Филиалды таңдаңыз:
Шартты-жинақтаушы құрамдауыш – шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі, Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің IV деңгейі. 2020 жылдан бастап енгізіледі. IV деңгей – шартты-жинақтаушы құрамдауышты енгізу зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігін мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасында бөлу арқылы зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін көтереді.
Шартты-жинақтаушы құрамдауыш қызметкердің айлық табысынан 5% мөлшеріндегі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен құралады.
Бұл жүйенің мақсаты – әлеуметтік әділдік қағидаттарды ескере отырып, зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін көтеру.
Артықшылығы – шартты зейнетақы шотындағы қаражат таусылса да, төлемнің өмір бойына жасалатынында (қатысу өтілі 5 және одан да көп болған жағдайда).
Жүйе жалақысы көп емес адамдар үшін пайдалырақ.
Жарналар сомалары шектелмейді.
Жарналарды салу барысы:
Жұмыс беруші (агент) меншікті қаражаты есебінен ЗТМО арқылы ЖМЗЖ аударады, бұл ретте ЖМЗЖ мөлшерлемесі қызметкер табысына 5%-ды құрайды, ЖМЗЖ өз кезегінде БЖЗҚ-да ашылған жеке тұлғаның (қызметкердің) шартты зейнетақы шотына аударылады.
ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жарналары жеке тұлғаның БЖЗҚ-да жинап келгенде 60 күнтізбелік айдан кем емес аударылған ЖМЗЖ бар болғанда жүзеге асырылады.
БЖЗҚ-дан ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлғалар:
ЖМЗЖ есебінен БЖЗҚ-дан зейнетқы төлемдері өмір бойына тағайындалатын болады, ағымдағы айға төленіп, қоса алғанда қайтыс болған айға дейін жүзеге асырылады.