Басшылық

Құрманов Жанат Бостанұлы
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы. «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
Туған күні: 22.02.1962
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарма төрағасының функциялары:
Қордың жалғыз акционері мен Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне кірмейтін барлық мәселе бойынша Қор қызметін жалпы басқаруды және бақылауды жүзеге асырады.
2019 жылы 31 мамырда атқарушы орган өкілі ретінде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды (20.07.2020 жылы қайта сайланды).
Қазақстан Республикасының заңнамасына, «БЖЗҚ» АҚ Жарғысына, Директорлар кеңесі туралы ережеге және басқа да ішкі құжаттарға сәйкес Директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарады.
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер бойынша комитетінің құрамына кіреді.

Егеубаева Сәуле Асқарқызы
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі
Туған күні: 06.05.1977
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарма Төрағасы орынбасарының функциялары:
- Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі саласындағы актуарлық зерттеулер және Қордың дамуы мен стратегиялық талдау;
- тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуі мен өзектілігін қамтамасыз ету;
- тәуекелдерге бейімділігін ескеріп, инвестициялар портфелін сараптау;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қор қызметі, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету;
- өңірлік желіні дамыту және ілеспе қызмет көрсету;
- қашықтан кеңес беру қызметін көрсету;
- Қор филиалдарының қызметі;
- өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша жұмысты жалпы басқаруды, үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.

Мадиева Айжан Маратовна
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі
Туған күні: 26.04.1966
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарма Төрағасы орынбасарының функциялары:
- Меншікті активтер бойынша бухгалтерлік есепке алу және есептілік;
- Қор қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
- проблемалы активтер;
- Қор бюджетін қалыптастыру (жоспарлау) және оның орындалуын бақылау;
- табыс және шығыс сметасын (бюджет) жоспарлау, орындау және бақылау бөлігінде Қор қызметін қаржылық-экономикалық сараптау;
- өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша жұмысты жалпы басқаруды, үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.

Мухатов Арман Тимурович
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Басқармасының мүшесі, Басқарушы директор
Туған күні: 24.09.1970
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарушы директордың функциялары:
- Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының арнайы нормалары қолданылмай жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді басқа сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
- Қордың әкімшілік-шаруашылық қызметі;
- Қордың құжат айналымы мен мұрағатын жүргізу;
- зейнетақы және меншікті активтер есебінен құралған инвестициялық портфельді сараптауды қамтамасыз ету;
- зейнетақы активтері есебінен құралған инвестициялық портфельді басқару тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
- өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша жұмысты жалпы басқаруды, үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.

Төлегенова Жанар Қорғанбекқызы
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Басқарушы директоры
Туған күні: 12.05.1978
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
- салымшыларға (алушыларға) зейнетақы жинақтарын төлеу және аудару бойынша операциялық жұмыстар, оның ішінде зейнетақы жинақтарын төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктермен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге ұйымдармен қарым-қатынас жасау;
- зейнетақы активтерін бухгалтерлік есепке алу және есептілік;
- кастодиан шот бойынша операцияларды есепке алу және бақылау;
- салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері бойынша операциялық жұмыс пен есеп айырысу операцияларын қамтамасыз ету;
- Қордың деректер базасында есепке алынатын салымшылармен (алушылармен) жасалған зейнетақы шарттары бойынша бақылау;
- Қор салымшылары мен алушыларын жыл сайынғы хабарландыру;
- өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша жұмысты жалпы басқаруды, үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.

Бозжанов Нурсеит Сеилович
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Басқарушы директоры
Туған күні: 03.02.1972
Азаматтығы : Қазақстан Республикасы
Басқарушы директордың функциялары:
- Қордың ақпараттық жүйелерінің жұмысы мен дамуы;
- жаңа ақпараттық жүйелерді ендіру;
- ақпараттық жүйелердің нысаналы архитектурасын қолдау үшін оңтайлы технологиялық шешімдерді таңдау;
- Қордың ақпараттық жүйелерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету;
- АТ инфрақұрылымын дамыту және ұйымдастыру;
- құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасау;
- «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер қорынан алынған мәліметтер негізінде нысаналы талаптарға қатысушылардың тізімін құру мәселелері бойынша жұмысты жалпы басқаруды, үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.