Сұрақ - жауап

Мысалы: Жинақтар

Зейнетақы жүйесі

Жеке зейнетақы шоты қалай ашылады?

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 38-бабының 2-тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі  - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын немесе өсімпұлды аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде ашылады.

БЖЗҚ-да жеке тұлғаның МЗЖ немесе МКЗЖ есепке алу үшін ашық жеке зейнетақы шоты (бұдан әрі - ЖЗШ) болмаған жағдайда, ЖЗШ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан келіп түскен, агенттің БЖЗҚ-ға аударған МЗЖ немесе МКЗЖ бастапқы сомасы (ЖЗШ ашудың өтінішсіз сипаты) негізінде ашылады. ЖЗШ ашудың өтінішсіз сипаты 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап – міндетті зейнетақы жарналарына қатысты; 2021 жылғы 1 мамырдан бастап – ерікті зейнетақы жарналарына қатысты; 2021 жылғы 26 қазаннан бастап - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына қатысты қолданылады.