Филиалды таңдаңыз:
01.07.2023 ж. бастап қолданысқа енгізілетін Әлеуметтік кодекс[1] нормаларын іске асыру мақсатында және 01.07.2023 ж. бастап Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның[2]
күші жойылды деп танылуына, сондай-ақ Салық кодексіне[3] енгізілген өзгерістерге байланысты 01.01.2024 ж.бастап бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі–БЖТ) жойылады. БЖТ бастапқыда кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК) ретінде тіркеусіз жүзеге асырған өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілді.
Бір айға БЖТ мөлшері:
· республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК (2023 жылы 3 450,00 теңге);
· басқа елдімекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК (2023 жылы 1 725,00 теңге).
БЖТ міндетті төлем түрлерінің төрт түрін біріктіреді:
· БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары (БЖТ жалпы сомасының 30%-ы);
· жеке табыс салығы (БЖТ жалпы сомасының 10%-ы);
· Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар (БЖТ-дан 20%);
· Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті медициналық сақтандыру аударымдары (БЖТ-дан 40%).
БЖТ енгізудің басты себебі - бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың қызметін тіркеуді жеңілдету. БЖТ енгізілуімен аталған тұлғалар барлық төлемдерді төлеуге және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ БЖТ-ның артықшылықтарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін медициналық мекемені таңдау құқығымен сомасы мен түрлері бойынша шектеусіз түрде медициналық қызметтерге қол жеткізуді жатқызуға болады. БЖЗҚ-да өзінің зейнетақы жинақтарын толықтырудан басқа БЖТ төлеушілер үшін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу мүмкіндігі пайда болды. Жүйеге қатысушы еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған және жүктілік пен босану, бала асырап алу, бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер ала алады.
ЖК ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) БЖТ төлеген;
2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
3) қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.
Бұл ретте БЖТ төлеушінің Салық кодексінің 774-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын кірісінің күнтізбелік жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Жеке тұлғалар БЖТ төлеу жүргізілген күннен бастап мұндай төлемді төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылады.
Келесі тұлғалар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды:
1) коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің, сондай-ақ, сауда объектілерінің, оның iшiнде меншік, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару құқығындағы объектілердің аумағында Салық кодексінің 774-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;
2) тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүлiктiк жалға (жалдауға) беретін адамдар;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) қандастарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
5) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.
6) мынадай қызмет түрлерін:
- консультациялық және маркетингтік көрсетілетін қызметтерді;
- бухгалтерлік есепке алу және аудит саласындағы қызметті;
- сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;
- құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;
- цифрлық майнингті жүзеге асыру және (немесе) цифрлық активтер айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
7) агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызметтер көрсететін адамдар.
Агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ басқа тараптың есебінен не басқа тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттенеді.
БЖТ ҚҰРАМЫНДА ЖАРНАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БОЛАДЫ?
Төлеушілер «ААЖЖЖЖ» форматында БЖТ төлемі жүргізілетін күнтізбелік жылдың айын көрсете отырып, БЖТ төлемін тұрғылықты жері бойынша өзбетінше немесе үшінші тұлғалар арқылы өздерінің пайдасына жүзеге асырады.
Бұл ретте БЖТ күнтізбелік жылдың ағымдағы және кейінгі айлары үшін төленуі мүмкін.
БЖТ төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленеді (мысалы, «Қазпошта» АҚ арқылы). БЖТ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі –Мемлекеттік корпорация) банктік шотына аударылуы керек (мәліметтер төменде көрсетілген).
Ұсталған (есептелген) міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде Мемлекеттік корпорацияға аударылады. Әрі қарай, Мемлекеттік корпорация БЖТ-ны жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік төлемдер түріне бөледі, содан кейін ЖТС облыстық бюджетке, ал әлеуметтік төлемдер БЖЗҚ-ға, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылады.
Бенефициар |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы« КЕАҚ |
Бенефициар банкі |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы« КЕАҚ |
Бенефициар БСК |
GCVPKZ2A |
Бенефициар ЖСК |
KZ47009ESP0163609911 |
Бенефициар БСН |
160440007161 |
ТТК (Төлем тағайындау коды) |
183 |
БЖТ СОМАСЫН ҚАЙТАРУ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?
Мемлекеттік корпорация төлеушіге БЖТ қате төленген сомаларын қайтаруды:
1) төлем тапсырмасының деректемелерінде қателер жіберілген;
2) бір төлем құжатында БЖТ сомасы бір кезеңге және бір ғана жеке тұлғаға екі және одан көп рет аударылған;
3) МТ-102 төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде қателер жіберілген;
4) БЖТ сомасы мөлшерге сәйкес келмеген;
5) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында (ЖТ МДҚ) төлеушінің тұрақты тіркелген жері болмаған;
6) ЖТ МДҚ-дағы төлеушінің тұрақты тіркелген жері бойынша тиісті аумақтық мемлекеттік кірістер органы болмаған жағдайларда жүзеге асырады.
