Сұрақ - жауап
Зейнетақы жүйесі
БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдеріне келесі тұлғалардың құқығы бар:
- әйелдер 61 жасқа толғанда (жас бойынша бұл норма 2028 жылға дейін қолданыста болады, 2028 жылдан бастап 2031 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады);
- ерлер 63 жасқа толғанда;
Бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік зейнетақыны - базалық және ортақ зейнетақыны және БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақыны қамтыған, жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындау үшін жалпыға белгіленген зейнет жасына жеткен адамдар «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) бөлімшесіне бір өтінішпен және құжаттар топтамасымен жүгінсе, жеткілікті болмақ.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы төлемін алуға өтініш берген күн зейнет жасына толған, МЗЖ салымшылары, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалар үшін - Мемлекеттік корпорацияда алушының өтініші тіркелген күн. Бұл ретте, егер өтініш зейнет жасына толғаннан кейін тіркелген жағдайда, өтініш берген күн өтініштің тіркелген күні болып есептеледі; егер өтініш зейнет жасына жеткенге дейін тіркелген болса, өтініш берген күн зейнет жасына жеткен күн болып есептеледі.
БЖЗҚ зейнет жасына жеткен МЗЖ салымшыларының, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың зейнетақы төлемдерінің сомасын - Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдерінің кестелеріне сәйкес Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес, бірақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған күнінен ерте болмайтын мерзімде алушылардың банктік шоттарына аударады.
Зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын бірінші жылы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесі -6,5 % (зейнетақы жинақтарының сомасы * 6,5% / 12 = бірінші жылға ай сайынғы төлем мөлшері) көбейтіндісі ретінде есептеледі.
Бұл ретте зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын бірінші жылы ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерін төлеу республикалық бюджет туралы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің кемінде 70 пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады (2025 жылғы 01 қаңтардан бастап – 32 359,60 теңге = 70% * 46228,00).
Кейінгі жылдары зейнетақы төлемінің мөлшерін жыл сайын зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне 5%-ға ұлғайту жолымен айқындалады.
Егер кезекті зейнетақы төлемі жүзеге асырылғаннан кейін ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аз соманы құрайтын болса, бұл қалдық алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді (2025 жылы– 753 252,00 теңге = 12 * 62 771).
БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың құқығы бар.
Мүгедектігі мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ бөлімшесіне немесе электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда БЖЗҚ-ның сайтындағы жеке кабинет арқылы өтінішпен жүгінуі тиіс. Жеке кабинетте «Қызметтер» - «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» бөлімін таңдау қажет. Өтініш жасалған күн БЖЗҚ-да құжаттарды қабылдау не түсу күні болып есептеледі.
Сонымен қатар, мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектікке байланысты зейнетақы төлемдерін алуға өтініш берген кезде өтінішке QR-кодтың көмегімен қол қоюға болады.
Бұл үшін enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетке кіру керек, сол жерде көрсетілген қызметтерді таңдау кезінде «QR-мен қол қою» батырмасы қосылған. Аталған қол қою тәсілі eGov mobilе қосымшасымен интеграциялау негізінде іске асырылып отыр, сондықтан пайдаланушы бұл қосымшаны өз ұялы телефонына орнатып, авторизациялануы керек. «QR-мен қол қою» батырмасын басқаннан кейін БЖЗҚ серверіне сілтеме беретін QR-код құрылады. Аталған QR-кодты eGov mobile мобильді қосымшасының көмегімен сканерлеу керек, мобильді қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында QR-кодтарды оқуға арналған белгіше бар.
QR-кодты сканерлегеннен кейін қол қойылатын құжатты көрсететін терезе ашылады. Әрі қарай, «Қол қою» батырмасын басып, пайдаланушы құжатқа қол қоюды аяқтауы керек. Нәтижесінде «Қол қою сәтті аяқталды» деген хабарлама шығуы керек: зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтінішті «Менің өтініштерім» бөлімінен көруге болады. Сонымен қатар, БЖЗҚ-ға өтінішті пошта арқылы немесе үшінші тұлға (сенім білдірілген адам /заңды өкіл) арқылы жіберуге болады.
