Сұрақ - жауап
Зейнетақы жүйесі
БЖЗҚ-да атына жеке зейнетақы шоты және (немесе) шартты зейнетақы шоты және (немесе) нысаналы жинақ шоты ашылған жеке тұлға (бұдан әрі - Жеке тұлға) БЖЗҚ-ға БЖЗҚ-ның міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабарлауға міндетті. БЖЗҚ-ның міндеттемелерін орындауына әсер ететін өзгерістерге келесілер жатады:
БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында тіркелу, электрондық таратылымдарды алу, жинақтардың жай-күйі туралы мәліметтерді алу мақсатында БЖЗҚ-ға бұрын ұсынылған тұрғылықты жерінің мекенжайы,
-электрондық мекенжайы (e-mail), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірі бойынша өзгерістер;
-төлемдерді алушының төлемге берілген өтініште көрсетілген банк деректемелері бойынша өзгерістер.
Көрсетілген деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін көрсеткен кезде (сәйкестендіру үшін) енгізіледі:
жеке тұлға немесе оның сенім білдірілген адамы БЖЗҚ кеңсесіне жеке өтініш жасаған кезде;
жеке тұлға немесе оның заңды өкілі пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы жүгінген кезде (электрондық пошта мекенжайын және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірін өзгерту үшін жүгінген жағдайларды қоспағанда);
жеке тұлға БЖЗҚ-ның интернет-ресурсындағы жеке кабинет арқылы жеке өтініш жасаған кезде.
Сенім білдірілген адам жүгінген жағдайда қосымша нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшірмесі, атына шот ашылған Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылады.
Құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде аталған құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: БЖЗҚ сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ-ға қызметтер бойынша жүгінген кезде, сенім білдірушінің өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге берген келісімі міндетті түрде сенімхатта көрсетілуі қажет екендігі туралы хабарлайды! Әмбебап сенімхат үлгісін қараңыз!
Бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл өткен соң қатысушының пайдаланбаған нысаналы жинақ сомасы БЖЗҚ-да қалады және нысаналы жинақтаушы шоттан оның ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ашылған жеке зейнетақы шотына аударылады.
Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес нысаналы талаптар мен нысаналы жинақты есепке алу АҚШ долларында жүргізіледі.
Нысаналы жинақ төлемдері нысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті операторларда АҚШ долларында өздері ашатын банктік шоттарына есептеледі.
Заңның 7-6-бабының 3-тармағына сәйкес нысаналы талаптарға қатысушының не нысаналы жинақтарды алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы нысаналы жинақтарды төлеуден бас тартуға негіз болып табылады.
Егер 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл өткеннен соң бағдарламаға қатысушы нысаналы жинақ қаражатын пайдаланбаған болса, нысаналы жинақтардың төлемдерін салық салудан босату сондай-ақ оларды ерікті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотына жіберу туралы Салық кодексіне толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне (ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім), ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне, ҚР Азаматтық процестік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚРЗ, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚРЗ, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚРЗ) қандай да бір шектеулер белгілеуге тыйым салатын нормалар енгізілді.
Салымдар:
- банк шоттарындағы ақшаға тыйым салу;
- банк шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолдану;
- банк шоттарындағы ақша қаражаты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
- клиенттің (жинақты алушының) келісімінсіз ақшаны алып қою;
- банктегі ақшаға билік етуді уақытша шектеуді қоса алғанда, қолсұғушылықтың кез келген түрінен қорғалған.
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе оның заңды өкілдері жасалған есептеулер туралы ақпаратты электрондық үкіметтің eGov mobil мобильді қосымшасынан, сондай-ақ https://kids.enpf.kz/ сайтынан қарай алады.
Бала он сегіз жасқа толғанда оған БЖЗҚ-да нысаналы жинақтарды алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алатын нысаналы жинақтау шоты ашылады.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңда уәкілетті операторларға кімнің жататыны туралы ұғым мен БЖЗҚ уәкілетті операторлармен өзара іс-қимыл жасау бойынша міндеттер ғана бекітілген.
Осылайша, Заңда екінші деңгейдегі банктерге ешқандай шектеу қойылмаған, БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Қазақстанның кез келген екінші деңгейдегі банкі қатыса алады.
Электрондық үкіметтің eGov mobil мобильді қосымшасында бала туралы деректер болмаған жағдайда ХҚКО-ға жүгіну қажет.
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметі бөліміне жүгіну және қажетті құжаттардың тізімін алу қажет.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы нысаналы талаптарға қатысушы болып табылады.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін бала «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатыса алады.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын (2023 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) барлық балалар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына енгізілген және оның қатысушысы болып табылады.
2025 жылы 18 жасқа толатын балалар (бала әлі 18 жасқа толмаған жылы) аударылған нысаналы талаптарын өздерінің БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына есептелетін нысаналы жинақтар түрінде алады.
2024 жыл бойынша бір балаға арналған нысаналы талаптардың сомасы Қазақстан азаматы болып табылатын балалардың саны бойынша деректерге (2024 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) және Ұлттық қордан есептелген балаларға арналған нысаналы талаптардың жалпы сомасы бойынша Ұлттық Банктен алынған ақпаратқа негізделе отырып есептелді.
