Құрметті салымшылар! Қордың байланыс орталығының ақпараттық жүйелерін баптау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың аяқталып, ұялы байланыс операторларының мобильді нөмірлерінен 1418 қысқа нөмірі бойынша қашықтықтан қызмет көрсету сервистері қайта іске қосылғанын хабарлаймыз.

07.04.2025

Бұл ретте БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін:

1. байланыс орталығына 1418 нөмірі арқылы (Қазақстан бойынша тегін), +7 (727) 356-10-60 (қалааралық және халықаралық) қоңырау шалып;

2. мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-бот) арқылы;

3. БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы;

4. enpf.kz корпоративтік сайтында алуға болады.