ҚОР ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы («БЖЗҚ» АО) 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы негізінде құрылды..
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы «БЖЗҚ» АҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады.
«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерін басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады.
«БЖЗҚ» АҚ-ның 01.01.2024 ж. штаттық саны 1 495 бірлікті құрайды.
Шығарылған және айналымдағы «БЖЗҚ» АҚ жарғылық капиталы жалпы сомасы 7 114 244 мың теңгеде орналастырылған 9 489 248 қарапайым акциядан қалыптастырылған. Бір акцияның номинал құны – 100 теңге. «БЖЗҚ» АҚ-да орналастырылмаған акциялар жоқ.
«БЖЗҚ» АҚ Жарғысына сай қарапайым акция Жалғыз акционерге «БЖЗҚ» АҚ Жалғыз акционерінің қарауына шығарылатын шешімдерді қабылдау құқығын береді. «БЖЗҚ» АҚ Жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі, оған 100% акция тиесілі.
Қызметтер
Шоттар ашу:
- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ)
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ)
- ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ)
- жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)
- "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтар
Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу:
- белгіленген кесте бойынша
- ерікті зейнетақы жарналары есебінен
- ҚР аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты
- алушының қайтыс болуына байланысты (жерлеу, мұраға қалдыру)
- тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу мақсаттарына байланысты
- "Ұлттық қор – балаларға"бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтарына байланысты
Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша аудару
Зейнетақы жинақтарының жай-күйі, шартты зейнетақы шоты (ШЗШ) және нысаналы талаптардың сомасы туралы ақпарат алу
Жеке зейнетақы шоттары иелерінің деректемелерін өзгерту
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша тегін кеңес беру
Инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аудару (салымшының таңдауы бойынша)
Зейнетақы төлемдері
Зейнетақы жинақтары
Зейнетақы жарналары мен төлемдеріне салық салу
Сенімгерлік басқаруға ауыстыру
Зейнетақы аннуитеті
ЕАЭО-да зейнетақымен қамсыздандыру
Бланкілер мен сенімхаттардың үлгілері
БЖЗҚ миссиясы
Зейнетақы жинақтарын сенімді есепке алу және әрбір салымшыға қолжетімді, сапалы зейнетақы қызметтерін көрсету

БЖЗҚ танымы
Жинақтаушы зейнетақыны қалыптастыру мен жоспарлаудың дербес тәсілімен жоғары технологиялық қаржы институты

БЖЗҚ құндылықтары
Адамды және тұтынушыны бағдар тұту
Қор үшін өзіне тән даралығымен адам бірінші кезекте. БЖЗҚ клиенттерінің мүддесі аса маңызды, Қор зейнетақы қызметтерінің қолжетімді, түсінікті, уақытылы, тұтынушылардың қазіргі және келешектегі қажеттіліктеріне сай болуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды.
Сапаға бейімділік
Белгіленген сапа стандарттарын сақтайтын Қор мақсаттары мен құндылықтарын бөлісетін кәсіпқойлар командасының үйлестірілген жұмысы.
Технологиялылық
Қор өз қызметінде заманауи технологияларды қолданады, Қор қызметкерлерінің құрамы үнемі ізденіс үстінде және уақыт талғамы мен талабына дайын болу үшін жаңа білім мен дағдылар қолданады.
Сенімділік
Қор корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын сақтауды мақсат тұтады, өз қызметін қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған аяда жүзеге асырады.
Жауапкершілік
БЖЗҚ басшылығы мен қызметкерлері салымшылар және зейнетақы жинақтарын алушылар алдында Қор қызметін үнемі жетілдіріп отыруға, ресурстарды үнемді әрі ұтымды пайдалануға жауапты.
Ашықтық
Қор жұртшылықпен қарым-қатынас жасау үшін ашық, зейнетақы жинақтарының жай-күйі мен өзінің ағымдағы қаржылық жағдайы жайлы мəліметтерді ашық ақпарат көздерінде әрдайым жариялап отырады.
Стратегиялық мақсаттар мен міндеттер
Үздік әлемдік тәжірибені ескеріп зейнетақы қызметтерін көрсету мен әрбір қатысушымен қарым-қатынас жасаудың дербес тәсілі
- Жеке қажеттіліктерін ескере отырып, салымшылармен және алушылармен қарым-қатынас жасау арналарын дамыту және жаңғырту
- Дербес кеңес беру мен хабарландыруды дамыту
- Белгіленген сапа стандарттарын сақтау және Қор үдерістерін жетілдіру
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша жұртшылықпен және БЖЗҚ контрсеріктестерімен тиімді қарым-қатынас жасау
- Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру және жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ-ға деген халық сенімін нығайту
- Зейнетақы жарналарын төлеушілермен-агенттермен қарым-қатынас жасау
- Мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасау
- БЖЗҚ-ның басқа контрсеріктестерімен қарым-қатынас жасау
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және заңнаманы іске асыру
- Ақпараттық-статистикалық база қалыптастыру, ЖЗЖ-ны әрі қарай дамыту бағыттары бойынша сараптау жүргізіп, ұсыныстар әзірлеу үшін актуарлық үлгілеу құралдарын жетілдіру
- Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жаңа компонентін –жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын ендіру
- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім аясында Құзыретті орган ретіндегі БЖЗҚ қызметтерін жүзеге асыру
- Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру өлшемдері мен тетіктерін жетілдіру