Тұрғын үй жағдайын жақсартуға зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін өтінім беруге қатысты қиындықтар туындаса, Сізге банктерге-уәкілетті операторларға, атап айтқанда «Отбасы банк» АҚ-ға, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға, «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға, «Altyn Bank» АҚ-ға, «Банк Фридом Қаржы Қазақстан» АҚ-ға хабарласу керек.
Өтініміңіздің enpf-otbasy.kz платформасындағы өту мәртебесіне қатысты сұрағыңыз болса, Сізге уәкілетті оператор «Отбасы банк» АҚ-ға 300 қысқа нөмірі арқылы хабарласу керек (үялы телефоннан қоңырау шалу).
Сіздің өтініміңізді банк-уәкілетті оператор қабылдап, сонан соң БЖЗҚ-ға жолданған болса, БЖЗҚ-дағы өтініш мәртебесін www.enpf.kz сайтында орналасқан өзіңіздің жеке тұлғаның жеке кабинетіндегі «Өтініштер мәртебесін қадағалау» бөлімінде қадағалай аласыз.