Сұрақ - жауап

Мысалы: Жинақтар

Зейнетақы жүйесі

Телефон нөмірін қалай өзгертуге болады?

БЖЗҚ сайтына немесе мобильді қосымшасына жеке тұлғаның Жеке кабинетіне құпия сөзді пайдалана отырып, немесе ЭЦҚ арқылы немесе eGov ұялы қосымшасы арқылы кіріңіз.

Авторлану сәтті аяқталғаннан кейін, «Қызметтер» бөліміне өтіп, «Қосымша деректемелерге/банк деректемелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» қызметін пайдаланыңыз.

Тиісті өзгерістерді енгізіп, «Сақтау» түймесін басыңыз, монитор экранында «Деректер сәтті өзгертілді» деген хабар пайда болады.

26.03.2025
Деректемелерді өзгерту туралы ақпаратпен қай жерден танысуға болады?

Қосымша деректемелерді өзгерту туралы ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз:

https://www.enpf.kz/kz/services/pension/ups/331/22032/

26.03.2025
Деректемелерге қалай өзгертулер енгізуге болады?

БЖЗҚ-да атына жеке зейнетақы шоты және (немесе) шартты зейнетақы шоты және (немесе) нысаналы жинақ шоты ашылған жеке тұлға (бұдан әрі - Жеке тұлға) БЖЗҚ-ға БЖЗҚ-ның міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабарлауға міндетті. БЖЗҚ-ның міндеттемелерін орындауына әсер ететін өзгерістерге келесілер жатады:

БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында тіркелу, электрондық таратылымдарды алу, жинақтардың жай-күйі туралы мәліметтерді алу мақсатында БЖЗҚ-ға бұрын ұсынылған тұрғылықты жерінің мекенжайы,

-электрондық мекенжайы (e-mail), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірі бойынша өзгерістер;

-төлемдерді алушының төлемге берілген өтініште көрсетілген банк деректемелері бойынша өзгерістер.

Көрсетілген деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін көрсеткен кезде (сәйкестендіру үшін) енгізіледі:

жеке тұлға немесе оның сенім білдірілген адамы БЖЗҚ кеңсесіне жеке өтініш жасаған кезде;

жеке тұлға немесе оның заңды өкілі пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы жүгінген кезде (электрондық пошта мекенжайын және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірін өзгерту үшін жүгінген жағдайларды қоспағанда);

жеке тұлға БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы жеке кабинет арқылы жеке өтініш жасаған кезде.

Сенім білдірілген адам жүгінген жағдайда қосымша нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшірмесі, атына шот ашылған Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылады.

Құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде аталған құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: БЖЗҚ сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ-ға қызметтер бойынша жүгінген кезде, сенім білдірушінің өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге берген келісімі міндетті түрде сенімхатта көрсетілуі қажет екендігі туралы хабарлайды! Әмбебап сенімхат үлгісін қараңыз!

28.03.2025