БЗТ-ға және зейнетақы төлемдеріне салық салу (резиденттер үшін)

  • Салық кодексінің 375 және 376-баптарына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдері (бұдан әрі - БЗТ) және зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс салық салынуға жатады;
  • Салық кодексінің 431-бабына сәйкес БЗТ және зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс салық салынатын кіріс сомасынан шегеріледі;
  • Салық кодексінің 439-бабының 3-тармағына сәйкес зейнетақы төлемдері, БЗТ түріндегі салық салынатын кіріс сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
    1. сзейнетақы төлемдері және БЗТ түріндегі кіріс сомасы,
      алу
    2. Салық кодексінің 431-бабында көзделген кірістер сомасы.


Осылайша 01.01.2026 жылдан бастап БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері және БЗТ сомалары салық салудан босатылды және ЖТС ұсталмайды.

  • Салық кодексінің 828-бабының 2-тармағына сәйкес, егер жеке тұлғаның салық салынатын кірісін 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 353-бабының 3 және 3-1-тармақтарына сәйкес айқындау кезінде жеке тұлғаның кірісінен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кешірек өтініш жасауы себебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері және (немесе) БЗТ түріндегі жеке тұлғаның кірісіне 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 346-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген салықтық шегерімдер қолданылмаса, онда жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне өтініш пен растаушы құжаттарды ұсынуға құқылы, олардың негізінде салық агенті осы Кодекстің 65-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген, үш жылды құрайтын талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде кірістерді қайта есептеуді жүргізеді.


Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғалары үшін БЖЗҚ-дан жүзеге асырылған төлемдерден жеке табыс салығын өтеуге арналған құжаттар тізбесі

№ р/р

Адамдар санаты, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің (Салық кодексі) 346-бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес 

Жеңілдікті растайтын құжат (түпнұсқасы не нотариат куәландырған көшірмесі) / құжатты берген орган* 

1

Ұлы Отан соғысына (бұдан әрі – ҰОС) қатысушы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары берген ҰОС қатысушысының куәлігі

2

Жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адам

Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері

Тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) берген, жеке тұлғаның жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адам немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері болып табылатыны туралы белгісі бар, жасы бойынша зейнетақы төлемдерін (жәрдемақыларды) алушының куәлігі

3

ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам

Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация берген, жеке тұлғаның ҰОС жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының орденімен немесе медалімен наградталғаны туралы белгісі бар, зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігі

4

1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам

Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация берген, жеке тұлғаның 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам болып табылатындығы туралы белгісі бар, зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігі

5

Бірінші, екінші немесе үшінші топтардағы мүгедектігі бар адам

Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация берген, мүгедектік тобы мен жарамдылық мерзімі көрсетілген, зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігі

6

Мүгедектігі бар бала

Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация берген, жәрдемақы тағайындау негіздемесі және себептері (мүгедектігі бар бала немесе мүгедектік тобы) көрсетілген, зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігі не мүгедектігі бар адамның куәлігі (куәлік мүгедектігі бар баланың немесе оның заңды өкілінің (ата-анасының, бала асырап алушының, қамқоршының, қорғаншының) атына беріледі) не болмаса Медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі (бұдан әрі – МӘСБ) берген мүгедектік туралы анықтама, соның ішінде «Электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы не ҚР ЕДБ қосымшасы арқылы алынған, МӘСБ уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы анықтама не болмаса тиісті уәкілетті орган (соның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа қатысушы болып табылатын шет мемлекеттің органы) берген, мүгедектік туралы анықтама немесе жеке тұлғаның мүгедектігі бар бала санатына жататындығын растайтын өзге де құжат.

