Қызметтер
"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Амангелді
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Аса
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атасу
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Бадамша
  • Бақанас
  • Балкашино
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Бескөл
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Ботакара
  • Булаево
  • Глубокое
  • Денисовка
  • Державинск
  • Егіндікөл
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ырғыз
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қамысты
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарамеңді
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауыл
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Кішкенекөл
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көктөбе
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қорғалжың
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Құрық
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Мамлютка
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Мойынқұм
  • Новоишимское
  • Нұр-Сұлтан
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Переметное
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Приозерск
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкемер
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Смирново
  • Степногорск
  • Степняк
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тимирязев
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Обаған
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Ойыл
  • Үлкен Нарын
  • Ұлытау
  • Орал
  • Ұржар
  • Успенка
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка к.
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 өтінішті
 жолдау
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы
Төтенше жағдай кезіндегі Қордың жұмыс тәртібі

«БЖЗҚ» АҚ бөлімшелерінің жұмыс кестесіндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жекелеген қызмет түрлерін қайта жаңғырту туралы шешімін басшылыққа алып, 2020 жылдың 27 сәуірінен бастап төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы филиалдарда жаңартылған қызмет көрсету режиміне көшу жүзеге асырылды.

Қордың Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы филиалдарында енгізілген жаңартылған қызмет көрсету режимі мыналарды қамтиды:

1) филиал қызметкерлерінің қашықтан (қашықтықтан) жұмыс істеу режимін сақтау;

2) әлеуметтік маңызы бар қызметтерді қоспағанда, Қордың барлық қызметтерін:

- онлайн режимінде ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы;

- Қордың корпоративтік сайтында құжаттар пакетін алдын ала онлайн тексеру мүмкіндігімен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) (https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/checkdoc.php) арқылы ұсыну;

3) филиалдың жауапты қызметкерінің қызмет көрсету кеңсесіне баруы арқылы әлеуметтік-маңызды қызметтер бойынша (алдын ала жазылу керек) құжаттарды байланыссыз қабылдау.

Әлеуметтік маңызы бар қызметтерге:

- салымшының / алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (жерлеу);

- салымшының / алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (мұра);

- Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрғылықты тұратын жерге кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті ресімдеу (ерекше жағдайларда) жатады.

Құжаттарды байланыссыз қабылдау enpf.kz сайтында орналастырылған телефондар бойынша алдын ала жазылу арқылы және Қор кеңсесіндегі арнайы жабдықталған және үнемі дезинфекцияланып отыратын жұмыс орны арқылы құжаттарды қабылдау жолымен жүзеге асырылады. Нұр-Сұлтан қаласында мұндай жұмыс орны Бигелдинов көшесі, 12 және Алматы қаласында Шевченко көшесі, 80 мекенжайы бойынша ұйымдастырылған.

Алдын ала жазылуды өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлері (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған), сондай-ақ 1418 қысқа нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) немесе +7 727 356 10 60 (халықаралық және қалааралық қоңыраулар үшін) нөмірі арқылы БЖЗҚ байланыс орталығының мамандарымен хабарласып, жүзеге асыруға болады.

БЖЗҚ мамандары Сізге жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерді алу үшін қашықтықтан көрсетілетін қызметтерді төмендегі тәсілдер арқылы қамтамасыз етуге әрқашан дайын:

1) өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлеріне телефон байланысы арқылы өтініш жасау (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына жүгіну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp, Viber чат-боттары;

4) Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші;

5) өтініштерді enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жіберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар.

Қор бөлімшелері жұмысындағы барлық өзгерістер туралы қосымша хабарланады.



БЖЗҚ-дан берілетін ең төменгі ай сайынғы төлем мен біржолғы төлем мөлшері ұлғайтылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында және ҚР «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ең төменгі зейнетақы (ТЗ) мөлшерін 38 636 теңгеден 40 441 теңгеге дейін, ең төменгі күнкөріс (ТК) шамасын 31 183 теңгеден 32 668 теңгеге дейін ұлғайту көзделген өзгерістер мен толықтырулар негізінде БЖЗҚ-дан берілетін мына төлемдер мөлшері арттырылды:

- төлем кестесі бойынша ай сайын жүзеге асырылатын ең төменгі төлем мөлшері 17 640,72 теңге (төменгі күнкөріс деңгейінің 54%) (бұрын 16 838,82 теңге болған),

- бір рет біржолғы берілетін зейнетақы төлемінің мөлшері, яғни өтініш берген күндегі зейнетақы жинағының сомасы ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдай, - 485 292 теңге (бұрын 463 632 теңге).

Бұған қоса мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің (базалық зейнетақы) және мемлекеттік бюджеттен төленетін жасына байланысты зейнетақы төлемінің мөлшері ұлғайтылды.

Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері жиынтық еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан кем мерзімді құрайтын адамдар үшін енді 17 641 теңгеге (бұрын 16 839 теңге) тең. Әрбір еңбек еткен жылы үшін төменгі күнкөріс деңгейінің 2% қосылады. Еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болса, базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшері төменгі күнкөріс деңгейінің 100% немесе 32 668 теңгені құрайды.

Ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 441 теңгеге дейін өсті, бұл жасы бойынша есептелген зейнетақы төлемінің толық көлемдегі мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде тағайындалатын адамдарға қатысты.  



Төтенше жағдай кезінде Мемлекеттің әлеуметтік қолдауы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан барлық азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 42 500 теңге әлеуметтік төлем енгізілді. 

МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемді алу тәртібі туралы ақпарат электрондық үкімет порталында egov.kz немесе 42500.enbek.kz сайтында қолжетімді.