"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
 жеке
 кабинет
 бізге
 жазыңыз
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы
Қор туралы қысқаша мәлімет

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ


«БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару жүйесі

«БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару жүйесі (бұдан әрі – ТБЖ) ортақ үдеріске біріктірілген өзара байланысты элементтерден тұрады. ТБЖ аясында Қор басшылығы мен қызметкерлерінің әрқайсысы өз деңгейінде Қор қызметіне әсер етуі мүмкін әлеуетті тәуекелдерді анықтауға, сондай-ақ осы оқиғаларды тәуекелдің қолайлы деңгейінің аясында басқаруға қатысады. ТБЖ Қордың атқару органы мен басқару органын тәуекелдер мен оларды барынша азайту шешімдері туралы ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ететін үдерістер мен рәсімдер жүйесін қамтиды.

ТБЖ ендіру және жетілдіру – Қордың стратегиялық және операциялық мақсаттарына жетудің қажетті талабы.


Қорда тәуекелдерді басқарудың негізгі бағыттары көзделген.


Операциялық тәуекелдерді басқару

Қор өз қызметінде операциялық тәуекелдерге бейім. Қаржылық емес тәуекелдердің елеулі шығын мен жағымсыз зиян, оның ішінде Қор беделіне нұқсан келтіру қаупі зор.

Қор операциялық тәуекелдерді барынша азайту мақсатында Қордың бизнес-үдерістеріне реинжиниринг жасау, ішкі нормативтік құжаттар қорын өзектендіру және басқарушылық есептілік ағынын қайталауды болдырмай жүйелеу арқылы бизнес-үдерістерді оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүргізеді.

Операциялық тәуекелдерді басқару барысында Қор өз қызметінде түрлі басқару құралдарын қолданады:

  • Тәуекел оқиғалар журналы.. Тәуекел оқиғалар Тәуекел оқиғалар журналына (орталықтандырылған деректер қоры) тіркеледі және анықталған оқиға себептері мен табиғатына қарай жіктеледі. Журнал бизнес-үдерістердегі, жүйелердегі, Қор бөлімшелері мен филиалдарының қызметтеріндегі жиі болатын проблемаларды және осал тұстарды анықтауға, сондай-ақ операциялық тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді;
  • Тәуекелдер мен ішкі бақылау матрицасы. Қор бөлімшесі операциялық тәуекелдерді өз бетінше бағалайды, олар тәуекелдер және ішкі бақылау матрицасы түрінде көрсетіледі. Бұл болған немесе әлеуетті операциялық тәуекелдерді сәйкестендіруге және бағалауға, Қордың құрылымдық бөлімшелерінде оларды басқару деңгейін анықтауға және анықталған тәуекелдерді кейіннен бақылау тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Өз бетінше бағалау нәтижесі тәуекелдерді барынша азайту бойынша превентивтік шаралар қолдану үшін пайдаланылады;

  • Тәуекелдер картасы. Тәуекелдер картасы қолданылатын тәуекелдерді басқару құралдарының негізінде жасалады және әсер ету мөлшері мен ықтималдылығын бағалау нәтижесі бойынша тәуекелдерді, тәуекелдер қозғалысы өзгерісінің динамикасында тәуекелдердің түрлері мен деңгейлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді;
  • Тәуекелдің негізгі индикаторлары. Тәуекелдің негізгі индикаторлары әлеуетті тәуекелдерді алдын ала сәйкестендіріп, соларға орай әрекет етуге мүмкіндік береді. Тәуекелдің туындау ықтималдылығы туралы белгі беретін және түрлі бағыттар бойынша Қор үшін тәуекелдер туындауының нақты қаупін көрнекті көрсететін тәуекелдің негізгі индикаторларының бастапқы деңгейінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіледі;
  • Негізгі және операциялық тәуекелдерді бағалау үдерісі. Негізгі және операциялық тәуекелдерді бағалау үдерісі негізгі шешімдер қабылдау, жаңа қызметтер, қызмет түрлерін, үдерістер және/немесе жүйелер, стратегиялық мақсаттар ендіру нәтижесінде немесе қолданыстағы қызметтерге, қызмет түрлеріне, үдерістерге және/немесе жүйелерге, стратегиялық мақсаттарға елеулі өзгерістер енгізген жағдайда жүзеге асырылады. Тәуекелдерді, салдар мен қолданыстағы бизнес-үдерістерге әсерді, адам ресурстарын, қаржылық шығасыны бағалау бойынша рәсім;
  • Тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шаралар жоспары. Жоспар тәуекелдердің болу себебін жоюға, сондай-ақ тәуекел оқиғалар болған жағдайда, салдарын барынша азайтуға және әлеуетті тәуекелдерді анықтауға бағытталған.

