Сұрақ - жауап
Зейнетақы жүйесі
БЖЗҚ-ның https://kids.enpf.kz/ сайтындағы «Қатысушыны іздеу» бөліміне баланың ЖСН енгізіп, «Тексеру» батырмасын басу керек.
Бала нысаналы талаптарға қатысушы болған есепті жыл және оның нысаналы талаптарының жалпы сомасы көрсетілген ақпарат беріледі.
ЖСН-ның дұрыс енгізілгенін тексеру қажет.
Егер ЖСН дұрыс көрсетілсе және кәмелетке толмаған бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылса, бала туралы мәліметтер «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорында болмауы мүмкін. Баланың ата-анасына немесе басқа заңды өкіліне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (ХҚКО) жүгінуге кеңес береміз.
«Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін БЖЗҚ балаға нысаналы талаптар мен инвестициялық кірісті 2026 жылғы ақпанда өткізіп алған кезеңді ескере отырып, толық көлемде есептейді.
Нысаналы жинақтау шоты бала кәмелетке толған жылы ашылады. Бұған дейін тек нысаналы талаптар есептелетін болады.
БЖЗҚ-ның https://kids.enpf.kz/ сайтындағы «Қатысушыны іздеу» бөліміне баланың ЖСН енгізіп, «Тексеру» батырмасын басу керек. Бала нысаналы талаптарға қатысушы болған есепті жыл мен өтініш білдірген жылға нысаналы талаптардың жалпы сомасы көрсетілген ақпарат көрінеді.
Нысаналы талаптарды есепке алу АҚШ долларымен жүргізіледі. Сондай-ақ, мәлімет үшін ағымдағы күнге ҚРҰБ бағамы бойынша ұлттық валюта – теңгемен жасалған есеп те ұсынылады.
Маңызды!!! Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс оларға пайдалану құқығынсыз есептелетін болады!
Егер ЖСН көрсетілген жеке тұлға ҚР азаматы болып табылмаса, демек, оның ҚР заңнамасына сәйкес нысаналы талаптарға құқығы жоқ.
БЖЗҚ-ның https://kids.enpf.kz/ сайтындағы «Қатысушыны іздеу» бөліміне баланың ЖСН енгізіп, «Тексеру» батырмасын басқан кезде «Жеке тұлға ҚР азаматы емес, сондықтан оның ҚР заңнамасына сәйкес нысаналы талаптарға құқығы жоқ» деген ақпарат беріледі.
БЖЗҚ-ның https://kids.enpf.kz/ сайтындағы «Қатысушыны іздеу» бөліміне баланың ЖСН енгізіп, «Тексеру» батырмасын басқан кезде «Осы ЖСН бойынша нысаналы жинақ шоты (НЖШ) ашылып, оған нысаналы жинақтар есептелді» деген ақпарат беріледі.
18 жасқа толғаннан кейін алушы оларды уәкілетті операторға жүгіну арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу үшін пайдалана алады.
Алушы өзінің нысаналы жинақ шотынан үзінді көшірмені БЖЗҚ интернет-ресурсындағы жеке кабинеті арқылы ала алады, онда ол электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып кіруі керек.
Бала бағдарламаның қатысушысы болып табылады. Бала 2025 жылы туылғандықтан, оған нысаналы талаптар 2026 жылдың ақпан айынан кешіктірілмей беріледі.
2006 жылдың 01 қаңтарына дейін туылған жеке тұлға Нысаналы талаптарға қатысушы бола алмайды.
«Ұлттық қор–балаларға» бағдарламасына Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап туылған азаматтары ғана қатысады.
Бала бағдарламаның қатысущысы болып табылады. Ол туралы ақпарат 2025 жылы «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорында өзектендірілгендіктен, өтіп кеткен кезеңді ескере отырып, нысаналы талаптар және (немесе) нысаналы жинақтар оған 2026 жылғы ақпанда толық көлемде есептелетін болады (қажет болған кезде).
2023 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қатысушысы бола алады. Келесі жылдары туылған балалар да автоматты түрде бағдарламаның қатысушысы болады.
