Сұрақ - жауап

Мысалы: Жинақтар

Зейнетақы жүйесі

Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту (және) немесе емделу ақысын төлеу мақсатында қалай пайдалануға болады?

Жеке табыс салығын (ЖТС) ұстап қалу кейінге қалдырылған кезде/ЖТС төлеу сәтінде бірден толық көлемде ұстап қалған кезде, БЗТ қолжетімді сомасын, Сіз Жеке тұлғаның кабинетінің басты бетінен көре аласыз.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде (Кодекс) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту (және) немесе емделу ақысын төлеу мақсатында БЗТ мынадай шарттардың бірі болған кезде:

1) егер МЗЖ салымшысының жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) МЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы жинақтарының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асса, жүргізіледі.

Бұл ретте МЗЖ есебінен қалыптастырылған БЗТ мөлшері:

уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы МЗЖ салымшысының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасы мен ЕЖШ арасындағы айырма сомасынан аспауы тиіс.

ЕЖШ ретінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен болмайтын ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес анықталған, МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері қарастырылады.

ЕЖШ жынысына қарамастан әрбір жас үшін жеке есептеледі. ЕЖШ мөлшерлерімен Сіз БЖЗҚ сайтында келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/vyplaty/57499/:

2) егер Кодекстің 207-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдардың зейнетақы мөлшері, сондай-ақ Кодекстің 207-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдардың ай сайынғы қамтылым мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз еткен жағдайда, жүргізіледі. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады.

Бұл ретте Кодекстің 207-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген адамдар үшін БЗТ уәкілетті оператордан (бұдан әрі - УО) бастапқы электрондық хабарламаны алған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы төлемдерін алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауы тиіс.

3) егер МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда, жүргізіледі;

4) егер МЗЖ салымшысы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болған жағдайда, жүргізіледі.

Бұл ретте МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса немесе ол еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болса, онда БЗТ мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы тиіс. БЗТ есептеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен БЖЗҚ алатын келесі мәліметтер қолданылады:

-               жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін – зейнетақы тағайындау күніне белгіленген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасы бойынша зейнетақы төлемінің мөлшері туралы мәліметтер қолданылады;

-               еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдар үшін, отставкадағы судьялар үшін – көрсетілген адамдар санаттарына тиесілігі туралы мәліметтер қолданылады;

БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ мобильді қосымшасында тұрғын үй жағдайларын жақсарту (және) немесе емделу ақысын төлеу мақсатында алып қоюға қолжетімді, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты онлайн түзімінде тексеру мүмкіндігі іске асырылды. Авторизациялаудың екі тәсілін қолдануға болады: ЖСН мен пароль енгізу не болмаса электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдану керек. Сондай-ақ, мобильді құрылғыда бар болса, мобильді қосымшаға кезекті кіру кезінде Touch ID немесе Face ID қолдануға болады. Ыңғайлы болу үшін пайдаланушы қызмет көрсету тілін: қазақ немесе орыс тілін таңдай алады.

Сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту (және) немесе емделу ақысын төлеу мақсатында алып қоюға қолжетімді МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталында және мобильді қосымшасында тексеруге болады.

БЗТ алуға құқығы бар және тұрғын үй жағдайларын жақсарту (және) немесе емделу ақысын төлеу мақсатында МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдаған МЗЖ салымшылары (зейнетақы төлемдерін алушылар) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті операторға (бұдан әрі - УО) УО-ның интернет-ресурсы арқылы ЭЦҚ-мен қол қоя отырып,  БЗТ алуға өтінішпен жүгіне алады.

БЖЗҚ мен УО электрондық ақпарат алмасу арқылы және тиісті өзара іс қимыл туралы келісімдер негізінде өзара іс-қимыл жасайды.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-мен, «Altyn Bank» АҚ-мен, «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен және «Фридом Банк Казахстан» АҚ-мен өзара іс-қимыл туралы келісім жасады.

МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) өз өтінішінде БЗТ пайдалану мақсаттарын және нысаналы пайдалануға жіберілетін соманы көрсетеді. УО МЗЖ салымшыларының (зейнетақы төлемдерін алушылардың) өтініштерін қарайды және мақұлдау туралы шешім қабылдайды, БЖЗҚ-дан УО-да ашылған МЗЖ салымшыларының (зейнетақы төлемдерін алушылардың) арнайы шоттарына БЗТ аудару бойынша БЖЗҚ-мен өзара іс-қимыл жасайды, БЗТ-ның нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді.

УО БЗТ-ға өтінішті қарастырып, мақұлдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді.