1) Мен өзін-өзі қамтушы болып табыламын, ерікті зейнетақы жарналарын аударуға мүмкіндігім бар ма?
Сіз ерікті зейнетақы жарналарын өз пайданызға, үшінші тұлғалардың пайдасына да жүзеге асыра аласыз. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – бұл өзіңіздің зейнетақы капиталыңызды және үшінші тұлғалардың капиталын толықтырудың тамаша мүмкіндігі. Бұл ретте Сіз жарнаның мөлшерін және төлеу кезеңділігін, сондай-ақ, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 33-бабында көзделген негіздер бойынша ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын кейіннен төлеу тәртібін өзіңіз айқындайсыз. Айта кетерлік жайт, ерікті зейнетақы аударымдарының сомасы ай сайын сіздің мүмкіндіктеріңіз бен тілектеріңізге байланысты өзгеруі мүмкін.
Жеке тұлғалар өз пайдасына, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар үшінші тұлғаның пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыра алады. БЖЗҚ-да ЕЗЖ есепке алу үшін ашылған жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) болмаған жағдайда, ЖЗШ ашу келесі талаптардың негізінде автоматты режимде жүзеге асырылады:
1. ЕЗЖ аудару кезінде агенттер (заңды тұлғалар) БЖЗҚ-ға ұсынатын жеке тұлғалар тізімдерінің; 2. ЕЗЖ салымшысынан ЕЗЖ бастапқы сомасын БЖЗҚ-ға аудару кезінде өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына қорға түскен ЕЗЖ; 3. "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан БЖЗҚ-ға келіп түскен кепілдікті өтеудің талап етілмеген бастапқы сомасы. |
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен шарт жасасу туралы толық ақпаратты, аудару үшін деректемелерді Қор сайтының мына сілтемесі бойынша таба аласыз: www.enpf.kz.
2) Мен екі немесе одан да көп азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша фрилансер ретінде қосымша жұмыс істеймін. Жарналар қалай төленеді?
Егер сіз ЖК немесе салық агенті болып табылатын заңды тұлғамен немесе жеке тәжірибемен айналысатын тұлғамен АҚС шарт жасассаңыз, онда сіздің жеке зейнетақы шотыңызға міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық агенті міндетті түрде жүзеге асырады. Бұл ретте, шарттардың саны шектелмеген: егер сізде үш шарт болса, онда жарналар барлық үш шарт бойынша түсетін болады.
Егер сіз салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен АҚС келісімшартқа отырсаңыз, онда екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналарын аударуға құқыңыз бар.
Бұл ретте АҚС шарттар арқылы жарналар аударып отыруға кеңес береміз, өйткені бұл зейнетақы капиталын ұлғайтуға – яғни зейнетақы төлемдерін көбірек алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, базалық зейнетақының ең жоғары төлемдерін алу үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қолайлы әсер етеді.
3) БЖТ-ні осы айда өткен айлар үшін төлей аламын ба?
БЖТ-ні жалпы сомамен төлеуге болады. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол емес тәсілмен банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аудару жолымен жүргізіледі.
БЖТ-ны төлеушілер жекелей немесе үшінші тұлға арқылы өз пайдаларына "ММЖЖЖЖ" форматында БЖТ жүргізілетін күнтізбелік жылдың айын көрсете отырып жүзеге асырады. Бұл ретте БЖТ күнтізбелік жылдың ағымдағы және кейінгі айлары үшін төленуі мүмкін.
Бұл ретте, БЖТ күнтізбелік жылдың ағымдағы және кейінгі айлары үшін төленуі мүмкін.
4) Мен жеке кәсіпкермін және АҚС келісімшарты бойынша қызметтерге тапсырыс беремін, штаттан тыс қызметкерлерге жарналарды қалай аударуға болады?
Егер Сіз АҚС келісімшартында салық агенті болып көрсетілсеңіз, онда БЖЗҚ-ға жарна аудару үшін Мемлекеттік корпорация деректемелеріне Қазпошта немесе екінші деңгейлі банктер арқылы міндетті зейнетақы жарналарын аударып отыруыңыз керек. ( ЖСН, аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, айы, жылы, міндетті зейнетақы жарналары төленген сома, кезеңі (ай/айлар, жыл). Қажетті деректемелер БЖЗҚ сайтында көрсетілген. (Жарналарды қалай аударуға болады? бөлімі)
5) Егер менің азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартым болса, бірақ қазіргі уақытта мен одан кіріс ала алмайтын болсам, онда өз пайдама жарна сала аламын ба?
Егер АҚС келісімшарт салық агентімен (жеке кәсіпкер, заңды тұлға, сондай-ақ, жеке практикамен айналысатын тұлға) жасалса, онда төлем болмаған кезде ол сіздің жеке зейнетақы шотыңызға міндетті зейнетақы жарналарын енгізбейді.
Егер АҚС келісімшарт салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасалса, онда сіз өзіңіздің пайдаңызға ең төменгі жалақының кемінде 10% мөлшерінде жарна салуға құқығыңыз бар.