БЖЗҚ-ға тапсыру тәсіліне қарай барлық қажетті құжаттардың өзекті тізбесі мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.enpf.kz/kz/services/vyplaty/57494/
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы төлемін алуға өтініш берген күн болып, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін - БЖЗҚ-да құжаттарды қабылдау не түсу күні есептеледі.
БЖЗҚ егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын МЗЖ салымшыларының, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың зейнетақы төлемдерінің сомасын – БЖЗҚ-да құжаттарды қабылдаған не түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде аударады.
Зейнетақы жинақтарының төлемдері тек зейнетақы төлемдерін алушының өзінің банктік шотына төленетінін назарда ұстаңыз.
Толығырақ ақпарат, оның ішінде қажетті құжаттардың тізімі БЖЗҚ-ның https://www.enpf.kz/kz/ сайтында ұсынылған.
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедектігі бар адамдар болып табылатын;
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігін зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі - алушы) БЖЗҚ зейнетақы қағидаларына сәйкес өз бетінше белгілейді.
Елу жасқа толған алушы не мүгедектігі бар адам БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін жеке өзі жүгінген кезде БЖЗҚ-ға келесі құжаттарды ұсынады:
1) алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін):
2) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.
Сондай-ақ, егер электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болған жағдайда Сіз https://www.enpf.kz/kz/ интернет-ресурсында «Жеке кабинет», әрі қарай «Жеке тұлғаның кабинеті» бөлімінде, «Қызметтер», әрі қарай «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» шағын бөлімінде зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш бере алатыныңызды хабарлаймыз.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері алушының жеке зейнетақы шотындағы сомалар шегінде:
- алушы белгілеген тәртіппен ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын немесе 50 жастан асқан адамдар мен мүгедектер үшін толық көлемде бір рет;
- Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға толық көлемде бір рет жүзеге асырылады.
Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
Біздің филиалдарымыздың жұмыс тәртібі мен түзімі, сондай-ақ орналасқан жері туралы өзекті ақпаратпен Интернеттегі https://www.enpf.kz/kz/ web-сайтында, «Байланыстар», әрі қарай «Өңірлік желі» бөлімінде не болмаса келесі https://www.enpf.kz/kz/contacts/tsentralnyy-apparat/ сілтемесі бойынша танысуға болады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұру жері-не кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұру жеріне (ҚР-дан тыс ТТЖ) кетумен байланысты БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.
Зейнетақы жинақтары төлеміне берілетін құжаттар БЖЗҚ-ға келесі тәсілдердің бірімен ұсынылуы мүмкін:
- жеке өзі жүгінген кезде;
- пошталық байланыс арқылы;
- үшінші тұлға (сенім білдірілген тұлға) арқылы. Бұл ретте құжаттар сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі жүгінген кезде ғана қабылданады.
Өтініш нысанының қолданыстағы нысаны жарна түріне қарай, және әмбебап сенімхаттың үлгісі келесі сілтеме бойынша https://www.enpf.kz/kz/services/samples/ орналасқан. Өтінім нысаны валюта түріне байланысты
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды БЖЗҚ-ның «Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру» электрондық қызметін пайдалана отырып келесі сілтеме бойынша: https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/checkdoc.php алдын ала тексеруге болады.
Назар аударыңыз:
Құжаттарды алған кезде БЖЗҚ өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және оның жарамдылығы туралы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен (ЖТ МДҚ) мәліметтерді сұратады.
Өтініш берген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күшінің жойылуына байланысты не болмаса Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтуға, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайда БЖЗҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың БЖЗҚ-ға қабылданған не түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің бар екендігі және жарамдылығы туралы мәліметтер алынған жағдайда БЖЗҚ салымшы жүгінген күні БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен айқындалған нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде алушыға бас тарту себебін көрсете отырып, хабарлама жіберу арқылы құжаттарды қабылдаудан не өтінішті орындаудан бас тартады.
Зейнетақы жинақтары алушының өзінің банктік шотына ғана, оның ішінде әрекетке қабілетсіз / әрекетке қабілеті шектеулі, кәмелетке толған адам зейнетақы төлемдерін алушы болған жағдайда ғана төленеді. Заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ сенім білдірілген өкілдің банктік шотына зейнетақы жинақтарын төлеуге жол берілмейді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстау тәртібі туралы толық ақпарат «Қызметтер» - «Зейнетақы жарналары мен төлемдеріне салық салу» бөлімінде орналастырылған.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұру жеріне кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы төлемдері белгіленген құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бір рет төленеді.
Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 1-бабының 13) тармақшасына сай шетелдік паспорт – шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат. Тиісінше, егер сенім білдірілген тұлға шетелдік болса, онда БЖЗҚ-ға шетелдік паспортты ұсыну қажет (шетелдіктің, оның ішінде Ресей Федерациясы азаматының ішкі паспорты қарастырылмайды).
Егер тұрғылықты мемлекетте шетелдік паспорттардың және өзге де құжаттардың көшірмелеріне нотариаттық куәландыру жүргізілмесе, растайтын құжат (құжаттың көшірмесін куәландырудан бас тарту туралы нотариустың қаулысы не осы деректі растайтын уәкілетті мемлекеттік органның анықтамасы, не басқа құжат) ұсынылуы тиіс. Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішке шетелдік паспорттың нотариат куәландырған көшірмесі талап етілетін барлық жағдайларда, егер нотариустың куәландыру жазбасында: «Көшірмелердің түпнұсқамен дәлдігін куәландырамын» деген сөздері болған жағдайда, негізгі деректемелері, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және берген органы, қолданылу мерзімі көрсетілген беттері бар шетелдік паспорттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға жол беріледі. Шетелдік паспорттан алынған нотариат куәландырған үзінді көшірме қарастырылмайды.
Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттарды, оның ішінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәлікті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген жағдайда, сондай-ақ құжаттың көшірмесінің дұрыстығын түпнұсқамен куәландыру, алушының өтініштегі қолының түпнұсқалығын, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шет мемлекетте жүргізілген жағдайда көрсетілген құжаттар, сондай-ақ куәландырушы жазбалар мен олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармалары «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін құжаттарды заңдастыру қағидаларына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған өзге де халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға жатады.
Шет тілінде жасалған, ұсынылатын құжаттарды мемлекеттік не орыс тіліне аудару қажет, оның ішінде қажет болған жағдайда шетелдік нотариус пен аудармашының барлық куәландырушы жазбаларын заңдастыру қажет.
Шетелдік паспортты алу кезінде алушының деректемелері өзгерген жағдайда, атап айтқанда: тегі, аты, бар болса - әкесінің аты өзгерген жағдайда құжаттар тізбесіне шетелдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтай отырып ресімделген, негізгі деректемелердің өзгеру фактісін растайтын төмендегі құжаттардың бірінің түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін қосымша ұсыну қажет:
- Қазақстан Республикасының уәкілетті органының анықтамасы;
- шет мемлекеттің уәкілетті органының анықтамасы;
- тегін/атын/әкесінің атын өзгерту туралы куәлік/анықтама;
- неке қию/бұзу туралы куәлік;
- деректемелердің өзгеру фактісін растайтын өзге де құжат.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №11-1-2/576 Бұйрығымен бекітілген Құжаттарды заңдастыру қағидасының 2-тармағына сәйкес құжаттарды заңдастыру құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында лауазымды адамның қолы мен құжаттардағы мөрдің түпнұсқалығын анықтау және куәландыру болып табылады. Заңдастыру жазбасы құжаттың өзінде, ал құжатта орын болмаған жағдайда – құжатпен бекітіліп берілетін жеке парақта құжатты заңдастырған адамның мөрі мен қолы қойылып, жасалады.
1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына (Қазақстан Республикасы үшін 2001 жылғы 30 қаңтарда күшіне енген шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабының күшін жоятын конвенция) қатысушы елдердің органдары мен лауазымды адамдарынан шығатын ресми құжаттар заңдастырылудан босатылады және алушының тұрақты тұратын елінде апостильдеуге жатады.
Апостильді (Гаага конвенциясына қосымша болып табылатын белгілі бір үлгідегі мөртабанды) құжат жасалған мемлекеттің құзыретті органы құжаттың өзінде немесе құжатпен бекітіліп берілетін жеке парақта қояды. Тиісті түрде толтырылған апостиль құжатқа қол қойған адамның қолтаңбасының түпнұсқалығын, сапасын және тиісті жағдайда осы құжатты бекіткен мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалығын куәландырады.