УО-дан электрондық хабарлама алғаннан кейін БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) БЗТ сомасын УО-ға аударады, ол өз кезегінде оны МЗЖ салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) арнайы шотына аударады.

Осылайша, азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту (және) немесе емделу ақысын төлеу мәселелері бойынша барлық өтініштері «бір терезе» қағидаты бойынша келіп түседі және оларды УО қарайды және азаматтар тарапынан БЖЗҚ-ға жеке өтініш жасау талап етілмейді. 

27.03.2025
БЗТ-ны Отбасы банкіне депозитке аудару туралы

Енгізілген түзетулерге сәйкес, Отбасы банкіндегі депозитте жинақтау мерзімі 6 жылға дейін ұзартылды. Ол бұрын 3 жыл болған.

Бұдан басқа, артық зейнетақымен толықтырылған Отбасы банкіндегі депозитті жақын туыстарына табыстауға болады. Бұл жағдайда  одан әрі үшінші тұлғаларға беруіне жол берілмейді.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрық 2024 жылдың 29 шілдесінде күшіне енді.

Жеткілікті шектен асқан зейнетақы жинақтарын Отбасы банкіне депозитке аударып, 6 жыл ішінде тұрғын үй құнының 50%-ын; жинақтауға болады. Егер осы уақыт аяқталғанға дейін заем ресімделмесе, ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Енді артық зейнетақымен толықтырылған Отбасы банкіндегі депозитті жақын туыстарына (ерлі-зайыптылар, ата-аналар, балалар, оның ішінде асырап алынғандар, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, аға және қарындас, оның ішінде бірге тумаған, аталар мен әжелер, немерелер) табыстауға болады.

Депозитті үшінші тұлғаларға табыстауға тыйым салынады!

27.03.2025
Биыл азаматтар ала алатын біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) ең төменгі және ең жоғары мөлшері қандай?

БЗТ мөлшері зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты және әр азамат үшін дербес есептеледі. ҚР Әлеуметтік кодексінің 224-бабына (4-тармақ) сай МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігіне жинақтары ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын салымшылар (жинағының жасына сәйкес ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалана алады), зейнетақы мөлшері зейнетке дейінгі табысының кемінде 40% құрайтын зейнеткерлер (жинақтарының 50% дейін пайдалана алады), зейнетақы төлемдерін еңбек сіңірген жылдары үшін алушылар, сондай-ақ, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (өз жинақтарының 100% дейін пайдалана алады) ие.

27.03.2025
Зейнеткерлер зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) емделуіне ақы төлеу мақсатында қалай пайдалана алады?

Зейнет жасына жеткен зейнеткерлердің зейнетақы төлемдері зейнетке шыққанға дейін алған жалақысының кем дегенде 40%-ын құраған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған өзінің жинаған жинағының 50%-ға дейінгі бөлігін тұрғын үй және емделуге пайдалана алады. Бұл коэффициент автоматты түрде есептеледі.

Пайдалануға болатын соманың бар-жоғын білу үшін www.enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетке кіру қажет. Басты бетте тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге пайдалануға болатын сома мөлшері бірден көрсетіледі.

Зейнеткер БЖЗҚ қаражатын тек тұрмыс жағдайын жақсарту үшін ғана емес, жақын туысқанына да пайдалана алады. Бұл жағдайда ол өтінішке туыстық қатынасты растайтын құжаттарды (туу туралы куәлік/неке туралы куәлік) қоса беруі керек.

27.03.2025
Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін мерзімінен бұрын алу болашақ зейнетақымның мөлшеріне әсер ете ме?

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі, ең алдымен, азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қамтамасыз етуге бағытталған. Азаматтардың зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары, сондай-ақ, зейнетақы активтері бойынша түскен инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылады. Осылайша болашақ зейнетақы көлеміне жарналардың жүйелілігі мен мөлшері, сондай-ақ, зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі әсер етеді.

БЖЗҚ-дан ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын алу болашақ зейнетақы төлемдері мөлшерінің азаюына себеп болады. Сондықтан жоғарыда атағандарды ескере отырып, зейнетақы қаражатын алу туралы шешім қабылдамас бұрын, зейнет жасына жеткенде қаншалықты көлемде зейнетақы алғыңыз келетінін шешіп, өзіңіз үшін маңызды басымдықтарды анықтап алғаныңыз жөн.

Естеріңізге сала кетейік, ең төменгі жеткіліктілік шегі (ТЖШ) - бұл ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) ай сайынғы төлемдерді қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі - бұл салымшының зейнет жасына толған кезінде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес деңгейдегі зейнетақы төлемдерін (мемлекеттік бюджеттен ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) алуы үшін шотта қалуы тиіс ең төменгі көрсеткіш.

27.03.2025