"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

28.09.2018

2018 жылдың 1 қыркүйегіне қарай БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

2018 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,8 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 1,01 трлн теңгеге артты. Өсім 13 пайыз болды.    

Ағымдағы жылдың сегіз айы ішінде түсімдердің жалпы сомасы 547,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,9 млрд теңгеге артты. Сәйкесінше өсім 11 пайызды құрады.        

Ал БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 584,9 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 186,4 млрд теңгеге жоғары. Яғни, өсім 47 пайызды құрады.    

2018 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляция деңгейінен екі жарым еседей жоғары болды. 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында табыстылық 7,3 пайызға жетсе,  бұл кезеңде инфляция деңгейі 2,9 пайызды құрады.

Бүкіл табыс салымшылардың шоттарына таратылады. Сәйкесінше зейнетақы жинақтарының көлемі тұрақты түрде артып жатыр. Салымшы (алушы) өзінің жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (оның ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор бөлімшесінде, сонымен қатар пошта байланысы, электронды пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы алуына болады.  

Жыл сайын шамамен 6 миллион адам БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына жарна аударады, яғни белсенді салымшылар болып табылады. Олардың саны біртіндеп артып келеді. 2018 жылдың сегіз айы ішінде белсенді салымшылардың саны 5,8 млн адамға жетті.  

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында БЖЗҚ-дан 121,0 млрд теңгеге зейнетақы төлемдері жүзеге асырылды, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 13,07 млрд теңге. Кесте бойынша төлемдер 69,9 млрд теңгеге жетті. Салыстырып қарасақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 148,6 млрд теңге төленген. Оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,6 млрд теңге болды. Жалпы төлемдер көлемінің азаюы ай сайынғы төлем тәртібінің енгізілуіне байланысты орын алды. Ал бұл өз кезегінде төлемдерді алу уақытының ұзаруына және жиынтық зейнетақы мөлшерінің артуына септігін тигізеді.    

Қор экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту және бірнеше жыл бойы жарна түспеген зейнетақы шоттарын өзектендіру мақсатында осы шоттарды өңдеу науқанын бастады. Бұл үшін салымшылар базасында зейнетақы жарналары түспеген шоттар анықталды. Сөйтіп, бұл ақпарат Қордың өңірлік желісінің қызметкерлеріне берілді. Олар өз кезегінде аталмыш шоттардың иелеріне хабарласып, жарналардың түспеу себебін анықтап, болашақ зейнетақыны жоспарлау, жұмыспен қамту мәселелері, сонымен қатар зейнетақы заңнамасы бойынша ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 2018 жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында Қор қызметкерлері телефон арқылы 319,1 мың салымшымен байланыс орнатты. Олардың ішінде 64,9 мың адам (немесе 20,3%) ақыл-кеңес алғаннан кейін өзінің жеке зейнетақы шотына кемінде бір рет міндетті зейнетақы жарнасын аударды. Жалпы 2018 жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында аталған шоттарға 1,1 млрд теңге келіп түсті.

БЖЗҚ республика өңірлері және салымшылар санаты тұрғысында тұрақты негізде жарналардың түсу қарқынына талдау жасап тұрады. Сонымен қатар Қор қазақстандықтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту мақсатында тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. 2018 жылдың сегіз айы ішінде БЖЗҚ кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымы арасында шамамен 16 мыңдай таныстырылымдық шаралар өткізді. Оларға жарты миллионнан астам адам қатысты. Ал бұл – 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 мың таныстырылымға артық. Яғни, өсім 54 пайызды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен толықтай қамту үшін бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.


Просмотров 3974

Тізімге оралу