7

«Мүгедектігі бар бала» санатындағы адамның (осындай адам он сегіз жасқа толғанға дейін) немесе өмір бойына бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының бірі

1) Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация берген, жәрдемақы тағайындау негіздемесі және себептері (мүгедектігі бар бала немесе мүгедектік тобы немесе өмір бойына бала кезінен мүгедектігі бар адам) көрсетілген, зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігі не мүгедектігі бар адамның куәлігі (куәлік мүгедектігі бар баланың немесе бала кезінен мүгедектігі бар адамның немесе оның ата-анасының атына беріледі) не болмаса МӘСБ берген мүгедектік туралы анықтама, соның ішінде «Электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы не ҚР ЕДБ қосымшасы арқылы алынған, МӘСБ уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы анықтама;

2) Зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігі болмаған жағдайда, тиісті уәкілетті орган (соның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың қатысушысы болып табылатын шет мемлекеттің органы) берген, жеке тұлғаның мүгедектігі бар бала (осындай адам он сегіз жасқа толғанға дейін) немесе өмір бойына бала кезінен мүгедектігі бар адам санатына жататындығын растайтын құжаттар (мүгедектігі туралы анықтама немесе өзге де құжат) ұсынылады;

3) мүгедектігі бар баланың немесе бала кезінен мүгедектігі бар адамның туу туралы куәлігі.

8

«Мүгедектігі бар бала» санатындағы адамның (осындай адам он сегіз жасқа толғанға дейін) немесе өмір бойына бала кезінен мүгедектігі бар адамның қорғаншысы, қамқоршысы

1) Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация берген, жәрдемақы тағайындау негіздемесі және себептері (мүгедектігі бар бала немесе мүгедектік тобы немесе өмір бойына бала кезінен мүгедектігі бар адам) көрсетілген, зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігі не мүгедектігі бар адамның куәлігі (куәлік мүгедектігі бар баланың немесе бала кезінен мүгедектігі бар адамның немесе оның қорғаншысының немесе қамқоршысының атына беріледі) не болмаса МӘСБ берген мүгедектік туралы анықтама, соның ішінде «Электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы не ҚР ЕДБ қосымшасы арқылы алынған, МӘСБ уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы анықтама;

2) Зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігі болмаған жағдайда, тиісті уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың қатысушысы болып табылатын шет мемлекеттің органы) берген, жеке тұлғаның мүгедектігі бар бала (осындай адам он сегіз жасқа толғанға дейін) немесе бала кезінен мүгедектігі бар адам санатына жататындығын растайтын құжат (мүгедектігі туралы анықтама немесе өзге де құжат) қабылданады;

3) егер бала кезінен мүгедектігі бар адам 18 жасқа толмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органдар берген қорғаншылық және қамқоршылық органдарының анықтамасы не болмаса «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы алынған, уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы анықтама ұсынылады;

4) егер өмір бойына бала кезінен мүгедектігі бар адам кәмелетке толған, әрекетке қабілетсіз адам болып табылса, онда қорғаншының (қамқоршының) куәлігі немесе қорғаншыны (қамқоршыны) тағайындау туралы анықтама немесе қорғаншының немесе қамқоршының мәртебесін растайтын өзге де құжат ұсынылады.

9

Асырап алған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушылардың бірі

1) баланың туу туралы куәлігі;

2) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші орган берген, бала асырап алу туралы куәлік немесе заңды күшіне енген, бала асырап алу туралы сот шешімі немесе бала асырап алу фактісін растайтын өзге де құжат

10

Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған ата-аналардың бірі

1) баланы қабылдайтын отбасыға жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды беру туралы шарт (баланы қабылдайтын отбасыға берілген әрбір жетім балаға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға жеке шарт жасалады);

жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың жеке басын куәландыратын құжат.

* БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде өтініш берушінің БЖЗҚ-дан жүзеге асырылған төлемдерден ЖТС өтеу құқығын растайтын мәліметтер болған жағдайда, тиісті растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Зейнетақы төлемдеріне салық салу (бейрезиденттер үшін)

  • Салық кодексінің 679-бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістеріне БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері жатады;
  • Салық кодексінің 682-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және 692-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі кірістеріне салықтық шегерімдерді жүзеге асырмай, төлем көзінен келесі мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады:

Салық салынатын кіріс сомасы

Мөлшерлемесі

8 500 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін (қоса алғанда)

10 пайыз

8 500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары

8 500 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі кіріске салынатын салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз