Сұрақ - жауап

Мысалы: Жинақтар

Зейнетақы жүйесі

Зейнетақы аннуитеті шартын жасауға кім құқылы?

БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына (СҰ) аударуға құқығы бар тұлғалар келесілер болып табылады:

- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын:

1) зейнет жасына жеткен адамдар: ерлер – 63 жасқа толғанда; әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады);

2) 45 жасқа толған адамдар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде.

- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын:

1) зейнет жасына жеткен адамдар: ерлер – 63 жасқа толғанда; әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады);

2) өздеріне МКЗЖ жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 ай төленген, 40 жасқа толған адамдар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде.

26.03.2025
Сақтандыру компаниясына аудару үшін қандай құжаттар тізімі қажет?

Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару үшін, БЖЗҚ-ға өтініш беру әдісіне қарай (жеке/үшінші тұлға арқылы) барлық қажетті құжаттардың өзекті тізбесімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/annuitet/57502/

26.03.2025
Сақтандыру компаниясынан БЖЗҚ-ға қалай қайтаруға болады?

Зейнетақы аннуитеті шартын жасаған адамдар оны жасаған күннен бастап екі жылдан кейін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару туралы өтінішпен сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.

БЖЗҚ-ға қайтарылуы тиіс ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасы мен зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні Кодекстің 225-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысы сомасының арасындағы айырма

Басқаша айтқанда, зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмайтын айлық сақтандыру төлемінің мөлшерін өмір бойы қамтамасыз ететін сома сақтандыру ұйымында қалуы тиіс.

26.03.2025