Филиалды таңдаңыз:
БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен берілетін зейнетақы төлемдері 01.01.2018 жылдан бастап ай сайын белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылады.
Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.
Бұл ретте 30.01.2021 жылы күшіне енген және 01.01.2021 жылдан бастап туындаған қатынастарға таралатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.01.2021 жылғы № 1 қаулысына сай ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес мөлшерде жүзеге асырылады.
2021 жылға белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 34 302 теңгені құрайтынын ескерсек, БЖЗҚ-дан 2021 жылы ай сайын берілетін зейнетақы төлемінің мөлшері кемінде 24 011,40 теңгені (70% * 34 302 = 24 011,40) құрайды.
Өтініш берілген күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді.
2021 жылға зейнетақының ең төменгі мөлшері 43 272,00 теңге мөлшерінде белгіленген, егер алушының жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі – ЖЗШ) сома төлемге өтініш берген сәтте кемінде 519 264,00 теңгені (12 * 43 272,00 = 519 264,00 теңге) құраған жағдайда, төлем бір рет бірақ жасалады (ЖЗШ-да бар сома шегінде).
Бұл ретте 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқығын іске асырған тұлғалар бойынша зейнетақы төлемдері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде жүзеге асырылады.
Егер жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы кезекті зейнетақы төлемін жүзеге асырғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен соманы құраса, бұл қалдық кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді.
Егер ЖЗШ-дағы қалдық кезекті ай сайынғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін 2021 жылы 24 011,40 теңгеден (70% * 34 302 = 24 011,40) аз соманы құрайтын болса, онда бұл қалдық, оның ішінде 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқығын жүзеге асырған тұлғалар үшін де кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді.