекте табыстылықтың теңдестірілген деңгейін қамтамасыз ету мақсатында өзінің инвестициялық стратегиясында әртараптандырылған инвестициялық портфель тұжырымдамасын ұстанады. Ал ол әр түрлі қаржы құралдарынан тұрады.

2018 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің 47,48 пайызы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына, 18,49 пайызы – екінші деңгейдегі банктердің қаржы құралдарына (облигациялар, акциялар және эмитенттердің депозитарлық қолхаттары, депозиттер), 11,25 пайызы – шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарына, 8,15 пайызы – квазимемлекеттік сектордың облигацияларына инвестицияланған. БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (67,62%), АҚШ долларында (31,93%) және Ресей рублінде (0,35%) номинирленген.

Жыл басынан бері табыстылық 5,3 пайызға жетті. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 2,7 пайыз болды. Ал жылдық тұрғыда алып қарасақ, Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың 1 тамызы мен 2018 жылдың 1 тамызы аралығында 8,9 пайызды құрап отыр. Ал бұл кезеңдегі инфляция деңгейі 5,9 пайыз болды.

Еске саламыз, сауал салынған кезеңнің басы мен соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтары және есептелген инвестициялық табыс туралы ақпарат зейнетақы шоты бойынша үзінді-көшірмеде көрсетіледі. 2018 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша жыл басынан бері 9,71 миллионнан астам үзінді-көшірме берілген. Олардың ішінде электрондық түрде – 8,91 млн, Қор кеңселерінде – 784,86 мың және көшпелі қызмет көрсету барысында – 15,42 мың үзінді-көшірме берілді. 2018 жылдың 7 айы ішінде Қор тарапынан 12,39 млн астам қызмет көрсетілді. Олардың ішінде шамамен 73 пайызы – электрондық түрде, 26 пайызы – Қор кеңселерінде және 1 пайызы – көшпелі қызмет көрсету барысында жүзеге асырылды.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері 110,93 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте кесте бойынша төлемдер жалпы төлемдердің 60,7 пайызын немесе 67,32 млрд теңгені құраса, мұрагерлерге және шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер сәйкесінше 12,65 және 18,13 млрд теңге болды. Сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар сомасы 11,14 млрд теңгені көрсетті. 

Салымшылар мен алушылар БЖЗҚ-ға өздері келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн-чат» нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа өздерін қызықтырған барлық мәселелер бойынша кеңес ала алады.


Просмотров 4095

Тізімге оралу