п/п

Атауы

Мақсаты

Ішкі

Сыртқы

  1.  

Зейнетақы есебінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

Заңмен қорғалатын құпияны жарияламау туралы талаптарды ескере отырып:

1) өз атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 55-бабында көзделген ережелерді ескере отырып:

оның ішінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің  262-бабы 5-тармағының ережелерін ескере отырып, оның сұрау салуы бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы;

міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарының біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін қолжетімді сомасы туралы;

міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарының инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін қолжетімді сомасы туралы;

2) өз атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары туралы;

3) нысаналы талаптарға қатысушыға немесе оның заңды өкіліне - нысаналы талаптардың сомасы туралы;

4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-7-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, нысаналы жинақтау шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге нысаналы жинақтардың сомасы туралы;

5) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің  55 бабының 3 және 4 тармақтарында көрсетілген тұлғаларға - жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы;

6) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің  56 бабының 3 және 4 тармақтарында көрсетілген тұлғаларға - жұмыс берушінің аударылған міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ тиісті қаржы жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленген зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы;

7) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 7-7 бабының 3 және 4 тармақтарында көрсетілген тұлғаларға - нысаналы жинақтарды алушылардың нысаналы жинақтау шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы;

8) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-на - зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, қайтару, тоқтату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өзара іс-қимыл шеңберінде;

9) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл шеңберінде;

10) уәкілетті операторларға - біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, төлеу және қайтару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өзара іс-қимыл шеңберінде;

11) сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен өзара іс-қимыл шеңберінде,

сұрау салу бойынша ақпаратты беру және (немесе) өзара іс-қимыл шеңберінде оны пайдалану.

+