"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
 жеке
 кабинет
 бізге
 жазыңыз
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы
Қор туралы қысқаша мәлімет

ҚОРДАҒЫ МАНСАП

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР


БЖЗҚ біздің келешегімізге үлес қосатын адамдарды іздестіруде. Сіз секілді адамдарды іздестіруде. Өз ойыңызды нақты шешімге айналдырыңыз! Өзіңіз үшін білім мен іскерлікті қолданатын мүмкіндік ашыңыз! Шексіз мүмкіндіктерге толы мансапты елестетіп көріңіз!

Біз өзін зейнетақымен қамсыздандыру саласында көретін көшбасшылық қасиеті бар адамдарды бағалаймыз.

Үміткерлердің мінездемесі:

Егер біздің командада жұмыс істеуге дайын болсаңыз – resume@enpf.kz электрондық поштасына өз түйіндемеңізді жолдаңыз, бос жұмыс орындары бойынша байл.тел.: +7(727)356-10-60 iшкі 5158, call-центр 1418.


Лауазым: Операциялық аудит басқармасының бас маманы 

Бөлімше: Ішкі аудит департаменті
Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары экономикалық немесе техникалық, немесе заңгерлік білім;

Жұмыс дағдылары және тәжірибесі:

- қаржы қызметтерін ұсыну немесе реттеу бойынша ұйымдарда – кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы тиіс,

- Ішкі аудиторлар институты әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарының және/немесе халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының негіздерін білуі құпталады.

- ОАБ бас маманы компьютермен және басқа кеңсе техникасымен, Microsoft Оffice, (Word, Excel), Outlook, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі тиіс.

Қызметкердің негізгі лауазымдық міндеттері:

1) өзіне бекітіліп берілген мәселелер бойынша аудиторлық тексерістерді сапалы деңгейде және уақтылы жүзеге асырады;

2) Қордың ішкі аудит бойынша ішкі құжаттарына сәйкес қызметті, корпоративтік басқаруды қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты Қордың орталық аппараты мен филиалдары жүзеге асыратын қызметке және бизнес-үдерістерге аудиторлық тексерістер жүргізуді жоспарлау бойынша жұмыстарды орындайды;

3) Қордың бизнес-үдерістеріне тән тәуекелдерді анықтайды және бағалайды;

4) еңбек шартында көзделген өзге де міндеттерді орындайды. 


Лауазымы: Бас маман (1С әзірлеуші)

Бөлімше: Цифрландыру департаменті Ақпараттық жүйелерді әзірлеу басқармасы

Қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары техникалық

Жұмыс өтілі инженер-техникалық лауазымында кемінде 2 жыл: 1С өнімдерімен: Қазақстанға арналған бухгалтерия, ЖҚБ – кемінде 2 жыл.

Қызметтік міндеттері:

-  Техникалық тапсырмаға сәйкес компанияның бизнес-процестерін келесі конфигурацияларда автоматтандыру: Қазақстанға арналған 1С Бухгалтерия, 1С ЖҚБ, 1С Кәсіпорынды бюджеттеу,

-   Қазақстанға арналған 1С Бухгалтерия, 1С Кәсіпорынды бюджеттеуді жаңарту және өзекті күйде ұстау,

-  1С пайдалану бойынша компания қызметкерлеріне кеңес беру және қолдау,

-  1С платформасында бағдарламалық қамтамасыз етумен байланысты оқиғаларды жедел шешу,

-  1С: КД 2.0/3.0 конфигурациялары арқылы алмасу ережелерін жаза білу. 1С кодын оңтайландыру және өнімділік дағдылары.

Дағдылар:

- 1С бағдарламалау тілін жоғары деңгейде білу (маман жаңа функционалдылықты дамыта білуі және басқа біреудің кодындағы сәйкессіздіктерді/қателерді жоя білуі керек),

- Типтік емес конфигурацияларды жаңарту тәжірибесі болуы керек.

- Үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білуі керек.

- 1С сертификаттарының болғаны жөн.


