Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге ақы төлеуге қалай пайдалануға болады

Біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) алатын, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы.

Уәкілетті оператор – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан БЗТ алу үшін БЖЗҚ-мен МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан БЗТ аударылатын, арнайы шоттар ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға (заңды тұлғалар).

БЗТ өз пайдасына немесе жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында келесі шарттардың бірі болған кезде жүргізіледі:

  • егер МЗЖ салымшысының жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асқан жағдайда;
  • егер Кодекстің 207-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдар үшін зейнетақы мөлшері, сондай-ақ Кодекстің 207-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдардың ай сайынғы қамтылым мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз еткен жағдайда жүргізіледі. Орташа айлық табысты алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнетке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық табыстан аспайтын табысы ескеріледі;
  • егер МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда;
  • егер МЗЖ салымшысы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болған жағдайда.
  • БЖЗҚ-дан МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан БЗТ Кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жеке табыс салығы түріндегі ұстап қалулар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 

МЗЖ есебінен қалыптастырылған БЗТ мөлшері:

  • Кодекстің 220-бабының 3-тармағының екінші азат жолында көрсетілген адамдар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауы тиіс;
  • Кодекстің 220-бабының 3-тармағының үшінші азат жолында көрсетілген адамдар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауы тиіс;
  • Кодекстің 220-бабының 3-тармағының төртінші және бесінші азат жолдарында көрсетілген адамдар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы тиіс.
БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан БЗТ алу үшін уәкілетті оператор ашқан арнайы шоттарға БЗТ аударады. Бүгінгі күні БЗТ алуға өтініштер қабылдайтын уәкілетті операторлар - «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Фридом Банк Казахстан» АҚ. Уәкілетті оператор БЗТ-ға берілген өтініш қаралғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді. БЖЗҚ уәкілетті оператордан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде БЗТ-дан бас тарту үшін негіздер болмаған кезде уәкілетті операторға алушының БЗТ сомасын аударады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асырғанға дейін МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) өзінің зейнетақы жинақтарын тексеріп, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында алып қоюға қолжетімді зейнетақы жинақтары сомасының бар екеніне көз жеткізуі тиіс.

Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және (немесе) ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте немесе электрондық үкімет порталында тексеруге болады.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алып қою тәртібін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлейді және бекітеді..

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделуге ақы төлеуге алу тәртібін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлейді және бекітеді.


БЖЗҚ-мен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында өзара іс-қимыл туралы келісімдер жасаған уәкілетті операторлардың тізімі

Уәкілетті оператордың атауы

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында қосалқы мақсаттар

Емделу ақысын төлеу мақсатында қосалқы мақсаттар

«Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (соңғы есеп айырысу)

Орфандық ауруларды емдеу

Жеке тұрғын үй құрылысы (меншігінде жер учаскесі болған жағдайда)

Реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық)

Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу

Радионуклидтік және радиойодтерапия

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Радиохирургиялық емдеу

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті толық өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Протондық терапия

Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызын алу (құрылысты қоспағанда)

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара өтеу

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті толық өтеу

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) ипотекалық тұрғын үй қарызын алу

Төлемді бөліп төлей отырып, сатып алу, жекешелендіру, сатып алу-сату құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша ішінара төлем

Төлемді бөліп төлей отырып, сатып алу, жекешелендіру, сатып алу-сату құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша толық төлем

Жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық - нысаналы мақсаты бар азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке жер учаскесін сатып алу (соңғы есеп айырысу)

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша немесе көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы акт жасау кезінде тұрғын үйді (пәтерді) сатып алу (соңғы есеп айырысу)

Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинағына салымды толықтыру

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

«Банк ЦентрКредит» АҚ

 «Altyn Bank» АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ)

«Фридом Банк Казахстан» АҚ

Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті толық өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруге қолжетімді соманы қалай тексеруге болады

Қадамды нұсқаулық

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) жүзеге асыруға, сондай-ақ МЗЖ, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы туралы ақпаратты мына әдістер бойынша алуға болады:

1 нұсқа. БЖЗҚ сайтының жеке кабинеті арқылы. Ол үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) және құпиясөзді енгізу керек немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.

1-қадам.

1-қадам.

2-қадам.

2-қадам.

3-қадам.

3-қадам.

2 нұсқа. БЖЗҚ ұялы қосымшасының жеке кабинеті арқылы

1-қадам. БЖЗҚ ұялы қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы жүктеп алыңыз.

2-қадам. «Кабинет» бөліміне өту:

2-қадам. «Кабинет» бөліміне өту:

2-қадам.

Еgov.kz сайтында пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін, «БЖЗҚ аударымдары туралы ақпарат»қызметі басты беттеті «Танымал қызметтер» бөлімінде көрсетілген.

eGov mobile ұялы қосымшасында «Қызметтер» бөліміне өтіп, әрі қарай «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөліміне өту қажет, содан кейін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат» қосымшасын басу керек.

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін айқындаудың өзгертілген әдістемесіне сәйкес есептелген МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану шеңберінде 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектері

Жасы

Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілігінің шегі, теңге

Жасы

Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілігінің шегі, теңге

20

6 670 000 

42

14 160 000 

21

6 960 000 

43

14 560 000 

22

7 250 000 

44

14 980 000 

23

7 540 000 

45

15 400 000 

24

7 840 000 

46

15 820 000 

25

8 150 000 

47

16 250 000 

26

8 460 000 

48

16 690 000 

27

8 770 000 

49

17 140 000 

28

9 090 000 

50

17 590 000 

29

9 420 000 

51

18 050 000 

30

9 750 000 

52

18 510 000 

31

10 090 000 

53

18 980 000 

32

10 430 000 

54

19 460 000 

33

10 780 000 

55

19 950 000 

34

11 130 000 

56

20 450 000 

35

11 490 000 

57

20 950 000 

36

11 850 000 

58

21 460 000 

37

12 220 000 

59

21 970 000 

38

12 600 000 

60

22 500 000 

39

12 980 000 

61

23 030 000 

40

13 370 000 

62

23 570 000 

41

13 760 000 

-

-

МЗЖ салымшылары, МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушылар қысқа 1418 нөмірі байланыс орталығы арқылы кеңес ала алады (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), сондай-ақ қажет болған жағдайда жақын жердегі БЖЗҚ бөлімшесіне хабарласуына болады. Барлық мекен-жайлар мен байланысу нөмірлері интернет-ресурста көрсетілген.

Сонымен қатар, бізбен +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары арқылы байланысуға болады. Сондай-ақ Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілері арқылы да хабарласа аласыздар.