Сапа саласындағы саясаты

2022-2026 жылдарға «БЖЗҚ» АҚ-дағы сапа саласындағы саясат

Қор өз қыметін Қор Жарғысы мен Корпоративтік сртратегияға сәйкес жүзеге асырады және жинақтаушы зейнетақы қалыптастыру мен жоспарлауға дербес тәсілмен жоғары технологиялық қаржы институты.

Қордың негізгі мақсаты (миссия) – зейнетақы жинақтарын сенімді есепке алу және әрбір салымшыға қолжетімді, сапалы зейнетақы қызметтерін көрсету.

Өз қызметінде ISO 9001 сериясы халықаралық стандартындағы сапа менеджменті жүйесінің (бұдан әрі – СМЖ) қағидаттарын ажырамай орындай отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекет, серіктестер мен жеткізушілер алдындағы міндеттемелерді орындай отырып, Корпоративтік стратегияға сәйкес миссияны іске асыра отырып, Қор:

  • үздік әлемдік тәжірибені ескеріп зейнетақы қызметтерін көрсету мен әрбір қатысушымен қарым-қатынас жасаудың дербес тәсілін қамтамасыз етеді;
  • ЖЗЖ мәселелері бойынша жұртшылықпен және БЖЗҚ контрсеріктестерімен тиімді қарым-қатынас жасайды;
  • Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Қор өз қызметінің бағыттарын іске асыру үшін:

  1. Қордың корпоративтік сайтында ақпараттық-анықтамалық деректерді толтыру мен өзектендіруді;
  2. корпоративтік сайт және БЖЗҚ ұялы қосымшасы қызметін пысықтауды (зейнетақы қызметтерін дамытуға қарай);
  3. салымшылар мен алушылардың байланыс деректерінің қорын өзекті жағдайда ұстауды;
  4. сапа қызметін өз бетінше бағалауды және тәуекелдерді басқару құралдары мен ішкі бақылау жүйесі арқылы зейнетақы қызметтерінің стандарттарын сақтауға мониторинг жүргізуді;
  5. үдерістерді оңтайландыру мен автоматтандыруды (зейнетақы қызметтері мен ІТ-технологияларды дамытуға қарай);
  6. төмендегілерді:
    зейнетақы және меншікті активтер бойынша жылдық қаржылық есептілік аудитін;
    Қордың сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін және оның ISO 9001 стандартының талаптарына сәйкестігін растауды;
    Қордың ІТ-инфрақұрылымы мен ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің ҚР заңнамасының талаптарына, сондай-ақ ISO 20000 және ISO 27001 халықаралық стандарттарына сәйкестігін;
    Қордың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін сыртқы тәуелсіз бағалаудан өтуді;

  7. Қордың корпоративтік құндылықтары мен ұмтылыстарын бөлісетін қажет дағдылары мен біліктілігі бар жақсы хабарланған, ұйымшыл, адал кәсіпқойлар командасын құруды ;
  8. ішкі коммуникациялар жүйесін дамытуды;
  9. ортақ ІТ-архитектурасының аясында ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін өзекті жағдайда ұстауды;
  10. байланыс арналарының қажетті жылдамдығы мен өткізу қабілетін;\
  11. Қордың үздіксіз қызметін;
  12. жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша халықтың қаржылық-құқықтық сауатын көтеруге, сондай-ақ электрондық зейнетақы қызметтерін пайдаланушылардың цифрлық сауатын көтеруге бағытталған ақпараттық-насихаттау жұмысын әрбір нысаналы аудитория ерекшелігін ескеріп ұйымдастыру мен өткізуді;
  13. бұқаралық ақпарат құралдарымен коммуникацияны және цифрлық коммуникацияларды дамытуды;
  14. зейнетақы жоспарлау мәдениетін алға бастыруды, болжамды зейнетақы калькуляторы есептеулерінің нәтижесін және нақты салымшылардың жағымды әрі жағымсыз мысалдарын келтіріп, міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу тұрақтылығын;
  15. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді іске асыру бойынша құзыретті орган қызметтерін орындауды;
  16. ЖЗЖ мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеуге қатысуды;
  17. контрсеріктестермен ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету міндеттемесін алады.

Сапа менеджменті жүйесіне бейімділік, бастамашылдық пен кәсіпқойлық – Қордың әрбір қызметкерінің бойындағы қасиет, мұның арқасында зейнетақы қызметтері жетілдіріледі. БЖЗҚ басшылығы мен қызметкерлері салымшылар мен зейнетақы жинақтарын алушылар алдында Қор қызметін үнемі жетілдіру, ресурстарды үнемді әрі ұтымды пайдалану үшін жауапты.

Қор басшылығы өз қызметкерлерінің бейімділігін, бастамашылдығы мен кәсіпқойлығын жоғары бағалайды, осы Саясат барлық деңгейде қолдау табады деп үміттенеді және қабылданған міндеттемелерді орындауға қажет ресурстарды бөлу міндеттемесін алады.


«БЖЗҚ» АҚ-ның 2022-2026 жылдарға арналған сапа саласындағы саясаты «БЖЗҚ» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 16 ақпандағы №9-шы хаттамасымен бекітілген