"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

07.04.2020

Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге қалай өзгерістер енгізуге болады?

Тұтынушылар арасында онлайн-қызметтерді алу танымалдығы артып келеді. Бұл өте ыңғайлы және ел үкіметі коронавирусқа қарсы күрес аясында қабылдаған карантиндік шараларға байланысты ерекше өзекті болып отыр.

БЖЗҚ-да салымшыларға (алушыларға) электрондық форматта, яғни кеңселерге бару қажеттілігінсіз қызмет көрсетудің енгізілгеніне де бірнеше жыл болып қалды және бұл бастама сәттілікпен жалғасын табуда.  

Айта кету керек, 2018 жылы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясы жүргізген мемлекеттік қызметтердің қоғамдық мониторингі нәтижелері бойынша үздік бестікке кірді. Осы зерттеу БЖЗҚ сайтын, оның ыңғайлы интерфейсін, ауысу жылдамдығын және ақпараттың қазақ және орыс тілдерінде болуын жоғары бағалады.

Қордың барлық операцияларының 80%-дан астамы онлайн арқылы жасалады. Мысалы, Жеке кабинетте тіркеліп, ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуға және өзіңіздің жинақтарыңызды онлайн бақылауға болады, сондай-ақ өзіңіздің ұялы телефоныңызға жүктеп алған болсаңыз, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы да бұл қызметтерге оңай қол жеткізе аласыз. Жеке кабинетте бірнеше рет басу арқылы Сіз зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін және көптеген басқа да мәліметтерді көре аласыз. «Жеке кабинет»сервисін:

1) БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында және ұялы қосымшада авторланудың электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе өзінің ЖСН мен паролін енгізу сияқты екі тәсілі арқылы қолдануға болады, жоғарыда көрсетілген тәсілдермен авторланғаннан кейін, саусақ ізінің көмегіне (бар болса) жүгіне аласыз;

2) www.egov.kz электрондық үкімет сайтында ЭЦҚ немесе бір реттік паролді пайдалану арқылы тұтыну мүмкіндігі бар.

ЭЦҚ-ны электрондық үкімет порталында еш қиындықсыз-ақ онлайн арқылы алуға болады.

Мысалы, өз деректемелеріне өзгерістер енгізгісі келетін салымшыларға (алушыларға) сайттағы «Электрондық сервистер» бөліміне кіріп, онда «Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» бөлімін табу қажет. Сіздің алдыңызда әрекет алгоритмі толық сипатталған бейне нұсқаулық ашылады. Оларды басшылыққа ала отырып, пошталық немесе электрондық мекенжай, телефон нөмірі тәрізді байланыс ақпаратыңызға өзгерістер енгізуге және (немесе) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге болады.

БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын есепке алып отыратын жеке зейнетақы шотын ашпағандар үшін 2019 жылдың 08 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлемді аударған кезде жоғарыда аталған шот автоматты түрде ашылатынын ескертіп өткеннің еш артықтығы жоқ. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру жарнаны аудару кезінде көрсетілген дербес деректері бойынша жүзеге асырылады. БЖЗҚ басқа барлық қажетті мәліметтерді (жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері және т.б.) Қазақстан Республикасы заңнамасының ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан алады.


Просмотров 3757

Тізімге оралу