1993 жылғы 22-қаңтардағы Минск конвенциясына және 2002 жылғы 7 қазандағы Кишинев конвенциясына (Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенция) қатысушы елдердің органдары мен лауазымды адамдарынан шығатын ресми құжаттар алушының тұрақты тұратын елінде апостиль қоюдан босатылады, бірақ мекемелер немесе олардың құзыреті шегінде (белгіленген нысан бойынша) арнайы уәкілетті тұлға куәландырады және Минск немесе Кишинев конвенцияларына қатысушы елдің елтаңбалық мөрімен бекітіледі.
Егер органдар мен лауазымды адамдардан шығатын ресми құжаттарды Гаага не Минск немесе Кишинев конвенцияларына қатысушы елдердің тізбесіне кірмейтін шет мемлекет не Қазақстан Республикасымен Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы жасаған шарттары бар елдер берген жағдайда, бұл құжаттар жоғарыда көрсетілген тәртіппен заңдастырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қамтамасыз етiледi.
БЖЗҚ-ға келесі құжаттар: алушының нотариат куәландырған қолымен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш/нотариат куәландырған сенімхат/шетелдік паспорттың/азаматтығы жоқ адамның куәлігінің және басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылған жағдайда құжаттардың мемлекеттік не орыс тілдеріне аудармасы, оның ішінде алушының тұрғылықты мемлекетінде шет тілінде жасалған шетелдік нотариустың немесе өзге де уәкілетті тұлғаның және аудармашының барлық куәландырушы жазбаларының (оның ішінде нотариустың зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште алушының қолының түпнұсқалығын куәландырғаны туралы) мемлекеттік не орыс тіліне аудармасы болуы қажет.
Бұл ретте, егер алушының тұрғылықты мемлекетінің заңнамасында өзгеше көзделмесе, аударма тігілуі (аударма жасалған құжатпен бірге бекітілуі) тиіс, ал құжаттардың тігілген немесе бекітілген орны нотариустың немесе өзге де уәкілетті тұлғаның мөрімен куәландырылуы тиіс. Сондай-ақ шетелдік нотариустың жасаған барлық нотариаттық іс-әрекеттері, оның ішінде алушының, аудармашының қолын куәландыру, құжаттардың көшірмелерінің дұрыстығын куәландыру, сенімхатты куәландыру кезінде жасалған іс-әрекеттер заңдастырылуға не апостильдеуге жатады.
Қазақстан Республикасының аумағында заңдастырылған не апостиль қойылған құжаттар аударылған жағдайда аудармашының қолы немесе нотариус немесе өзге уәкілетті тұлға жасаған аударманың дұрыстығы нотариалды куәландырылады.
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері (2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап: 3932*94 = 369 608 теңге) шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізетіні белгіленген.
Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне төленеді.
Жерлеуге арналған біржолғы төлем құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төленеді;
Жерлеуге арналған біржолғы төлемді алуға қажетті құжаттар тізімімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/vyplaty/57497/
Отбасы үшін ауыр жағдайда отырғандарға жаңа қызметтің енгізілуіне байланысты жерлеуге қажетті соманы алуға өтінішті енді онлайн форматта рәсімдеуге мүмкіншілік бар.
Ол үшін қайтыс болған адамның жақын туыстары веб-сайттағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшадағы «Қызметтер» бөліміндегі «Алушының қайтыс болуына (жерлеуге) байланысты төлемге өтініш беру» қойындысын таңдауы қажет.
Әрі қарай, ашылған терезеде қайтыс болған адамның ЖСН-ін енгізу қажет, онда мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде (МО АЖ) қайтыс болу туралы мәліметтердің бар-жоқтығына және туыстық байланыстарды растау тәртібіне тексеру жүргізіледі.
Егер МО АЖ-да жеке тұлғаның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаса – тиісті хабарлама шығады. Егер қайтыс болу дерегі расталса, туыстық байланыстардың бар-жоғын тексеру жүзеге асырылады. Расталған жағдайда, келесі кезеңге – алушының банктік деректемелерін енгізуге көшу орын алады. Толтырылғаннан кейін көрсетілген банктік деректемелердің дұрыстығын «тексеру» батырмасын басу арқылы тексеру және электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою қажет.
