"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұр-Сұлтан
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 өтінішті
 жолдау
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы
Алушыларға

Біржолғы зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі

БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларына салық салу тәртібін анықтау мақсатында Салық кодексінің[1] 351-1 бабында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС[2] есептеу, ұстау және төлеу ерекшеліктері көзделген.

Бұл ретте ЖТС Салық кодексінің 320-бабында белгіленген мөлшерлемені (10% мөлшерінде) біржолғы зейнетақы төлемінің сомасына қолдану жолымен есептеледі.

БЖЗҚ Салық кодексінің 351-1-бабының 2-тармағына сай біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасынан ЖТС ұстауды және аударуды ЖТС ұстау туралы жеке тұлғаның өтінішіне сәйкес төмендегі тәсілдердің бірі бойынша жүргізеді:

1) біржолғы, Салық кодексінің 351-бабында көзделген тәртіпте біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асырған күннен кеш емес;

2) БЖЗҚ зейнетақы төлемдері үшін белгілеген график бойынша ай сайын тең үлестермен он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде жүргізеді..

ЖТС ұстап қалу зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша БЖЗҚ атынан салық агентіне жеке тұлғаның ЖТС ұстап қалу туралы өтініші негізінде жүргізіледі.

Осылайша, жеке тұлға Салық кодексінің 351-1-бабының 2-тармағының 2)-тармақшасына сай біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС ұстау туралы өтінішті берген кезде БЖЗҚ ЖТС-ты белгілеген зейнетақы төлемдерінің кестесі бойынша зейнетақы жасына толған кезде ұстайды және аударады.

Біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және төлеу ерекшеліктерін анықтайтын Салық кодексінің 351-1 бабында салықтық шегерімді беру көзделмегендігін назарыңызға саламыз.

Мұнымен бірге, зейнетке шыққан кезде салымшы Салық кодексінің 353-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіпте БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін төлеу кезінде салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы екендігін түсіндіреміз.

Баяндалғандар есебімен, жеке тұлға Салық кодексінің 351-1-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сай біржолғы тәртіпте ЖТС ұстау туралы өтінішті берген кезде: БЖЗҚ біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асырған кезде ЖТС-ты дереу біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасынан ұстап қалатындығын ескертеміз.

Мысалы:

• салымшының ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының сомасы = 8 500 000,00 теңге

• жеткіліктілік шегі[3] = 3 500 000,00 теңге

• біржолғы зейнетақы төлеміне қолжетімді сома = 8 500 000,00 -3 500 000,00 = 5 000 000,00 теңге

• біржолғы зейнетақы төлемі түрінде есептелген кіріс = 5 000 000,00 теңге

• ұстауға жататын және бюджетке аударылатын ЖТС сомасы = 5 000 000,00*10%= 500 000,00 теңге

• төлем көзінен ұсталған ЖТС шегеру арқылы біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі кіріс сомасы = 5 000 000,00 – 500 000,00 = 4 500 000,00 теңге.

Жеке тұлға Салық кодексінің 351-1-бабының 2-тармағының 2)-тармақшасына сай ЖТС ұстау туралы өтініш берген кезде: БЖЗҚ біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асыру кезінде ЖТС сомасын ұстамай және мемлекеттік бюджетке аудармай есептейді. Есептелген ЖТС жеке тұлға зейнет жасына толған кезде БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдерінің кестесі бойынша он алты жыл ішінде тең бөліктермен ұсталады және аударылады.

Мысалы:

• салымшының ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының сомасы = 8 500 000,00 теңге

• жеткіліктілік шегі = 3 500 000,00 теңге

• біржолғы зейнетақы төлемі түрінде есептелген кіріс = 5 000 000,00 теңге

• есептелген ЖТС сомасы = 5 000 000,00 * 10%= 500 000,00 теңге

• төлем көзінен ЖТС ұсталмаған біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі кіріс сомасы= 5 000 000,00 теңге


[1] «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 25.12.2017 жылғы №120-VI Кодексі

[2] Жеке табыс салығы

[3] Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 1-бабының 15-1) тармақшасына сай: зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері