"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

19.02.2019

Қоғамдық кеңестің оныншы отырысы өтті

2019 жылдың 15 ақпанында «БЖЗҚ» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің оныншы отырысы өтті. Қоғамдық кеңес мүшелеріне Қордың 2018 жылғы қызметінің алдын ала қорытындысы ұсынылып, 2018 жылы «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі қалай басқарылғандығы туралы мәлімет берілді және инвестициялаудың 2019 жылға арналған негізгі бағыттары айқындалды. Сонымен қатар «БЖЗҚ» АҚ-тың проблемалық эмитенттермен жүргізіп жатқан жұмыстарының нәтижесі баяндалып, Кеңес қызметінің ұйымдық мәселелері талқыланды. Еске саламыз, жеке қорлардың бұл проблемалық активтері 2013-2014 жылдары БЖЗҚ портфеліне шоғырландырылған болатын.

Отырыста жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылғаннан бері 20 жыл ішінде тұңғыш рет таза инвестициялық табыс сомасының кіріс ағындарынан асып түскені атап өтілді.

2018 жылы зейнетақы активтерінің табыстылығы 11,27 пайыз болса, осы кезеңде инфляция деңгейі 5,3 пайызды көрсетті. Яғни, бір жыл ішінде зейнетақы активтері бойынша нақты, таза табыстылық – 5,97 пайызды құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылы зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92 пайыз, ал инфляция деңгейі 7,1 пайыз болған. 2018 жылы салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 917,1 млрд теңгеге жетті. Осы ретте кіріс ағындары 848,7 млрд теңге болды.

Бұл көрсеткіштерге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүргізіп жатқан үйлесімді инвестициялық саясатының арқасында қол жеткізілді.

ҚР ҰБ Монетарлық операциялар департаментінің Инвестициялық талдау және зейнетақы активтерінің тәуекел-менеджменті басқармасының бастығы Александр Пасюгин Кеңес мүшелеріне мына мәліметтерді ұсынды: 2016 жылдан бастап дербес және сыртқы сенімгерлікпен басқару аясында активтердің жіктелімі бойынша портфельді инвестициялаудың жаңа стратегиясы әзірленіп, іске қосылды. Зейнетақы активтерінің валюталық үлесі 17 пайыздан 32 пайызға дейін  ұлғайтылды. Сонымен қатар ол 2019 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау нарық жағдайында жалғасатындығын жеткізді.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін мынадай негізгі бағыттар бойынша инвестициялау жоспарланған: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын; зейнетақы активтерінің портфелін әртараптандыру мақсатында шетелдік валюталарды; квазимемлекеттік сектор нысандары мен халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын; екінші деңгейдегі банктер мен қазақстандық корпоративтік эмитенттердің қаржы құралдарын сатып алу.

«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры Мәулен Өтеғұловтың мәлімдеуінше 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай 20 проблемалық эмитент бойынша жалпы берешек сомасы атаулы құны бойынша 38,8 млрд теңгені құрады. Қор алдында өтелген берешектердің жалпы сомасы 2014-2018 жылдар ішінде 17 577 млн теңгені құрады. Оның ішінде:

– 2014-2016 жылдар аралығында – 1 475,4 млн теңге;

– 2017 жылы – 1 248,5 млн теңге,

– 2018 жылы – 14 853 млн теңге.

Қор зейнетақы активтерін қайтару жұмыстарын белсенді түрде жалғастыратындығын және бұл мәселеде табандылық танытатындығын білдірді.

Кеңес мүшелері әрбір проблемалық эмитент бойынша ақпарат алды. Бұдан басқа, отырыста Қоғамдық кеңес қызметінің ұйымдық мәселелері талқыланды.

«БЖЗҚ» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңес туралы Ереженің 24 тармағының 2) тармақшасына сәйкес Кеңес екі жылда бір рет өз мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігін жаңғырту мақсатында дауыс беру шарасын өткізеді.

Ереженің 24 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Кеңес хатшысы (Кеңес төрағасы және Қор мен Кеңестің өзара іс-қимылына жауап беретін, Қор Басқармасы мүшесінің мақұлдауы бойынша) Кеңес мүшелігіне үміткерлердің жаңа тізімін жасау туралы хабарландыруды жариялауы тиіс.

Отырыста бірауыздан Кеңес құрамын жаңғырту туралы хабарландыруды тарату және келесі отырыста құрамды бекіту ұйғарылды.


Просмотров 3623

Тізімге оралу