"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

29.10.2019

2019 жылдың 1 қазанына қарасты БЖЗҚ-ның негізгі көрсеткіштері

2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы – 10,2 трлн теңге; міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы – 233,6 млрд теңге және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы - 1,9 млрд теңге болды.

Жыл басынан бері зейнетақы жинақтары 1,04 трлн теңгеге немесе 11 пайызға өсті. Бұл ретте зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша түсімдер – 714,3 млрд теңге; таза инвестициялық табыс көлемі – 481,9 млрд теңге және зейнетақы төлемдері – 154,2 млрд теңге болды.

Есепті кезеңде БЖЗҚ-да 308,5 мың жеке зейнетақы шоты ашылды. Оның ішінде 273,6 мың шот МЗЖ есебінен ашылғанын айта кеткен жөн. Ал бұл шоттардың 64 пайызын 30 жасқа дейінгі салымшылар ашқан. Қарастырылып отырған кезеңде ай сайынғы міндетті зейнетақы жарналарының орташа сомасы – 17 149 теңгеге жетті.

2019 жылдың 9 айы ішінде белсенді салымшылардың саны – 6,1 млн адам, олардың ішінде 6 және одан да көп жарна жасағандар – 4,6 млн адам болды.

(2018 жылы белсенді салымшылардың саны – 6,4 млн адам, олардың ішінде 6 жарнадан 12 жарнаға дейін аударғандар саны – 4,96 млн адам болған еді).

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 481,9 млрд теңгеден асты. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде 8,4 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 5,3 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары болып, нақты табыстылық оң сипатқа ие болып отыр.

Жыл басынан бері зейнетақы төлемдері 154,2 млрд теңгеге жетті. (Бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 23,2 млрд теңгеге немесе 18 пайызға жоғары). Оның ішінде:

- зейнет жасына толуға байланысты – 51,0 млрд теңге;

- 1 және 2 топтарда мерзімсіз мүгедектігі бар жандарға – 1,3 млрд теңге;

- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 35,1 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша – 20,2 млрд теңге;

- жерлеуге байланысты – 2,3 млрд теңге;

- басқа тұлғаларға – 0,1 млрд теңге;

- өмірді сақтандыру бойынша компанияға (ӨСК) – 44,1 млрд теңге төленді.

Кесте бойынша ай сайынғы төлемдердің орташа сомасы 21 022 теңгені құрады. Бұл ретте ең жоғары төлем 514 666 теңге болды.

МЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1,1 млн теңгеге жетті. Оның ішінде жинақтардың орташа сомасы ерлерде – 1,2 млн теңге, ал әйелдерде – 0,92 млн теңгені құрады. Бұл ретте зейнетақы жарналарын Қорға 20 жыл бойы тұрақты аударып келген ер азаматтардың жинақ ақшасының орташа көлемі – 5,1 млн теңге, ал әйелдерде – 3,9 млн теңгеге жетті.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының маңыздылығы және зейнет жасы туралы ерте бастан ойлану керектігі туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Мысалы, 2019 жылдың 9 айы ішінде ел өңірлеріндегі түрлі кәсіпорындарда 25,5 мың көшпелі шара жүзеге асырылды. Бұл кездесулерге 738,5 мың адам қатысты.

Есепті кезеңде зейнетақы қызметтерін көрсету аясында барлығы 13,4 млн операция жүзеге асырылды. Олардың басым бөлігі, яғни 10,8 млн операция (немесе 80,7%) электрондық үлгіде орындалды. Есепті кезеңде БЖЗҚ кеңселерінде 2,5 млн қызмет көрсетілді. Қордың республикалық, облыстық маңызға ие қалаларда және аудан орталықтарында орналасқан 215 кеңсесінде күн сайын 14 мыңдай операция жүзеге асырылады. Бұдан басқа «Қазпошта» АҚ-тың 220 елдімекенде орналасқан бөлімшелерінде БЖЗҚ қызметтері ішінара қолжетімді.

БЖЗҚ-ның әр түрлі байланыс арналары (байланыс орталығы, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және т. б.) арқылы ел азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша қойған 508,2 мың өтініші қаралып, өңделді.

Тұрғындарға арналған «Ашық есік күндері» және журналистер мен сарапшыларға арналған «Қаржы журналистикасы мектебі» шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Олардан басқа БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес сарапшыларымен үш ай сайын кездесу өткізіледі.

Қор сонымен қатар көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және жетілдіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Мысалы, Қор мамандарының күшімен әзірленген ұялы қосымша таяуда қайта жаңартылып, оны қолдану барынша ыңғайлы бола түсті. Еске саламыз, Қордың қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін ұялы қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмірлері мен мекенжайларын көруге болады. Енді осы қызметтердің қатары жаңа мүмкіндіктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына өтініш жасауға мүмкіндік беретін қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкіндік берілсе, онлайн-бот арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады.


Просмотров 3422

Тізімге оралу