Операциялық тәуекелдерді тұтас әрі жан-жақты басқару үшін операциялық тәуекелдерді басқару құралдары кешенді және өзара байланысты қолданылады.


Қаржылық тәуекелдерді басқару

Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарушы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтерінің портфелі бойынша тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді. Алайда, сыртқы аудитор компания растайтын жылдық қаржылық есептілік жасау мақсатында және ішкі пайдалану үшін Қор меншікті және зейнетақы активтерінің қаржылық тәуекелдерге бейімділігіне жалпы бақылау мен мониторинг жүргізеді.


Негізгі тәуекелдерді басқару

Қордың стратегиялық және бизнес-мақсаттарына жетуге елеулі әсер етуі мүмкін барлық негізгі тәуекел (стратегиялық, операциялық, қаржылық, құқықтық, комплаенс тәуекелдер және басқа) Қордың тәуекелдер тізілімінде жинақталған. Мұндай Тәуекелдер тізілімі Қор қызметінің барлық бағытында негізгі тәуекелдердің туындау ықтималдылығын және әсер ету мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Тәуекелдер тізілімі Қор басшылығына ағымдағы тәуекелдер профилі ескеріліп қабылданатын шешімдер тиімділігін көтеру мүмкіндігін береді.



«БЖЗҚ» АҚ үздіксіз қызметін басқару үдерісі

Қордың үздіксіз қызметін басқару үдерісі БЖЗҚ негізгі және мүдделі тараптарының мүдделерін сақтау мен Қор беделін сақтауды кепілдендіретін негіз құрады. Қордың үздіксіз қызметін басқару үдерісі операциялық, қаржылық, құқықтық, бедел тәуекелдерін және төтенше/дағдарысты жағдайдан шығатын басқа қаржылық салдарды барынша азайту мақсатында ұйымдастырылған және ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздіктің сенімді инфрақұрылымымен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ уақытылы әрекет ету мен үздіксіз қызмет циклын барынша аз уақытта қалпына келтіру бойынша іс-шараларды көздейді.

Коронавирустық инфекция (COVID-19) пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілген кезеңде бір де бір күнге тоқтатылмаған Қор жұмысы Қордың үздіксіз қызметін басқару үдерісі тиімділігінің мысалы бола алады.


dices-over-newspaper-2656028_1920 (1).jpg


«БЖЗҚ» АҚ ішкі бақылау жүйесі

Ішкі бақылау жүйесі зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүргізу сенімділігін, толық әрі уақытылы болуын, активтердің сақталуын, ақпарат пен Қор ресурстарын тиімді мақсатты пайдалануды, зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар туралы ҚР заңнамасын, сондай-ақ Қордың ішкі қағидасын сақтауға, шығын немесе беделге нұқсан келтіру тәуекелін төмендетуге көмектесетін қаржылық, реттеушілік және басқарушылық есептіліктің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау саясаттары, үдерістері мен рәсімдерінің жиынтығын қамтиды.


Тәуекел мәдениетін жетілдіру

Қорда тәуекел мәдениетін жетілдіру тұрақты түрде жүзеге асырылады. Қор мақсаттарына жетуге жағымсыз әсер етуі мүмкін елеулі оқиғалардың барлығы Тәуекел комитетінің отырыстарында алқалық түрде қарастырылады. Жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлердің барлығы Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау корпоративтік жүйесі жұмысының қағидаттарымен таныстырылады. Қордың барлық қызметкерін оқыту мен біліктілігін көтеру, оның ішінде тәуекел-менеджмент мәселелері бойынша үздіксіз жүргізіледі. Қызметкерлер Қордың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қолдау мақсатында осы салалардағы халықаралық мойындалған стандарттарға және үздік тәжірибелерге сәйкес тәуекел-менеджмент, ішкі аудит, қаржылық сараптау саласында кәсіби сертификаттаудан өтеді.


ТБЖ негізгі талаптары

Қордың өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асыратыны ескеріліп, Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі және ішкі бақылау жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 76 қаулысымен бекітілген (30.03.2020 ж. өзгерістермен) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін құру қағидасына сәйкес құрылады.

«БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі ережелері мен қағидаттары Директорлар кеңесінің 28.04.2017 жылғы №3 хаттамасымен бекітілген (30.04.2021ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) «БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару саясатында көзделген.