Ұлттық қордың активтері ұзақ мерзімді негізде инвестицияланады және инвестициялау нәтижелері әртүрлі нарықтық факторлар әсер ететін қаржы нарықтарындағы жағдайға тәуелді. Сондықтан Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің жекелеген кезеңдердегі инвестициялық кірістілігінің ықтимал төмендеуін бейтараптандыру үшін ол есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады.
Жыл сайын «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша балаларға Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің инвестициялық кірісінің 50% есептеледі. Есептеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚР ҰБ) жүзеге асырады. Бұл ретте Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігін инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады. Сонымен қатар, өткен жылдардағы балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында АҚШ долларымен инвестициялануды жалғастырады. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.
Осылайша, балалардың жыл сайынғы сомасы Ұлттық қордың инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша айқындалатын болады.
БЖЗҚ инвестициялық кірістің жалпы сомасын (балалардың шоттарына есептеу үшін ҚР ҰБ жыл сайын айқындайтын) және Қазақстан азаматтары болып табылатын барлық балалардың санын негізге ала отырып, әрбір есепті жыл үшін Бағдарламаға қатысушы әрбір балаға нысаналы талаптардың сомасын есептейтін болады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, болашақта 18 жасқа толған әр балаға төленетін нысаналы жинақтар сомасы қандай болатынын алдын-ала нақты есептеу мүмкін емес. Ол Ұлттық қордың жинақталған активтерінің көлемімен, оның тарихи инвестициялық кірістілігі бойынша нәтижелермен және Бағдарламаға қатысушы балалардың санымен айқындалатын болады.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы білім алу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту мәселелерін шешуге ықпал ететін жалғыз бағдарлама емес.
2013 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі (бұдан әрі - МБЖЖ) жұмыс істейді. Оның көмегімен Қазақстанда да, шетелде де ақылы кәсіптік және жоғары білім алу үшін ақша жинауға болады.
Бұл жүйе ата-аналарға бала туылғаннан бастап оның оқу ақысын төлеуге қаражат жинауға мүмкіндік береді. Қазақстанның кез келген азаматы өзіне немесе екінші деңгейдегі банкте баланың атына білім беру салымын аша алады немесе сақтандыру компаниясымен білім беру жинақтаушы сақтандыру шартын жасаса алады, сондай-ақ, инвестициялық кіріске қоса мемлекеттің сыйақысын қосымша жыл сайын ала алады. Мемлекет МБЖЖ-ның барлық салымшылары үшін іс жүзінде білім алу шығындарын төлеуге жинақ қалыптастыруды қаржыландырады. Осылайша, МБЖЖ-дағы жинақтар «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы бойынша берілетін жинақтармен бірге оқу ақысын төлеуге және білім алуға көмектесе алады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша нысаналы жинақтар «Отбасы Банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыруға бағытталуы немесе түрлі ипотекалық бағдарламалар бойынша қаражатқа қосылуы мүмкін.
• банктік шоттардағы ақшаны қамауға алу немесе өндіріп алу;
• банктік шоттардағы қаражаттар бойынша шығыс операцияларын тоқтату;
• жинақты алушының келісімінсіз ақшаны алу;
• банктегі ақшаға қолдануды уақытша шектеу;
• жеке табыс салығы ретінде салық салу тыйым салынады.
Ұлттық қордан нысаналы жинақтарды БЖЗҚ-ға аударғаннан кейін АҚШ долларындағы нысаналы жинақтар қаржы құралдарына инвестицияланбайды және нысаналы жинақтарды алушылардың немесе мұрагерлердің алуы үшін қолжетімді болады.
Мемлекеттік жәрдемақы алатын балалар (мысалы, мүгедектік бойынша, көп балалы отбасылар) «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына барлық балалармен тең дәрежеде қатысады.
Жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе оқу ақысын төлеу мақсатында мақсатты жинақ төлемдерін беру қолданыстағы заңнамада көзделмеген.
Нысаналы талаптардың қатысушылары тізіміне енгізілмеген және нысаналы талаптардың қатысушыларының жалпы санын есептеу кезінде есепке алынбаған, бірақ нысаналы талаптардың қатысушысы болуға құқығы бар тұлғалар жүгінген кезде нысаналы талаптар өтініш берілген жылдан кейінгі жылы өткізіп алған (өткізіп алған) кезең (кезеңдер) үшін есептеледі.
Бұл ретте заңды өкілдерге ұсынатынымыз:
келесілерді тексеру:
балада жеке басын куәландыратын құжаттың болуын (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі);
жеке басын куәландыратын құжатта деректемелердің (аты-жөні, т. б., ЖСН, азаматтығы) болуын және олардың дұрыстығын;
«электрондық үкімет» веб-порталындағы өзінің жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтердің болуын, тіркелуін және дұрыстығын;
егер балада:
жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) жүгіну қажет;
азаматтығы жоқ немесе анықталмаған немесе дұрыс көрсетілмеген болса, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну қажет.
БЖЗҚ-ның нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды жүргізу тәртібін бақылауды Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
БЖЗҚ «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан (ЖТ МДҚ) алынған мәліметтер негізінде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін дербес қалыптастырады.