Филиалды таңдаңыз:
«БЖЗҚ» АҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы «БЖЗҚ» АҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады.
«БЖЗҚ» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында тұр.
«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерін басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңеспен бірлесіп жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық Қорды басқару жөніндегі кеңеске берілді.
МИССИЯСЫ:
Қызмет сапасын көтеру, зейнетақы активтерін дұрыс есепке алу, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін көтеру арқылы зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда салымшыларға ұйымдастырушылық көмек көрсету.
КЕЛЕШЕК:
БЖЗҚ – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының сенімді бірыңғай басқарушысы және операторы.
ҚЫЗМЕТТЕР:
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды
төлемдерді ресімдеу;
салымшыларға (алушыларға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жеке зейнетақы шотынан ақпарат беру;
жеке зейнетақы шоттары иелерінің деректемелерін өзгерту (жеке және байланыс ақпараты);
жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша тегін кеңес беру.