Ұялы қосымшаны пайдаланған кезде өтінішке «eGOV mobile» қосымшасы арқылы ЭЦҚ-ның көмегімен қол қою қажет.
МО АЖ-да жерлеуге ақы төлеуге өтініш білдірген адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланыстары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, өтініш беруші растаушы құжаттарымен БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесіне жүгінуі тиіс. Жерлеуге арналған төлемді ресімдеуге қажетті құжаттар тізбесі enpf.kz сайтындағы "Қызметтер"/«Зейнетақы төлемдері»/«Мұрагерлерге және жердеуге».
БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Бұл өсиетхат бойынша мұра болуы мүмкін, оған отбасы мүшелері болып табылмайтын адамдар да кіруі мүмкін. Егер өсиетхат жасалмаса, онда зейнетақы жинақтарын мұрагерлікке алу қайтыс болған адамның кез келген басқа мүлкіне қатысты ережелер бойынша отбасы мүшелері арасында жүзеге асырылады. Жақын туыстар (әйелі/күйеуі, балалары, ата-аналары) «заң бойынша бірінші мұрагерлер» деп аталады.
Одан кейінгі кезек бірінші кезектегі мұрагерлер болмаған жағдайда азаматтық заңмен белгіленеді. Мұрагер/мұрагерлер құжаттардың тізбесін толық ұсынса, БЖЗҚ төлемді БЖЗҚ құжаттарды алған немесе құжаттар түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүргізеді. Қаражат тек мұрагердің/мұрагерлердің банктік шотына түседі.
Алушының қайтыс болуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерге (жерлеуге және мұрагерлерге) қатысты толық ақпаратпен Сіз https://www.enpf.kz/kz/services/vyplaty/57497/ мекенжайы бойынша БЖЗҚ-ның корпоративтік веб-сайтында таныса аласыз.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес, егер өсиетхат бойынша да, заң бойынша да мұрагерлер болмаса немесе олардың ешқайсысының мұраға құқығы болмаса немесе олардың барлығы мұрадан бас тартса, мұра иесіз қалған мүлік деп танылады.
Иесіз қалған мүлік мұраның ашылу орны бойынша коммуналдық меншікке өтеді.
Коммуналдық меншікке өткен иесіз мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган жүзеге асырады.
Зейнетақы жинақтарын иесіз қалған мүлік деп тану туралы, заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, БЖЗҚ-ға мынадай құжаттар ұсынылады:
- заңды күшіне енген сот актісі;
- банктік шот туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарын алу үшін сот актісі бойынша жүгінген адамдарға зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде төленеді.
МЗЖ салымшысының, өзіне МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының, нысаналы талаптарға қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болуына байланысты төлемдерді алу үшін қажетті құжаттардың ағымдағы тізімімен БЖЗҚ сайтында келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/vyplaty/57497/
Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттарды, оның ішінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәлікті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген жағдайда, сондай-ақ құжаттың көшірмесінің дұрыстығын түпнұсқамен куәландыру, алушының өтініштегі қолының түпнұсқалығын, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шет мемлекетте жүргізілген жағдайда көрсетілген құжаттар, сондай-ақ куәландырушы жазбалар мен олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармалары «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін құжаттарды заңдастыру қағидаларына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған өзге де халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға жатады.
Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемнің мұрагері немесе қайтыс болған адамның мұрагері шетелдік, оның ішінде сенім білдірілген тұлға, мұрагердің заңды өкілі болып табылған жағдайда, мұрагердің/сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат ретінде БЖЗҚ-ға мемлекеттік не орыс тіліне аударылған және қажет болған жағдайда нотариат куәландырған және заңдастырылған шетелдік паспорт ұсынылады, бұған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайлар қосылмайды.
ЖМЗЖ – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен агенттердің шартты зейнетақы шотына өз қаражаты есебінен аударған ақшасы.
ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері агенттің және (немесе) өзі үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаның меншігі болып табылмайды, мұраға қалмайды, БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде алынбайды, ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударылмайды, мемлекеттік кепілдік берілмейді.
ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай өзі үшін ЖМЗЖ аударылған жеке тұлғаларға:
1) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған адамдар үшін;
2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін беріледі.