Лауазымы: Бас маман

Бөлімше: Заң департаментінің Ішкі қызметті құқықтық қамтамасыз ету басқармасы

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары заң білімі;

Жұмыс тәжірибесі: лауазымның функционалдық бағыттары бойынша кемінде 2 (екі) жыл.

Қосымша талаптары:

- құқықтық мәселелер бойынша құқықтық қорытындылар, хаттар және ұсынымдық сипаттағы түсініктемелер дайындаудағы жұмыс тәжірибесі (құқықтық терминологияны, мәтінді сауатты баяндауды және сөйлеуді меңгеру; талдау жүргізе білу);

- Қазақстан Республикасында өткізілетін мемлекеттік сатып алуды немесе өзге де сатып алуды ұйымдастыру немесе оған қатысу процесінде жұмыс тәжірибесі;

- талап - арыз материалдарын дайындаудағы және сотта мүдделерді қорғаудағы жұмыс тәжірибесі;

- мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарымен өзара әрекет ету тәжірибесі;

- үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу, жақсы есте сақтау қабілеті.

Қызметкердің функционалдық міндеттері:

1) Қордың шаруашылық қызметі аясында Қор заңды және жеке тұлғалармен жасайтын шарттар (келісімшарттар, келісімдер, қосымша келісімдер) жобаларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді;

2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарда және қажет кезде басқа ұйымдарда Қор мүддесін білдіреді;

3) Қордың шаруашылық қызметі мәселелері бойынша құқықтық сипаттағы жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарайды, олар бойынша жауаптар немесе заңды қорытындылар дайындайды;

4) Қордың шаруашылық қызметін жүзеге асыруы барысында туындайтын мәселелер бойынша заң қорытындыларын береді, Қор жүзеге асыратын сатып алуға байланысты құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді;

5) Қордың шаруашылық қызметіне және сатып алуына қатысты түскен сұраныстарға сәйкес құқықтық мәселелер бойынша хаттар мен ұсыным сипатындағы түсіндірулер дайындайды;

6) Қор қызметкерлерін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту жөніндегі материалдарды қарауға қатысады;

7) Жарғыны және оған енгізілген өзгерістерді/толықтыруларды, сондай-ақ ҚР әділет органдарындағы Қордың филиалдары туралы ережелерді мемлекеттік тіркеу бойынша іс-қимылдарды жүзеге асырады;  

8) Қордың ішкі нормативтік құжаттарының жобаларына ҚР заңнамасына сәйкестігі және оны Қор бөлімшелерінің дұрыс, біркелкі қолдануы тұрғысынан заңдық сараптама жүргізеді;

9) "ІНҚ тізілімі" ішкі нормативтік құжаттардың бірыңғай электрондық базасын жүргізуді және Қордың ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелерін Қордың ішкі интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады;

10) Басқарманың құзыретінің аясында Қорға "Электрондық өтініштер" ақпараттық сараптамалық жүйесі («Е-Өтініш» АЖ) арқылы түсетін өтініштер, хабарламалар, сұраныстар, пікірлер мен ұсыныстарды (бұдан әрі – өтініштер) уақытылы қарастыруды, өтініштерге сай шаралар қолдануды, өтініштерді қарастыру нәтижесі мен қолданылған шаралар туралы немесе өтініштерінің құзыретіне сәйкес басқа субъектілердің қарастыруына жіберілгені туралы өтініш иелерін хабарландыруды қамтамасыз етуді;

11) түскен өтініште шағым белгілерінің болуы туралы тікелей басшысын немесе Басшыны дереу хабарландыруды қамтамасыз ету;

12) Бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тікелей басшының және бөлімше басшысының (сондай-ақ басшының орынбасарының) тапсырмасы бойынша өзге де функциялар.

Жұмыс дағдылары: Қызметкер компьютерде және басқа да кеңсе техникасында жұмыс жасай алуы керек, MS Word – негізгі деңгей, MS Excel – негізгі деңгей, Outlook. 


ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР


Осы хатпен Қордың қаржы мамандықтары бойынша тәжірибеден өтушілерді қабылдауға дайын екендігін хабарлаймыз.