6) Менің азық-түлік дүкенім бар, өз пайдама және қызметкерлердің пайдасына жарналарды қалай аударсам болады?
Заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, жеке тәжірибемен айналысатын жеке тұлғаларға және басқа адамдарға міндетті зейнетақы жарналарын аударудың тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген. Мысалы, егер сіз жеке кәсіпкер болып жұмыс жасасаңыз, онда өз пайдаңызға міндетті зейнетақы жарналарын төлеу - есепті айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей, қызметкерлердің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу - табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Егер сіз патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер болсаңыз, онда жарналар күнтізбелік жылға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында қарастырылған мерзімде төленеді: патент құнын есептеу есептеме ұсынылғанға дейін жүзеге асырылады. Толығырақ БЖЗҚ сайтынан біле аласыз (Салымдарды қалай есептеп, аударып отыруға болады? бөлімі).
7) Менің жұмыс берушім ЖК бірнеше жыл бойы жылына екі рет жарна төлеп келді, нәтижесінде аударымдар жылына 2 айға ғана есептелді, ал қалғаны өтілге қосылмады. Бұл жағдайда не істесем болады?
«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) агенттер есептеуге қабылданған қызметкердің айлық кірісінің 10% мөлшерінде төлейтіні көрсетілген.
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға есептеу, ұстау (есептеу) және аудару және оларды жинау ережелері мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген. Қағидалардың 2-тармағында заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ ;trt кәсіпкерлер жарналарды төлеу жөніндегі агенттер болып табылатыны көзделген.
МЗЖ, және де қарыздар Мемлекеттік корпорацияға аударылады. Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес аударады. Міндетті зейнетақы жарнасын Мемлекеттік корпорацияға аударған кезде жарнаның төленетін мерзімі, яғни айы мен жылы көрсетілуі керек.
Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) айыппұлдар бойынша төленген белгілі бір соманың жоқтығын анықтаған салымшы (алушы) зейнетақы төлемдерін немесе жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері туралы ақпаратты агентке аударым жасау кезінде жіберілген қателіктердің анықталғандығы туралы шаралар қабылдау үшін жазбаша өтініш жібере алады. оларды түзетіңіз. Агент міндетті зейнетақы жарналарын және / немесе пайыздарды кейінгі аударымдарды реттеу арқылы жағдайды түзете алады. Жарналардың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады. Осылайша, егер міндетті зейнетақы жарналарын аударуда сәйкессіздіктер болса, салымшы салымдарды БЖЗҚ-ға және / немесе мемлекеттік кірістер органдарына аударған агентпен байланысуы керек.
Сондай-ақ, сіз мәселені шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқығыңыз бар, атап айтқанда сіздің еңбек өтіліңіз ақталуы керек.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін біз салымшыларға өздерінің зейнетақы шоттарын үнемі тексеріп отыруға және міндетті зейнетақы жарналарын алмаған немесе уақтылы алмаған жағдайда, жылдар өткен соң емес, дереу шаралар қабылдауға кеңес береміз.
8) Біз адвокаттар ретінде өз пайдамызға қандай мөлшерде жарна жасауымыз қажет?
Міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері түсетін табыстың 10% мөлшерінде, бірақ ЕТЖМ-нің 10% кем емес және 50 еселі ЕТЖМ-нің 10% аспайтын мөлшерде болуы қажет.
Табыс болмаса, сіз БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылы үшін белгіленген ең төменгі жалақының 10% мөлшерінде төлеуге құқығыңыз бар.
9) Мен шетелдікпін, бірақ менде тұруға және жұмыс істеуге рұқсатым бар, азаматтық-құқықтық келісімшартқа отырдым, БЖЗҚ-ға жарналарым түсіп отырады ма?
Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен зейнетақымен қамсыздандыру құқығына ие.
Егер сіз салық агентімен (жеке кәсіпкер, заңды тұлға немесе жеке практик) азаматтық-құқықтық келісім-шарт жасасаңыз, онда бұл жағдайда ол сіздің жеке зейнетақы шотыңызға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуі керек. Жеке зейнетақы шотындағы кірістер туралы ақпаратты БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені немесе жеке шотыңыз арқылы тексере аласыз.
Егер сіз салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен азаматтық-құқықтық келісімшарт жасасқан болсаңыз, онда сіз екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы өз пайдаңызға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқығыңыз бар.
10) Көп уақыттан бері шаруа қожалығында еңбек етіп келемін. Менің зейнетке шығуымның шарттарын атап өтулеріңізді сұраймын.
БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдар алуға құқылы. Оларға:
1) жалпы белгіленген зейнет жасына жеткендер;
2) егер мүгедектік мерзімсіз уақытқа белгіленсе, бірінші және екінші мүгедектік топқа жататын тұлғалар;
3) салымшы 45 жасқа толған кезде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен емес төлеммен қамтамасыз етуге зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар жатады.
[1] Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
[2] «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы
[3] «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі)