Сұрақ - жауап

Мысалы: Жинақтар

Зейнетақы жүйесі

ЕАЭО-ға мүше мемлекет еңбеккерлерінің Қазақстандағы еңбек өтілі туралы мәліметтерді кім береді?

Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономиялық одаққа мүше мемлекеттердің  енбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен өзара іс-қимылы туралы ережеге сәйкес, құзыретті органдар болып:

-1998 жылғы 1 қаңтардан бастап «БЖЗҚ» АҚ және оның аумақтық бөлімшелері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбеккерлерін (отбасы мүшелерін), мұрагерлерін немесе олардың  өкілдерін және олардың құжаттарын қабылдау, мәліметтер мен құжаттарды дайындау, өңдеу, зейнетақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімдер қабылдау, ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбек өтілін төлеуді (жеткізуді) ұйымдастыру;

- 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердiң жұмыс iстейтiн азаматтарының жұмыс өтiлiн растау үшiн Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Халықты әлеуметтiк қорғау  саласындағы реттеу және бақылау комитетi және оның аумақтық бөлiмшелерi табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Келісім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген және еңбекшілер мен оның отбасы мүшелеріне қатысты қолданылады.

Келісім ережелеріне сәйкес:

- еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру шарттары мен тәртібі сияқты жағдайда зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады (3-бап);

- Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-ға аударылған зейнетақы жарналары жатады (1-бап);

- еңбекшілерге (отбасы мүшелеріне) зейнетақы тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналасқан мемлекеттің азаматтары үшін қолданылатын шарттарда жүзеге асырылады (3-бап);

- Келісім шеңберінде тағайындалатын зейнетақы түрлері Келісімнің 2-бабында айқындалған.

Толық ақпаратпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/eaeu/57503/

27.03.2025
Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатсыз еңбек шарты не азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде жұмыс істейтін ЕАЭО елдерінің азаматтары ҚР-да міндетті зейнетақы жарналарын қай кезеңнен бастап төлеуі тиіс?

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Келісім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, сондықтан еңбек шарты не азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде ЕАЭО елдерінен (атап айтқанда Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Ресей Федерациясынан және Қырғыз Республикасынан) еңбекшіні тартқан жұмыс беруші 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ға еңбекшінің ай сайынғы табысының 10%-ы мөлшерінде (ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспайтын) міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударады.

27.03.2025
Қазақстан Республикасында уақытша жұмыс істейтін (тұруға ықтиярхатсыз/бейрезидент) Ресей Федерациясының азаматы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ға МЗЖ/МКЗЖ есебінен зейнетақы жарналарын еңгізуге міндетті ме?

Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында уақытша жүрген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары ҚР азаматтары сияқты міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен аудару арқылы өз зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға міндетті.

Бұл ретте қызметкерге (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматына, соның ішінде РФ азаматына) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ төлеу үшін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаудың қажеті жоқ, өйткені жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) болмаған жағдайда, ЖЗШ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан келіп түскен, пайдасына МЗЖ және (немесе) МКЗЖ аударылатын жеке тұлғалардың тізімі негізінде автоматты түрде ашылады.

Еңбекшілер өздерінің тұрғылықты мемлекетінің аумағында тұрып, бірақ ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында тіркелген жұмыс берушімен еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық келісім бойынша қашықтан жұмыс істейтін жағдайларды қоспағанда.

27.03.2025
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарын қалыптастырған ЕАЭО елінің еңбекшісі, азаматы қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасында жинақталған жарналардың жағдайы не болады? Оның жинақтары мұрагерлерге беріледі ме?

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматы, еңбекшісі қайтыс болған жағдайда, оларды біржолғы алу құқығы БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құқық белгілейтін құжаттар ұсынылған кезде, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арқылы мұрагерлеріне ауысады.

27.03.2025
БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару үшін жұмыс беруші қызметкерден қандай құжаттарды сұратуы тиіс?

Қызметкердің табысынан зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару үшін жұмыс беруші қызметкерден қосымша құжаттарды сұрамайды, өйткені қажетті деректер (ТАӘ/ТК) жұмыс берушіде бұрын ұсынылған (қызметкер жұмысқа тұрған кезде) жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдіктің, ЕАЭО елі азаматының шетелдік паспортының), сондай-ақ бейрезиденттің ЖСН негізінде бар болуы тиіс.

27.03.2025
Еңбек қатынастарының тоқтатылуына байланысты еңбекші жұмысқа орналастырушы мемлекеттен тұрғылықты тұратын мемлекетке оралған кезде, БЖЗҚ-дан МЗЖ есебінен қалыптастырылған өзінің зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар ма? Оларды алудың тәртібі қандай?

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Келісімнің 2-бабында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары, еңбекшілері алуына болатын зейнетақы түрлері анықталған.

Қазақстан Республикасында бұл - зейнеткерлік жасқа толған кезде, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2 топтардағы мүгедектік белгіленген кезде БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері.

Келісімнің 3-бабына сәйкес еңбекшілерге зейнетақыны тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарына арналған дәл сондай шарттарда жүзеге асырылады.

Зейнетақыны ресімдеу ЕАЭО елдерінің құзыретті органдары арқылы жүзеге асырылатын болады.

27.03.2025