Жыл сайын балаларға есепті жылдан кейінгі жылдың басында бағдарламаға қатысқан әрбір жылы үшін Ұлттық қордан он сегіз жасқа толғанға дейін инвестициялық кірісті қоса алғанда, нысаналы талаптар түріндегі қаражат есептелетін болады.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес нысаналы жинақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында беріледі. Төлемдер бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін қол жетімді.
Нысаналы жинақ төлемдерін пайдаланудың егжей-тегжейлі шарттары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін нысаналы жинақ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім беру ақысын төлеу мақсатында пайдаланудың тиісті қағидаларында реттелген.
Бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл өткен соң қатысушының пайдаланбаған нысаналы жинақ сомасы БЖЗҚ-да қалады және нысаналы жинақтаушы шоттан оның ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ашылған жеке зейнетақы шотына аударылады.
Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес нысаналы талаптар мен нысаналы жинақты есепке алу АҚШ долларында жүргізіледі.
Нысаналы жинақ төлемдері нысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті операторларда АҚШ долларында өздері ашатын банктік шоттарына есептеледі.
Заңның 7-6-бабының 3-тармағына сәйкес нысаналы талаптарға қатысушының не нысаналы жинақтарды алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы нысаналы жинақтарды төлеуден бас тартуға негіз болып табылады.
Егер 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл өткеннен соң бағдарламаға қатысушы нысаналы жинақ қаражатын пайдаланбаған болса, нысаналы жинақтардың төлемдерін салық салудан босату сондай-ақ оларды ерікті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотына жіберу туралы Салық кодексіне толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне (ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім), ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне, ҚР Азаматтық процестік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚРЗ, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚРЗ, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚРЗ) қандай да бір шектеулер белгілеуге тыйым салатын нормалар енгізілді.
Салымдар:
- банк шоттарындағы ақшаға тыйым салу;
- банк шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолдану;
- банк шоттарындағы ақша қаражаты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
- клиенттің (жинақты алушының) келісімінсіз ақшаны алып қою;
- банктегі ақшаға билік етуді уақытша шектеуді қоса алғанда, қолсұғушылықтың кез келген түрінен қорғалған.
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе оның заңды өкілдері жасалған есептеулер туралы ақпаратты электрондық үкіметтің eGov mobil мобильді қосымшасынан, сондай-ақ https://kids.enpf.kz/ сайтынан қарай алады.
Бала он сегіз жасқа толғанда оған БЖЗҚ-да нысаналы жинақтарды алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алатын нысаналы жинақтау шоты ашылады.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңда уәкілетті операторларға кімнің жататыны туралы ұғым мен БЖЗҚ уәкілетті операторлармен өзара іс-қимыл жасау бойынша міндеттер ғана бекітілген.
Осылайша, Заңда екінші деңгейдегі банктерге ешқандай шектеу қойылмаған, БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Қазақстанның кез келген екінші деңгейдегі банкі қатыса алады.
Электрондық үкіметтің eGov mobil мобильді қосымшасында бала туралы деректер болмаған жағдайда ХҚКО-ға жүгіну қажет.
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметі бөліміне жүгіну және қажетті құжаттардың тізімін алу қажет.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы нысаналы талаптарға қатысушы болып табылады.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін бала «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатыса алады.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын (2023 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) барлық балалар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына енгізілген және оның қатысушысы болып табылады.
2025 жылы 18 жасқа толатын балалар (бала әлі 18 жасқа толмаған жылы) аударылған нысаналы талаптарын өздерінің БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына есептелетін нысаналы жинақтар түрінде алады.
2024 жыл бойынша бір балаға арналған нысаналы талаптардың сомасы Қазақстан азаматы болып табылатын балалардың саны бойынша деректерге (2024 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) және Ұлттық қордан есептелген балаларға арналған нысаналы талаптардың жалпы сомасы бойынша Ұлттық Банктен алынған ақпаратқа негізделе отырып есептелді.
Ұлттық қордың активтері ұзақ мерзімді негізде инвестицияланады және инвестициялау нәтижелері әртүрлі нарықтық факторлар әсер ететін қаржы нарықтарындағы жағдайға тәуелді. Сондықтан Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің жекелеген кезеңдердегі инвестициялық кірістілігінің ықтимал төмендеуін бейтараптандыру үшін ол есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады.