Logo
Мазмұнға оралу
Выпуск №35 (2025)

Табысқа жету тарихы

ИШИМОВ НАБИ САЛИМОВИЧ

Батыс Қазақстан облысы

2018 жылы зейнет жасына жетіп, демалысқа шықтым. БЖЗҚ-да зейнетақы төлемдерін ресімдеу еш кедергісіз, жылдам өтті. Қордағы қызмет көрсету мен кеңес берудің жоғары деңгейін, қызметкерлердің шапшаңдығы мен сыпайылығын ерекше атап өткім келеді.

Зейнетақы қорынан төленетін ай сайынғы төлемдердің арқасында түрлі спорттық іс-шараларға қатысып жүрмін. Тіпті Орал қаласынан тыс жерлерде өткізілсе де, еш қиналмастан барып, зейнетақымның рахатын көріп жүрген жанмын. Мәселен, 2018 жылы Ресейде өткен футболдан әлем чемпионатына, биатлоннан Әлем кубогына, шайбалы хоккейден әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының іріктеу ойындарына барып, жанкүйер болып қайттым. Сондай-ақ, Астана қаласындағы "Барыс" командасының ойындарын да үнемі тамашалаймын.

Әрине, мұндай сапарларға шығу үшін біршама қаражат қажет. Ал зейнетақы аударымдарын жинақтауға басынан-ақ белсене қатысып, өз жарналарымның БЖЗҚ-дағы жеке шотыма уақытылы түсуін үнемі қадағалап отырдым.

Біздің жарналарымыз бен жинақтарымыз әртүрлі жобаларға инвестицияланатынын және бұл зейнетке шыққан кезде айтарлықтай табыс әкелетінін білемін.

Қорытындылай келе, отандастарыма, әсіресе жастарға айтарым -қаржылай қор жинаңыздар, зейнетақы жарналарын аударыңыздар. Ақшам құнсызданып, құрып кетеді деп қорықпаңыздар. Егер сіздің зейнетақы жинағыңыз тұрақты әрі лайықты болғанын қаласаңыз, онда бүгіннен бастап қамданғаныңыз жөн.

Омаров Алмас Бейсенұлы

Қарағанды облысы

1961 жылдың 5 қазанында Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка ауылында дүниеге келген. Бала кезінен тарихқа деген қызығушылығы жоғары болды. Орта мектепті тәмамдап, 1979-1981 жылдары әскери борышын өтеген соң 1982 жылы Қарғанды мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсті. 1987 жылы университетті аяқтағаннан кейін еңбек жолын бастады.

Алмас Бейсенұлы туған ауданына Калинин атындағы орта мектепке тарих мұғалімі болып оралды. 7 жыл табысты еңбек етіп, 1994 жылы мектеп директорлығына тағайындалды. Осы жауапты қызметте Алмас Бейсенұлы 2014 жылға дейін еңбек етті. Одан кейін отбасымен облыс орталығы Қарағанды қаласына көшті.

Қарағанды қаласындағы еңбек жолын Қазтұтынуодағы ҚЭУ-дің Экономика, бизнес және құқық колледжінде оқытушы болып бастады. Алайда оқушыларды оқыту, оларды дамыту және қолдауға деген құлшынысы басым түсіп, 4 жылдан кейін 2018 жылы Алмас Бейсенұлы Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектепке тарих мұғалімі болып қайта оралды.

2021 жылы денсаулығына байланысты педагогикалық қызметінен кетіп, ұлымен кәсіп бастады. Қазір «Altex корпорациясы» ЖШС-нің директоры. 2024 жылы жасы келіп, зейнетке шықты. Еңбек өтілі 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап 19 жылды, ал жалпы еңбек өтілі 40 жылды құрады.

Бір күні Алмас Бейсенұлының жұбайы Қарағанды облыстық филиалының көшпелі қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында зейнеткердің белгілі бір деңгейдегі орташа табысты алмастыру коэффициенті болған жағдайда зейнеткерлерге жинақтарының 50 пайызын алу мүмкіндігі қарастырылғаны туралы біліп қалады. Сұрастыра келе, біржолғы зейнетақы төлем сомасы ипотеканы рәсімдеу және жаңа пәтер сатып алу үшін банктегі алғашқы жарнаны жабуға жеткілікті екеніне көз жеткізеді. "Мен депозиттегі ақшаны шешіп алудың қажет емес екеніне қуаныштымын! Бұл сома өте пайдалы болды!",- деп, Алмас Бейсенұлы эмоцияларымен бөлісті.

«Сіз зейнет демалысыңызда өзіңізді бақытты сезінесіз бе?» деген сұраққа «Өте. Зейнетақым жақсы, сүйікті ісіме – скандинавиялық жүріске уақыт жеткілікті. Күнделікті 7 мың қадам жасаймын. Шахмат ойнағанды ұнатамын, облыста мұғалімдер арасында екі мәрте чемпион атандым» деген жауап естідік.

Мен жастарға айтар едім - еңбектену керек және барлығын таразыға салып, жауапкершілікпен қарау қажет. Тіпті балаларға бизнес өз алдына, бірақ кәрілік туралы әрдайым ойлану керек деймін, сондықтан балаларым міндетті зейнетақы жарналарын үнемі аударып отырады. Себебі, тағдырыңа ешкім кепілдік бере алмайды. Өз Отанымның патриотымын және көпті көрген адам ретінде нық сеніммен айта аламын - сіз ең жақсы кезеңде өмір сүріп жатырсыз!».

ЖҰБАНОВА САҒИРА ЖҰБАНҚЫЗЫ

Маңғыстау облысы

Мен 1949 жылдың 18 ақпан күні Маңғыстау облысы, Тұщыбек ауылында дүниеге келдім. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғынымын. Немере, жиен бағып отырған бақытты әжемін. Еңбек өтілімді 1970 жылы Жармыш ауылының балабақшасында меңгеруші қызметін атқарудан бастадым. 1974 жылы Форт-Шевченко қаласындағы қалалық білім бөлімінде материалдық есепші қызметімен жалғастырдым. 1979 жылы жолдасымның қызмет бабына байланысты Шевченко қаласына көшіп келіп, Мемлекеттік банкке касса бақылаушысы қызметіне жұмысқа орналастым. 1994-2007 жылдар аралығында «Нефтебанк» АҚ-да касса меңгерушісі қызметін атқардым, сол мекемеден зейнетке шықтым. Зейнетке шыққаннан кейін 2007 жылы мені «Сбербанк России» АҚ Маңғыстау филиалына тәжірибелі маман ретінде касса меңгерушісі қызметіне шақырды. Осы мекемеде 2016 жылға дейін еңбек етіп, толығымен еңбек демалысына кеттім. Зейнетке 34 жыл қызмет жасап шықтым, сол жылдардың басым бөлігіне касса меңгерушісі қызметінде еңбек етумен өткізіппін. Менің мақсатым - зейнетке шыққаннан кейін де елге қызмет атқару болды. Осылайша, зейнет жасына толғаннан кейін 9 жыл қызмет атқарып, жас мамандарды ізбасар ретінде тағайындадым. Жас кезіңде еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан соң бейнетіңнің зейнетін көру деген үлкен жетістік қой.

Қазақстан Республикасында 1998 жылдан бастап зейнетақы қорлары ашыла бастады, мен ең алғаш «КаспийМунайГаз» зейнетақы қорының салымшысы болдым. Менің жұмыс жасаған мекемелерім 10 пайыздық жарнамды әрдайым уақытылы аударып отырды. Өзім сол уақыттарда Қор қызметкерлерімен тығыз байланыста болып, кеңес алып, жинағымды әрдайым тексертіп отырдым. Соның арқасында қазіргі таңда өзіме жетерліктей жоғары зейнетақы алып отырмын.

Негізінде, қазіргі жастарға айтарым болашақ зейнетақының жоғары болуы үшін зейнетақы қорына жарналарыңды уақытылы аударып, сенім артқандарың дұрыс.

ЕРБОЛАТ СЕЙТҰЛЫ ҚАНТӨРЕЕВ

Қызылорда облысы

Мен, Ерболат Сейтұлы Қантөреев, 1960 жылдың 18 сәуірінде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бала би ауылдық округіндегі диханшылар отбасында дүниеге келдім. Жастайымнан еңбекке ерте араласып, 1978 жылы әскерге аттандым. 2 жыл ел алдындағы азаматтық борышымды ойдағыдай атқарып келген соң, отбасы құрып, үлкен өмірге аяқ бастым.

Еңбек жолымды, одан әрі, мамандығыма сәйкес «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ Қызылорда облыстық филиалында жалғастырдым. Осы салада ұзақ жылдар еңбек етіп, басшылық тарапынан көптеген марапаттарға ие болып, түрлі жетістіктерге жеттім.

Өмір жолындағы елеулі сәттердің бірі - зейнетке шығу кезеңі. Осы орайда халықпен етене араласа жүріп, жұмыс жасап, олардың ыстық ықыласына бөленіп, 2023 жылдың мамыр айынан бастап құрметті еңбек демалысына шықтым.

Зейнетақы маған үш көзден тағайындалды. Ол мемлекеттік, базалық және жинақтаушы құрамдауыштан. Осы ретте атап кететінім, елімізде зейнетақы жарналарын тартып, олардан қалыптасқан жинақтарды мемлекет тарапынан берілетін кепілдікпен сақтаушы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген алғысым шексіз. Зейнетке шықпас бұрын, Қордың электрондық қызметтерін пайдалану арқылы өз жинақтарымның уақытылы түсуін қадағалап отырдым. Сұрақтарым бар болған жағдайда, байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы Қор мамандарынан кеңес алдым. Осылайша, Қорда жиналған қаражатымның (инвестициялық кірісті қоса алғанда) 50%-ын өз мақсатыма, яғни емге пайдаландым. Бұл да болса маған үлкен көмек болды. Қазіргі уақытта салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымды күтудемін. Сонымен қатар, көз қуаныштарым - немерелерімнің бірін сабаққа, енді бірін балабақшаға күнделікті апарып-алып келу мен үшін үлкен мотивация.

Мен зейнеткер ретінде Қордың жарқын болашағына сенемін. Өскелең ұрпақты қаржылық сауаттылыққа және болашақ зейнетақысын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен бірге жоспарлап үйренуге шақырамын.