Сұрақ - жауап

Мысалы: Жинақтар

Зейнетақы жүйесі

Зейнетақы жинағымның сомасын қалай тексерсем болады?

Жинақ сомасын БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетіңізден тексеруге болады. Егер Сіз БЖЗҚ-дағы Жеке кабинетке ешқашан кірмеген болсаңыз, онда БЖЗҚ сайты арқылы ЭЦҚ кілтінің көмегімен авторланып, Жеке кабинетіңіз үшін өзіңізге сәйкес келетін құпиясөз орнатуға кеңес береміз. Ол арқылы болашақта ұялы қосымшаға оңай және жедел кіріп, жарналардың жүйелілігі мен толықтығын, инвестициялық кірістің есептелуін және жинағыңыздың жалпы сомасын қадағалап отыруға болады. Өз шотыңыздан үзінді көшірмені egov.kz электрондық үкімет порталындағы Жеке кабинетте, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде тексеруге болады.

ЖЗШ-дан үзінді көшірме кімге берілуі мүмкін?
 БЖЗҚ атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаға оның сұратуы бойынша БЖЗҚ-да ЖЗШ ашылған күннен бастап кез келген сұратылатын күнге зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақысыз ұсынады.

БЖЗҚ ЖЗШ-дағы ақша қалдығы мен оның қозғалысы туралы мәліметтерді:

1)  МЗЖ салымшысына, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаға;

2) зейнетақы төлемдерін алушыға;

3) МЗЖ салымшысының, өзі үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші тұлғаға;

4) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 55-бабының 4-тармағында қарастырылған адамдарға беруі мүмкін.

БЖЗҚ ұсынатын, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратта келесі мәліметтер (олар бар болған жағдайда):

1) сұратылып отырған кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы;

2) сұратылып отырған кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс сомасы;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы бекіткен және сұратылып отырған кезеңнің соңында қолданыстағы инвестициялық кірістен және зейнетақы активтерінен түсетін комиссиялық сыйақының шамасы;

4) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, аударымдардың, зейнетақы жинақтары төлемдерінің және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;

5) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаның ЖЗШ-да көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы;

6) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беру үшін қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы;

7) біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін қолжетімді МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтер қамтылады.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты сұрату бойынша – БЖЗҚ-ның және (немесе) «электрондық үкіметтің» интернет-ресурстары арқылы, сондай-ақ БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде ұсынады.

ЖЗШ-лары БЖЗҚ-да 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ашылған МЗЖ салымшыларының, өздеріне МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалардың, зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты бұрын анықталған төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен:

- БЖЗҚ-ға ұсынылған мекенжайға электрондық пошта арқылы;

- пошта байланысы қызметтері арқылы жыл сайын/кесте бойынша алу құқығы сақталады.

БЖЗҚ-да МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашқан кезде БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілі ретінде автоматты түрде ұйғарым бойынша «БЖЗҚ-ның және (немесе) «электрондық үкіметтің» интернет-ресурстарының жеке кабинеті арқылы» деген тәсіл анықталады.

Бұл ретте БЖЗҚ-ға жеке өзі жүгінген кезде атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу үшін қажетті құжаттар тізімімен БЖЗҚ-ның сайтында танысуға болады.

ЖЗШ-дағы ақша қалдығы мен оның қозғалысы туралы мәліметтерді қамтитын зейнетақы жинақтарының құпиясына БЖЗҚ-ның кепілдік беретініне назар аударамыз.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты келесі жағдайларда бермейді (беруді тоқтатады):

1)  ақпарат беру күніндегі жағдай бойынша ЖЗШ-да ақша болмаған жағдайда;

2)  БЖЗҚ МО-ның АЖ-нан және (немесе) өзге де дерек көздерінен келесі:

- БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы;

- шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұру жеріне кетуі және (немесе) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күшін жою туралы, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы мәліметтер алған жағдайда;

3) МЗЖ салымшыларын, өздері үшін МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаларды, зейнетақы төлемдерін алушыларды өткен күнтізбелік жыл үшін хабарландыру жөніндегі науқанды өткізу қорытындыларына қатысты тапсырылмаған конверттер бойынша ақпарат берілген жағдайда;

4) БЖЗҚ-ға жеке жүгінген кезде және БЖЗҚ-ның интернет-ресурсының жеке кабинеті және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы хабарлау тәсілі таңдалған жағдайда.
ЖЗШ-дан үзінді көшірмені онлайн түрде қалай алуға болады?
«БЖЗҚ» -да  жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты  БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинеті арқылы; 

Егер сізде ЭЦҚ немесе Жеке кабинетіңізге кіру мүмкіндігі болса, ақпаратты біздің www.enpf.kz сайтымыздың «Жеке кабинет», әрі қарай «Жеке тұлғаның кабинеті» бөлімінен алуға болады.
Жинақтар мен шартты зейнетақы шоттарының жай-күці туралы ақпаратты қайдан алуға болады?
 БЖЗҚ ақысыз:

1) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін атына жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) ашылған жеке тұлғаға:

оның сұратуы бойынша БЖЗҚ-да ЖЗШ ашылған күннен бастап кез келген сұратылған күнге зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорында болған кезеңдегі, одан БЖЗҚ-ға аударылған зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты;

біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ)жүзеге асыруға қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты;

инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беру үшін қолжетімді, МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты береді;

2) атына шартты зейнетақы шоты (ШЗШ) ашылған жеке тұлғаға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) туралы ақпаратты береді;

3) нысаналы жинақтарды алушыға нысаналы жинақ шоты (НЖШ) ашылған күннен бастап нысаналы жинақтардың (НЖ) сомасы туралы мәліметтерді береді.

