Жастар тәжірибесі
Жастар тәжірибесі – алған кәсіп (мамандық) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі.
Жастар тәжірибесі алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыздан аспаған түлектері қатарынан жұмыссыздарға арналған.
Жастар тәжірибесі уақытша жұмыс орындарын ашу арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2016 ж. № 919 қаулысымен бекітілген 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес түлектердің оқу бітірген соң 3 жыл ішінде өзінің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтауына арналған;
2) жастар тәжірибесіне қатысушыларға еңбекақы республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден төленеді;
3) жұмыс орындарының саны шектеусі, жұмыс сипаты уақытша және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
Жастар тәжірибесіне қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш беру үшін барып, мынадай құжаттар ұсыну керек:
– жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
– еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
– техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат көшірмесі.