ЖЗШ-дағы, НЖШ-дағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар, ШЗШ құпиясын құрайтын мәліметтер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 4-тармағында, 56-бабының 4-тармағында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының (Баланың құқықтары туралы заң) 7-7-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарға берілуі мүмкін.

БЖЗҚ жинақтар мен ШЗШ-ның жай-күйі туралы ақпарат беруге байланысты қызметті жүзеге асырған кезде дербес деректерді жинау және өңдеу субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз жүргізіледі.

БЖЗҚ ұсынатын, жинақтар мен ШЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратта келесі мәліметтер (олар болған жағдайда) қамтылады:

1) сұратылып отырған кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша жинақтар мен аударылған ЖМЗЖ сомасы туралы мәліметтер;

2) сұратылып отырған кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы мәліметтер;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы бекіткен және сұратылып отырған кезеңнің соңында қолданыстағы инвестициялық кірістен және зейнетақы активтерінен түсетін комиссиялық сыйақының шамасы туралы мәліметтер;

4) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, шотқа есептелген МЗЖ-ның, ЖМЗЖ-ның, МКЗЖ-ның, ЕЗЖ-ның, өсімпұлдың, НЖ-ның, зейнетақы жинақтары аударымдарының, нысаналы жинақ төлемдерінің, зейнетақы төлемдерінің, зейнетақы төлемдерінен және (немесе) БЗТ-дан ұсталған жеке табыс салығының (ЖТС) (ЖТС ұстау болған кезде) сомасы туралы мәліметтер;

5) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, шотта көрсетілген өзге операциялардың сомасы туралы мәліметтер;

6) БЗТ жүзеге асыру үшін қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтер;

7) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беру үшін қолжетімді, МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтер.

Зейнетақы жинақтарының, ШЗШ құпиясы МЗЖ салымшысының, өзіне МКЗЖ, ЖМЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісімі негізінде  МЗЖ салымшысына, өзіне МКЗЖ, ЖМЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаға, зейнетақы төлемдерін алушыға, кез келген үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін.

Нысаналы жинақтардың құпиясы нысаналы жинақтарды алушыға БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен ашылуы мүмкін.

Баланың құқықтары туралы заңға сәйкес БЖЗҚ нысаналы талаптардың, нысаналы жинақтардың сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсынады.

БЖЗҚ-да ЖЗШ, ШЗШ ашқан кезде БЖЗҚ-ның жинақтардың, ШЗШ-ның жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілі автоматты түрде ұйғарым бойынша «БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы жеке кабинет және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы» және «БЖЗҚ-ға жеке өтініш жасаған кезде» тәсілдерімен анықталады.

Барлық қолданыстағы ЖЗШ бойынша БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілі автоматты түрде ұйғарым бойынша «БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы жеке кабинет және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы» тәсілімен толықтырылады.

БЖЗҚ-да 01.07.2023 ж. дейін ЖЗШ ашылған жеке тұлғаларда өздері және БЖЗҚ арасында қол қойылған келісімдерде анықталған кезеңділікпен және тәсілдермен зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алу құқығы сақталады.

Назар аударыңыз:

БЖЗҚ:

 1) шоттағы ақша қалдықтары және оның қозғалысы туралы мәлiметтердi қамтыған жинақтардың құпиялығына кепілдік береді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аударылған ЖМЗЖ мөлшері және өзге де түсімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтерді қамтитын, жеке тұлғалардың атына ашылған ШЗШ құпиялығына кепілдік береді.

БЖЗҚ-да 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ЖЗШ ашылған жеке тұлғаларға БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты келесі жағдайларда ұсынбайды (тоқтатады):

1. ақпарат беру күніндегі жағдай бойынша ЖЗШ-да ақша болмаған жағдайда;

2. БЖЗҚ МО АЖ-жан және (немесе) өзге де ақпарат көздерінен келесі мәліметтерді алған жағдайда:

>> БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы мәліметтер;

>> шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұру жеріне кетуі және (немесе) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күшін жою туралы, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы мәліметтер;

3. алдыңғы күнтізбелік жыл үшін атына ЖЗШ ашылған жеке тұлғаларды хабардар ету жөніндегі науқанды өткізу қорытындыларына қатысты тапсырылмаған конверттер бойынша ақпарат берілген жағдайларда;

4. «БЖЗҚ-ға жеке жүгінген кезде» және «БЖЗҚ-ның интернет-ресурсының жеке кабинеті және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы» хабарлау тәсілін таңдаған жағдайда.
ЖЗШ-дан үзінді көшірмені е-mail-ға қалай алуға болады?

«ЖЗШ-дан үзінді көшірмені е-mail-ға алу» электрондық қызметі міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаға, зейнетақы төлемдерін алушыға БЖЗҚ-дағы шотынан алынатын үзінді көшірмені өзінің электрондық мекенжайына дербес жіберуге мүмкіндік береді.

Шоттан үзінді көшірмеде құжаттың электрондық нұсқасына веб-сілтеме болады. Веб-сілтеме осы құжат берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде қолжетімді.

Шоттан үзінді көшірме алу үшін:

  • «ЖЗШ-дан үзінді көшірмені е-mail-ға алу» электрондық қызметін таңдау;
  • электрондық нысанға ЖСН және электрондық мекенжайды енгізу;
  • шоттан үзінді көшірмені қалыптастыру кезеңін (басы мен соңын) таңдау қажет.